CD, DVD дискіге немесе флеш-картаға жазып сақтау – бұл да өте жақсы, ыңғайлы әдіс. Портфолио қашан да жаныңызда, қажет кезде пайдалана саласыз. Әрине, қалтаңыздан түсіп қалмаса.
Кәсіби портфолионы қандай етіп жасау керек?
Әр бағытта 2-6 жобаны алу;
Ең жақсы және тың жұмыстар алынған;
Жұмыстардың скриншоттары (үлгі суреттері) көрсетілген;
Жобалардың сауатты аттары мен сипаттамалары берілген;
Беттері сапалы сәнделген;
Аватар (орындаушының фотосуреті) бар;
Тапсырма № 2.
Мұғалімнің портфолиосы
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Мұғалім портфолиосының өзіндік ерекшеліктері бар. Кәсіби маман ретінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктерін негізгі екі бағытта көрсете алады:
Жеке өзінің тұлғалық және кәсіби маман ретіндегі іс-әрекеттері мен жетістіктері;
Оқушыларының білім мен тәрбие бағыттарындағы іс-әрекеттері мен жетістіктері.
Автопортрет – өзі туралы жалпы мәліметтер, яғни толық резюме, аты-жөні, туылған мезгілі, білімі, мамандығы, бітірген оқу орындары мен олардың дипломдары, жұмыс орны, еңбек өтілі, санаты, атақтары, отбасы, мекен-жайы, аттестация мезгілі, білімін көтеру деректері, марапаттары, байланыс деректері, басты кәсіби қағидалары;
Тікелей білім беру жұмысы - сабақтардың күнтізбелік және күнделікті жоспарлары, әдістемелік нұсқаулар мен құралдар, оқу кабинетінің құжаттары, дидактикалық материалдар;
Достарыңызбен бөлісу: |