Жүрек жұмысы жетіспеушілігінің жедел ағымды түрінде күтпеген жағдайда , бірден қатты басталатын ентігу, науқас түрінің кенеттен қуарып не болмаса цианоздың шығуы осымен қатар , қанның іркілу белгілері дамып,ішінің ауыра басталуы, мойынвеналарының кернеуі, дезадаптация шығуы болады.Қан айналысы мен жүрек жұмысының жедел бұзылуы миокардит,аритмия, жүрекке жасалған операциядан соң, пневмонияда, бронх демікпесінде , шамадан тыс артық қимылдардан,нәрестелерде іштен біткен жүрек ақауына сай гемодинамиканың өзгеруінен болады. Жүректің жедел ағымды жетіспеушілігі сол қарыншалық, оған тән жүрек астмасы мен өкпе ісінуі, болмаса бауырдың дереу үлкейіп , мойын тамырларының кернеуі қосылып шығатын оң қарыншалық варианттарымен дамиды. Екі қарыншалық (тотальдық) жүрек жетіспеушілігі балаларда кездесе қоймайды.