Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен



бет17/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология

Бақылау сұрақтары
1.Тесттің түрлері.
2.Тест тапсырмаларының формалары.
3.Оқу жүйесіндегі рейтинг- бақылау.
4.Оқудағы рейтинг технологиясының қызметі


Ұсынылған әдебиеттер
1.Абдикаримова Г.А.Бағалаудың өлшемдік технологиясы.-Алматы.-2019.-154Б.-Оқу құралы.

2.Турманова Ж.Е.Критериалды бағалау және оқушы білімін бағалау.-Алматы.-2019.-Оқу құралы

3.Кросноборова А.а.Критеиальное оценивание в школе .-2012.-Уч пособие.


4.Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие.-Астана: Национальная академия образования им И.Алтынсарина,2013.-80с.Уч.пособие.

ЛЕКЦИЯ №6


Тақырып: Оқудағы рейтингтік жүйенің құрылымдық элементтері мен ұстанымдары

ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ


01.Оқудағы рейтингтік жүйенің құрылымдық элементтері мен ұстанымдары.
2.Бақылаудың рейтингтік жүйесі.
3.Білім беру практикасында рейтингтік бақылау жүйесін қолдану

ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ


1.«Рейтинг» сөзіне анықтама
2.Рейтингтік жүйенің оқушы қызметіне әсер ететін артықшылықтары
3.Рейтингтік жүйенің мұғалім қызметіне әсер ететін ерекшеліктері
4. 100 балдық бағалау жүйесін дәстүрлі 5 балдық өлшемге келтіру
Оқушы еңбегін бағалаудың рейтингтік жүйесі жайында ұғым. Еліміздегі жаңа мазмұнды мектептердің іс-тәжірибесі білім жүйесіне жаңаша оқыту технологиясының енгізіле бастауы, оқушының іс-әрекетін жан-жақты бағалудың жаңа жүйесін енгізуді қажет етіп отыр. Ол рейтинтгтік жүйе. “Рейтинг” – жеке адамның сапалық жетістігін бағалаудың сандық көрсеткішін білдіретін, ағылшын сөзі. Педагогикаға спорт саласынан ауысып келген. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейімен білім қабілетін ертерек «бақылауға» мүмкіндік жасалады. Рейтингтік жүйенің артықшылықтары: Оқушы қызметтерінде:
1 оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді;
2 пәндерді оқытуды ізгілендіруге жәрдемдеседі;
3 оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы қалыптасады.
4 Рейтингілік бақылау қызметі диагностикалық тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы рольде атқара алады.
5 Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ойы әрекетінің сипаттамаларын (тапсырманы) орындау теңдігі, түсіну тереңдігі әрекетінің сипаттамаларын тапсырманы орындау т.б көрсететін жүйелі байланыстың сапасы артады;
6 жұмыс нәтижесі мен мінез-құлқын дұрыс бақылап-бағалау дағдысын қалыптастырады;
7 ырықты зейінін тәрбиелеп жетілдіруге ықпал етеді;
Мұғалім қызметтерінде:
1 Оқушының орындауындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен тәсілдерін алдын-ала белгілі бір жүйеге келтіру мүмкіндігі бар.
2 Бақылау үлгілерін бағалаудың қылыпты критерийлерін жасау;
3 Оқу қызметін тиімді ұйымдастыру меноған түзету жасау тәсілдерін меңгеру;
4 Оқушының білім деңгейін бағалау анықтауды компьютермен жұмыс істеу дағдысын меңгеру;
5 Сыныптағы әрбір оқушы үшін жаңа көңіл-күй ахуалын қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыруы тағы басқа педагогикалық қызметтің орнығуына жағдай жасау.
Қазіргі жаңашыл педагогтардың алға қойған топтық және жекеше жұмыс әдісі біздің тәжірибемізде күнделікті орын алып отыр. Белгілі ғалым В.П.Беспальконың айтуынша, бұл әдістің мақсаты оқушыға сенім білдіруді, оның жауапкершілігін артуын іске асырады. Ең негізгісі өзімен өзін салыстырады.
Оқушыларға сабақтан тыс кезде өздіктерінен тапсырмаларды орындауға жағдай жасау арқылы дамыту ұстамы іске асады, демек, өткен тақырып бойынша жоғары балдық мүмкіндік туады.
Мемлекеттік білім стандартына сай келетін репродуктивті деңгейді оқушы пәнге берілген максимал балдың жартысынан аздап асады. (50-60). Қазіргі мықты оқушылардыңбілімінің сапасы 75 балға тең. Ал одан жоғары эврикалық және шығармашылық деңгейлерге жету үшін кітаптағы дайын білім аздық етеді. Оған оқушы өз бетінше қосымша білім алса ғана, қолы жетеді. Қаламызда қазақ-түрік лицейлерінде де бағалау әдістері кеңінен қолданылып жүр. Ол әсіресе 100 балл жүйесімен бағаланады.
Дәстүрлі мектептердегі бағалауға қарағандағы бұл жүйенің ерекшелігі бір пән 3 сабақтан тұрады, яғни үш 45 минуттан тұрады. Дегенмен бір ғана пән оқушыны жалықтырмайтындай әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылады. Мысалы, ағылшын тілі сабағы. Бірінші сабағында әңгіме бағдарлама материалына байланысты оқылады.
Екінші сабақта оқылған әңгіме сұрақ-жауап арқылы сұрап, оқушыларға
баяндатады, сөздік жұмысы жүргізіледі. Сөзді тез тауып, аудармасын айтады.
Үшінші сабақта ойын арқылы жүргізіледі. Алған білімді қолданады. Міне осылайшы оқу процесі ұйымдастырылып, пәндер бойынша 100 проценттік балл жүйесі қолданылады. Мұнда біздің балдық жүйемізге келтіргенде:
75-100 балл – «5»;
50-74 балл – «4»;
25-49 балл – «3»;
0-24 балл – «2»;
Бақылау сұрақтары:
1.«Рейтинг» сөзіне анықтама беріңіз
2.Рейтингтік жүйенің оқушы қызметіне әсер ететін қандай артықшылықтары бар?
3.Рейтингтік жүйенің мұғалім қызметіне әсер ететін қандай артықшылықтары
бар?
4 100 балдық бағалау жүйесін дәстүрлі 5 балдық өлшемге келтіріңіз

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1.Оқудағы рейтингтік жүйенің құрылымдық элементтері мен ұстанымдары.
2.Бақылаудың рейтингтік жүйесі.
3.Білім беру практикасында рейтингтік бақылау жүйесін қолдану

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.

  2. Назарбаев Интеллектуальные школы «Новые подходы к оцениванию учебных достижений» //Электронный ресурс. – Режим доступа:obuchenie.sadu-kz.com?news=153.

  3. Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту əдістері.

  4. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 2008. – 72 б.

  5. Блум Б., Леонтьев А.Н. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген V- құрал. - Алматы, 2008. – 78 б.

  6. Мередит К., Темпл Ч., Стилл Дж. Сабақтарды жоспарлау жəне бағалау. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген VІ-құрал. - Алматы, 2008. – 55 б.



ЛЕКЦИЯ №7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет