Сабақ барысы:
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Бейнекөрсетілім: «Бүркіттің жаңа өмірге бейімделуі»
Бағалауға арналған жаттығу:
Әрбір үстелде үлкен және кішкентай қызыл,жасыл және сары түсті алмалар тұрады.
Критерийлер құрастырып алмаларды бағалайды. Алма түрлеріне сәйкес 5-топқа бірігеді.
• Бейне-қадағалау: Критериалды бағалау дегеніміз не?
Бейнефильм
Мұнаралар нұсқасын таратып 5 топқа тапсырмалар беріледі жəне əр топқа газет, скоч жəне
слайдтардың біреуін беру. Өз мұнарасын құрастыруға 5 минут беріледі.
Мұғалімдер мұнараларды бағалаудың критерийлерін әзірлейді (орнықтылығы, биіктігі, мұнараны құрастыруға жіберілген уақыт,т.б.). Содан кейін топтар жасалған мұнара
үлгілерін өзара бағалайды.Бағалау китерилері мен дескрипторлар құрастырады. ( 10минут) Құрастырылған дескрипторларды «Айналмалы бекет» бойынша талқылауға беру.
Мектеп тренері əр топта бар ақпаратты ұжыммен бөлісу үшін слайдтарды пайдалана отырып, кері байланыс орнатады.
Тапсырма: Берілген нақты тапсырмаға дескриптор құрастыру.
Қалыптастырушы бағалау бойынша семинар жоспарын жасау.
1-топ - қалыптастырушы бағалау
2- топ – критериалды бағалау
3-топ – жиынтық бағалау
Тренердің кері байланысы
Ресурстар:
Бағалаудағы мұғалімнің рөлі (Білім беру платформасынан қараңыз 249 бет).
Қорытындылар парағы (Білім беру платформасынан қараңыз).
Критерийалды талқылау (Білім беру платформасынан қараңыз).
Оқушылармен сабақ мақсаттарын талқылау (Білім беру платформасын қараңыз).
Жазбаның мақсаты (Білім беру платформасын қараңыз).
«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі. Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемодан тұсына жазса , ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыш тұсына жаза алады. Сонымен қатар бүгінгі сабақтағы керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазуына болады. Осылайша, қатысушы мұғалімдер тақырыптан немесе жаттығудан не алғандарын көрсетеді .
«Гиббс» бойынша рефлексия
ҮЗІЛІС (15 мин)
Зейінді,жылдамдықты шоғырландыруға арналған жаттығу.
«Таралған толқындар....»
|