Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен



бет33/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
«Бағдаршам» әдісі  
Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына
қаншалықты жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді сұрайды.
• Жасыл – мақсатқа қол жеткізілді, сенімді алға жүреді.
• Сары – біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол
жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды.
• Қызыл – жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол туралы мұғалімге
мәлімдейді.
Бұл әдіс мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға, ал оқушыларға мұғалімнен
алдын ала көмек сұрауға мүмкіндік береді.
«Бас бармақты жоғары көтеру» әдісі  
Бұл оқушылардың жауаптарын жылдам қарап шығуға мүмкіндік беретін стратегия
– оқушылар өз жетістіктерін қалай сезінетінін көрсету мақсатында бас бармақтарын
жоғары көтереді, көлденең немесе төмен түсіреді.
• Бас бармақ жоғары – күтілетін нәтижеге қол жеткізгендігіне сенімді.
• Бас бармақ көлденең – біршама дәрежеде қол жеткізілді, бірақ одан да жақсы
нәтижеге жетуге болар еді.
• Бас бармақ төмен – жетістікке жетуде прогресс шамалы.
Жалпы шұғыл сұрақтарды пайдалана отырып өзін өзі бағалау  
Бұл оқушылардың өз жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын ұдайы бақылау
шеберлігін дамытуға жәрдемдеседі. Мұғалімдер төмендегі шұғыл сұрақтарды қолданаалады.
Сіздің пікіріңізше, жұмысыңыздың қандай салаларын жақсартуға болады және
неге?
• Сіз үшін ең күрделісі – не және Сіз қай жерден көмек ала аласыз?
Оқу күнделігі  
Оқушылар мақсаттарына жетуге қатысты өздерінің жеке табыстарын үнемі талдап
отырады (мысалы, әрбір үшінші сабақта). Оқушылардың күнделік жүргізу арқылы оқуды
бақылау дағдыларын дамыту үшін мұғалім жалпылама сұрақтарды ұсына алады,
оқушылар оларды ұдайы пайдалануға тиіс.
Күнделікке арналған сұрақтардың үлгілері:  
• Осы аптада сабақ үстінде біз не істедік? (пән бойынша)
• Осы аптада мен нені білдім/зерделедім?
• Қажетті ақпаратқа назар аудару үшін маған не қажет?
• Осы аптада мен неге қол жеткіздім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет