Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек –шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
10 минут
Зейінді шоғырландыру.
20 мин
Ақпарат
(15мин)
Кері байланыс.
Тәжірибе
25минут
Керібайланыс.
5 мин
5 минут
2-сабақ
Зейінді шоғырландыру
25 мин
Тәжірибе
25 мин
Ақпарат
25 мин
Кері байланыс 10мин
|
Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Оқыту тиімділігінің артуы оқушы табысын бағалау сапасына тікелей байланысты. Бақылаудың дәстүрлі құралдары талап етілетін білім, білік, дағдыларының деңгейін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық уақытта бағалау жүйесін дайындау өзекті мәселе болып келеді.
Бүгінде қолданылып келген бес балдық бағалау жүйесі бағалауға қойылатын талаптарды толық қанағаттандырмай отыр. Оған дәлел, қоғам бүгінгі оқушының оқудағы жетістігінің динамикасының объективтілігіне күдікпен қарауда. Екінші жағынан, бағалаудың нәтижесі оқушының мұғаліммен, ата-анасымен қарым-қатынасының төмендеуіне, өзіне деген сенімсіздігінің пайда болуына әкелуде. Бұл өз кезегінде оқушылардың жүйке жүйесіне ықпал етіп, мазасызданудың пайда болуына итермелеп отыр. Сондықтан бүгінгі таңда осындай келеңсіз жағдайлардың болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдары қарастырылуда. Әрі бүгінгі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін білім беруде білімді бақылаудың дәстүрлі құралдары жеткіліксіз болып отыр.
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.Білімді тексеру мен бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы білім алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары, оқыту нәтижелерін бағалау ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Сонымен, дәстүрлі бағалауда бақылаудың барлық мүмкіншілігі мұғалімнің қолындаболады: ол оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді. Өздік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын орындағанда көп жағдайда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады.
Бүгінде еліміздің білім саласына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының бағалау тәжірибесі білім саласына енгізілуде. Тәжірибені жүйелі жүргізуге деңгейлік біліктілікті арттыру курстарының маңызы ерекше. Ұсынылып отырған бағалаудың жаңа тәсілдерде оқушылардың өзара бағалауы ынталандырылып, өзін-өзі бағалауға деген құқығын біледі, үдеріс пен оқыту нәтижесіне деген жауапкершілігі артып, өзін-өзі бақылауы күшейеді. Мұғалімнің қызметі төреші, бақылаушыдан көмекші, кеңесшіге ауысады. Бағалау үдерісінде мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті үзілмейді, керісінше жаңа білімді игеру ынтымақтастығы жалғаса түседі. Аталған бағалаудың дәстүрлі және жаңа жүйелерінің салыстырмалы талдауы ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |