Үлгермейтін оқушылармен жұмыс - үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы;
Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы – тәжірибе алмасу жоспары мен іс-шаралары;
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Оқушының білім рейтингісіндегі портфолионың үлесі.
2.Портфолио мен жұмыс істеу реті.
3.Портфолионың түрлері.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.
Назарбаев Интеллектуальные школы «Новые подходы к оцениванию учебных достижений» //Электронный ресурс. – Режим доступа:obuchenie.sadu-kz.com›?news=153.
Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту əдістері.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 2008. – 72 б.
Блум Б., Леонтьев А.Н. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген V- құрал. - Алматы, 2008. – 78 б.
ЛЕКЦИЯ №9
9. Тақырып: Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдыбағалау
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау
2.Бағалау үдерісінің мақсаты.
3.Оқу үшін бағалау
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Білімді тексеру — кең ауқымды ұғым. Оған білімді тексеру жүйесі тексерудің əдіс-тəсілдері, оған қойылатын талаптарды анықтау, ұйымдастыру мен мазмұндық құрылымы сияқты мəселелер қамтылады.
Психологиялық-педагогикалық, əдістемелік əдебиеттерде жоғарғы оқу орындары студенттерінің білімдерін тексеру мен бағалаудың практикалық жағдайына талдау жасау білім сапасын бағалауды ұйымдастырудың инновациялық формасы теориялық тұрғыда жеткілікті баяндалғанымен, оны білімді үздіксіз бақылау жүйесінде қолдану деңгейінің практикалық қолданылуы айқындала түсуді қажет ететіні ақиқат.
Дəстүрлі педагогикада студенттер практикалық сабақтарда оқулықтар немесе оқу құралдарда берілген жатығулар арқылы білім алушылардың жаңа ақпаратты қалай меңгергенін анықтау мақсатында жеке студенттермен тақтада алған білімді пысықтау мен бекіту түріндегі жұмыстар жүргізілетін де, меңгерілген тақырыптың мазмұнына үңілдіртіп, тереңірек ойлануды оқытушыдан да, студенттерден де талап етілмейтін. Осының салдары студенттердің өз ісіне сын көзбен қарап, өздеріне талап қою, өз ісіне баға бере алу сияқты қабілеттерінің төмендеуіне əкелді. Олай болса, білімнің орнықты болуы үшін, келешекте нəтижелерге жету үшін кепіл болатын, болашақтағы педагогикалық əрекеттеріне қызмет ететін біліммен қарулану үшін шығармашылықпен немесе инновациялық тұрғыда өздігінен жұмыс жасап, əрекетінің мəнін мейлінше терең ойлануының маңызы зор. Əрекетті орындау алдында ойлану немесе орындалған соң толғану, ой қорыту дұрыс па, əлде, керісінше, алдымен пайымдап алып, содан соң іске асыру дұрыс па, қайсысы тиімді деген сұрақты да туындары сөзсіз. Сол уақытта шешілетін мəселенің мақсат-міндеттеріне сəйкес ойлау жүйесінің деңгейлері де əр түрлі болады. Адамның ойлау жүйесінің деңгейлері көптеген ғалымдарды ойландырғаны анық, солардың бірі – əлемдік деңгейде танымал болған Б. Блум таксономиясы.
Блум таксономиясында білім алу үдерісінің əрекеттер жүйесі қарапайым деңгейден бастап бірте- бірте күрделенетін 6 категорияға жіктелетінін ескерсек, онда қарапайым деңгейде есте сақтау, жаттау, танып білу, еске түсіру əрекеттері, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты өз сөзімен жеткізе алу сияқты əрекеттермен жалғастырылады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тəжірибесіне қолдана алу, 1-кестеде көрсетілгендей, күрделі əрекетке ұласады. Əлемдік білім кеңістігіне ену міндеттеріне қарай болашақ педагогтардың мəдениеттілік құндылықтарын арттырып, өздігінше əрекет ету қабілеттіліктерінің мүмкіндіктерін мейлінше кеңейту қажеттілігін бүгінгі күннің талабымен сəйкестендіру мəселесін шешу тəсілдерін анықтау үшін ол
«білім, білік, дағды» қалыптастыру парадигмасының орнына «білім арқылы тұлғаны дамыту» парадигмасын таңдауға əкеледі. Олай болса, жаңа қоғамдық қатынаста құзыреттілігі жоғары, сын тұрғысынан ойлайтын, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, кəсіби біліктілігі жетілген педагог дайындау қажеттігілігінен білім беру тұжырымдамасын түбегейлі өзгерту талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі оқытудың педагогикалық жаңа үдерісіндегі оқыту тəсілдері студенттердің білімді меңгеру əрекеттерін белсенді етудің, олардың кəсіби мүмкіндіктерін ашып, жеке кəсіби тұлғалық қабілетін жетілдіруді жəне оны болашақта жүзеге асыруға дайындықты қамтамасыз етеді. Біздің зерттеуіміз бойынша, білімді меңгеру əрекеттерін белсендендіру үшін оқытудың формасы мен студенттердің өзіндік іс-əрекетін ұйымдастырудың маңызы зор. Оқытудың формасы мен студенттердің өзіндік іс-əрекетін ұйымдастырудың белсендендіруді қалай жүзеге асыруға болады? деген сұраққа жауап беру үшін студенттердің білімдерінің сапасын жəне білімінің деңгейін олардың білімді қаншалықты меңгергенін анықтайтын индикаторларды анықтау жеткілікті дер едік.
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі-білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады.Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушымен салыстырмалы түрде бағаланып келді. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады. Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату
2. Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
1. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы
2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар
3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Ұстанымдар негіздері:
1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
2. анық, айқындылығы;
3. бағаның әділдігі;
4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:
-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.
-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.
-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.
-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.
-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.
Критериалды бағалаудың функциялары:
Ынталандыру Белсенділік Түзету Дамытушы
Принциптері: Нақтылық Әділдік Жүйелік
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы:
Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу
3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау
4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады.
Қалыптастырушы бағалау - Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді; кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.
Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.
Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау
2.Бағалау үдерісінің мақсаты.
3.Оқу үшін бағалау
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.
Назарбаев Интеллектуальные школы «Новые подходы к оцениванию учебных достижений» //Электронный ресурс. – Режим доступа:obuchenie.sadu-kz.com›?news=153.
Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту əдістері.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 2008. – 72 б.