Байланысты: лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология
Дәстүрлі және жаңа бағалау жүйесін салыстырмалы талдау Бағалаудың дәстүрлі жүйесі Жаңа бағалау жүйесінің көрінісі 1. Бағалау субъект-объектілік өзара әрекеттесу үдерісі ретінде
2. Соңғы нәтиже бағаланады
3. Бағалау үзік-үзік орындалады
4. Бағалау нәтижесі – сандық белгі
5.Бағалау жеке пән мен тақырыпқа тоғысқан
6.Шектеулі икемділік пен білім көрінісі ғана бағаланады
7. Мұғалім төреші мен бақылаушы рөлінде шығады
8. Қорытынды және бақылау жұмыстарын орындағанда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады.
9. Мұғалім бағалайды
10. Баға әділдігіне ерекше көңіл бөлінеді
11.Баға ішкі факторларға құрылған
12. Басты назар оқушы білмейтіні мен істей алмағандығына аударылады
13. Бағалау топ немесе сынып ішінде салыстырмалы түрде өтеді
14.Бағалау жеке амалдармен шектелген (бақылау жұмысы, тест т.б.)
15. Бағалау кезінде алдын-ала жауабы дайындалған тапсырмалар басымдық көрсетеді
16.Білімнің белгіленген жетістігі ғана бағаланады
17.Жекелеп бағалау басым
18. бағаның мәні – қатені көрсету
19.Оқушыларды бағалау жасанды, стрессті жағдайда өтеді
20. Бақылау мен бағалау тек мұғалімнің қолында
21. Мұғалім оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді
1. Бағалау субъект-субъектілік ынтымақтастық үдеріс ретінде.
2. Нәтижеге бағытталған процесс бағаланады
3. Бағалау үздіксіз жүзеге асады
4. Оқытудың нәтижесі - оқыту табыстылығының сандық-сапалық көпөлшемді мінездемесі
5. Бағалау – бірізді және пәнаралық
6.Қолданбалы (өмірлік) білімдері мен іскерліктерінің енділігі мен тереңдігі бағаланады
7.Мұғалім жақтаушы әрі кеңесші рөлінде сөйлейді.
8.Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы үзілмейді, бағалау кезінде одан әрі ынталандырылады
9.Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен бірін-бірі бағалаулары барынша ынталандырылады
10.Бағалау мен өзін-өзі бағалау үйлесімділігіне ерекше көңіл аударылады
11.Оқушының нені білетіні мен не істей алатынына ерекше көңіл аударылады.
12.Өзге балалардың жетістігімен салыстырмай оқушыны өзінің жеке,бірегей ерекшеліктері бағаланады
13.Бағалау әртүрлі құралдарды (оқу портфолиосы) қолдануды қажет етеді
14. Бағалау кезінде ықтимал нұсқалы жауаптары бар «ашық» тапсырмаларды қолдану қарастырылады
15.Оқу нәтижесінің табыстылығына жұмсалған күш есепке алынады
16.Жеке бағалаумен қатар топтық, командалық бағалаулар жүргізіледі
17.Бағалаудың негізі-қателікті ескерту мен қателіктің алдын алу
18.Бағалау оқушылардың стресс пен күш салуларын болдырмайтын қарапайым жағдайларда жүргізіледі
19.Оқушылар өз бетінше жіберген олқылықтарын анықтап,мұғаліммен бірге оны жоюға тырысады
21.Бағалау кезіндегі сапалық ақпараттардың (эмоционалды факторлар, бастамалар, пәнге деген көзқарасы) маңыздылығы
22. Тұрақты өзара ықпал: үздіксіз оқыту-үздіксіз бағалау
23.Оқу бағдарламасы мен стандарт шегінен шығу мадақталады
24. Өзін-өзі бағалаудың әділдігі-білім көрсеткіші
25.Жұмыс түрі ретіндегі тек таза емес, шимай дәптерлердің өзі құнды
Бағалаудың жаңа жүйесінде жиынтық бағалаумен қатар қалыптастырушы немесе формативті бағалау қолданылады. Жиынтық бағалаудың немесе Оқыту үшін бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.
Формативті бағалау немесе оқу үшін бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп тұрады. Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.
Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.
Өзін-өзі бағалауда білім алушы Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? Тапсырманы толығымен жеке өзі орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? деген сұрақтарға жауап іздейді.
Тәжірибеде жиі қолданыстағы өзін-өзі бағалау техникаларына сипаттама беруді жөн санадық.
Сұрақ қою әдісі. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
«Басбармақ» әдісі. Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
«Бұны білемін, ол қолымнан келеді. Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. Бұны мүлде білмеймін, білуім керек» статегиясы.
«Бағдаршам» әдісінде түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды. Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып, дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады.
Өзін-өзі бағалау өзін-өзі реттеуге жетелейді. Дегенмен бағалаудың өзіндік қиындықтары да бар. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда білім алушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.
Өзін-өзі бағалау білім алушының танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі танымдық әрекет кезінде ол өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.
Әр баланың біліміндегі кемшіліктерінен гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқу керектігімен қалай оқу керектігін көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалуы, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі маңызды. Осы әрекеттер арқылы оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызады. Аталған әрекеттердің барлығы қалыптастырушы бағалау барысында жүзеге асады.
Сонымен, қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалаудың дәстүрлі бағалаудан келесі артықшылықтарын атап көрсетуге болады:
білім алушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
білімге деген ынтасын арттырады;
білім алушының өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді.
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес, кез келгенөмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Оқытуды жоспарлауда ОүБ əдістемесін пайдалану.
2.Сабақта ОүБ əдістемесін пайдалану.
3.Қалыптастырушы жəне жиынтық бағалау, олардың айырмашылығы
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.
Назарбаев Интеллектуальные школы «Новые подходы к оцениванию учебных достижений» //Электронный ресурс. – Режим доступа:obuchenie.sadu-kz.com›?news=153.
Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту əдістері.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 2008. – 72 б.
Блум Б., Леонтьев А.Н. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген V- құрал. - Алматы, 2008. – 78 б.
Мередит К., Темпл Ч., Стилл Дж. Сабақтарды жоспарлау жəне бағалау. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген VІ-құрал. - Алматы, 2008. – 55 б.