Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен


Өзара және өзін өзі тиімді бағалау



бет34/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Өзара және өзін өзі тиімді бағалау  
Өзара және өзін өзі бағалау дағдыларын дамытудың басты критерийлері:
• Оқудан күтілетін нәтижелер оқушыларға түсінікті және айқын болуға тиіс.
• Оқушылар табыс критерийлерінің кейбіреулеріне немесе бәріне жауап
беретіндіктерін түсінуге тиіс.
• Өзара бағалау кезінде оқушыларда ынтымақтастық дағдыларының қалыптасқандығы зерделенуі керек.
• Оқушылар неғұрлым тәуелсіз оқушы болу жолындағы өз білім алуының
қарқынын бағалауға тиіс.
Оқыту нәтижелері  
Өзара және өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту үшін мұғалімдер:
• оқушыларға өздерінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын қалай бағалау
керектігін үйретуге;
• сабақтарда өзара және өзін өзі бағалауды өткізу шараларын жоспарлауға;
• әрбір тапсырманы оқыту мақсаттарын және одан күтілетін нәтижелерді
түсіндіруге;
• оқушыларға олардың алдағы қадамдарын анықтауға көмектесуге;  
оқушылардың өз оқуына қатысты өзіндік талдау жүргізуін жүйелі түрде ынталан
дыруға;
• оқушыларға бағалау жүргізуге мүмкіндік беру үшін уақыт пен оны жүргізу жолдарын жоспарлауға тиіс.
Ауызша кері байланыс  
Кері байланыс үш бағытта жүреді:
• Мұғалімнен оқушыға мұғалім оқушыларға ағымдағы жетістіктерге және алдағы қадамдарға қатысты ақпарат береді;
Оқушыдан мұғалімге – мұғалім оқушылардан өздерінің оқуына қатысты
түсініктемелер алады;
• Оқушыдан оқушыға – өзара бағалау барысында.
Аталған бағыттардың барлығы маңызды, қажетті және бірбірімен өте тығыз байланысқан. Ауызша кері байланыс ұсынған кезде мұғалім алдағы уақытта оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастыруға тиіс.
Оқушылар ұсынған ауызша кері байланыстың кейбір артықшылықтары  
• Жеделдік және нақты жағдайға байланыстылығы – енді ғана туындаған қате
түсініктерді түзете алады және нақты оқу жағдайында қолданылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет