8. Тақырып: Оқушының білім рейтингісіндегі портфолионың үлесі
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
Оқушының білім рейтингісіндегі портфолионың үлесі.
Портфолио мен жұмыс істеу реті.
Портфолионың түрлері.
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Портфолио деген не?
Сіздің қызметіңізді пайдаланғысы келетін адамдар ең алдымен неге мән береді? Негізінен олар іс-тәжірибеңіз бен портфолиоға қарайды. Бұл, әрине, дұрыс та. Әйтпесе тұтынушы өзіне қызмет жасайтын шебердің кәсібилігін және жұмысының сапасын қайдан біледі? Тек портфолиодағы жұмыс мысалдарын көріп біле алады. Осы мақалада сіздің қызметіңізді қажет ететін көп клиенттер тауып беретін сәнді де мәнді портфолионы қалай жасауға болатыны туралы айтамыз.
Портфолио деген – белгілі бір маманның орындаған жұмыстарының сәнді де мәнді етіп жасалған тізбесі.
Мысалы, копирайтердің (жалға мәтін жазғыш) портфолиосы – оның өзі жазған, тақырыптар немесе мәтін түрлері бойынша (коммерциялық ұсыныс, сайт контенті, слогандар) сұрыпталған мәтіндерінен тұрады.
Модельдің портфолиосы – модельдің түрлі образдардағы бейнесін көрсететін фотосуреттерінен құралады.
Веб-дизайнердің портфолиосы – ол жасаған сайттардың, баннерлердің немесе дизайнерлік өнімдерінің суреттерінен жасалады.
Фотографтың портфолиосы – оның түрлі бағыттарда (тойлар, портреттер, репортаждар) түсірген фотосуреттерінің жиынтығынан жасалады.
Бағдарламашының портфолиосы – өзі жазған CMS, скрипттер, программалардың интерфейс суреттері мен олардың жұмысын көруге болатын сілтемелерден тұрады.
Портфолиодағы жұмыстардың сапасы мен деңгейіне қарап клиенттер оны орындаушы туралы пікір қалыптастырады – мұнымен жұмыс істеуге бола ма, жоқ па. Сондықтан портфолионы жасауға өте үлкен мән беру керек.
Портфолио қалай жасалады?
Портфолионың бағыттарын немесе бөлімдерін белгілеп алыңыз. Мысалы, копирайтерде бұл: коммерциялық ұсыныстар, сайттарға арналған мәтіндер, нейминг, слогандар. Фотографта: репортаждық түсірілімдер, портреттер, той түсірілімдері және т.б.,
Әр бағыт бойынша ең жақсы жұмыстарыңыз бен орташа сапалы жобаларыңызды таңдап алыңыз. Портфолиоға әр бағыт бойынша 10-20 жұмыс қосу оптималды болады. Осының өзі сіздің кәсіби деңгейіңізді клиентке жеткілікті дәрежеде көрсетеді.
Портфолионы жақсылап сәндеуді ойластырыңыз. Жұмыстарыңызды ыңғайлы ретпен және көрнекі түрде орналастырыңыз.
Портфолионы Интернеттегі жеке сайтыңызға орналастырыңыз. Қосымша компьютеріңіз бен флешкаға да сақтап қойған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |