Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен


Тақырып: Портфолио - оқушылардың жеке жетістіктерін бекіту жəне жинақтау



бет18/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология

Тақырып: Портфолио - оқушылардың жеке жетістіктерін бекіту жəне жинақтау
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.Портфолио - оқушылардың жеке жетістіктерін бекіту жəне жинақтау.
2.Портфолионың міндеттері мен қызметіне, мақсатына сипаттама.
3.Портфолионы бағалау.

ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ


1.Портфолионы қолданудың маңыздылығы
2.Портфолионы бағалау
3.Портфолионы толтыру кезеңдерi
4 Портфолионың қандай түрлері
Портфолио - бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс жинағы, оқушының жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын және бір немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді. Кілтті (түйіндік) кезеңдер:
•Қарастырылатын материалдың мазмұнын таңдаудағы оқушының қатысуы.
•Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер.
•Ойластырылған бағалау белгiлерi.
•Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) дәлелдер.
Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының өсуі мен дамуын көрсететін
оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады.
Портфолио нелiктен қолданылады?
Қазіргі замандағы оқыту кезеңінде бағалау бағыты оқушылардың негізгі пәндерден
Алған білімі мен дағдысының деңгейі мониторинг арқылы анықталады. Сондықтан портфолионың маңыздылығы: бағалау процесін жақсартады, оқушының осал жағы немесе күшті жақтарын көрсетеді; оқу мақсаттарының табысқа жетуіне бағыт-бағдар береді;үйрену барысындағы өзгерiс пен өсудің деңгейін көрсетеді; оқушының, мұғалiмнiң және ата-аналардың аналитикалық ойлауынамүмкiндiк туғызады;оқушыны үйретудегi сабақтастықтың жылдан-жылға қамтамасыз етуі.Мұғалiм әр түрлi мақсаттарүшiн портфолио қолдана алады. Өздігінен бағытталған үйренудi мадақтау. Оқудағы өрісін кеңейту. Білім алу барысында білуге мүмкiндiк туғызу. Жоспарланған нәтижелердiң табысқа жетудегі өрлеуін көрсету. Оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкiндiк беру. Оқушыларға өзара қолдау және дамытуды мүмкiндiк ретінде ұсыну.
Тиiмдi портфолио қандай сипаттамаларға лайық болу керек?
Портфолионың көмегi көп қырлы болғандықтан, келесi сапалармен сипатталады:
Үздiксiз процесс болып табылады да, формативті және суммативті
бағалауды қамтамасыз етеді, негiзгi жоспарланған нәтижелердiң табысқажету жолындағы оқушының өрлеуiн барлауға мүмкiндiк бередi. Оқушылардың оқу процесіндегі әр түрлі жұмыстарын, атқарған әр түрлі іс-әрекеттерін кеңейтілген тұрғыда көрсетедi.
Бірлескен рефлексияны ескереді, оқушылардың ойлау процесі мен өзін-өзі талдауын, өзінің қабылдауы мен түсінуін қадағалайды; мәселені шешу жолын ой елегінен өткізіп, шешімді қабылдау мен өзінің өсуін бақылайды, пәннің мазмұны мен дағдыларын жетілдіреді . Барлық зерттеушiлер портфолионы өңдеу жолдарындағы түрлернулерді
мақұлдайды да, портфолио: Оқу бағдарламасына қойылған бiлiм беретiн мақсаттарды ашық қамтып көрсетедi. Жеке - бағдарланған оқытуға, негізгі білім алуға, біліктіліктер мен ұстанымдарына зейінін жинақтау. Бағалау мерзiміндегі жиналған жұмыстардың үлгiлерi болады. Бағалаудың әр түрлi техникаларының қолдануымен бағаланғаноқушылардың жұмысы болады.
Өздерiнiң оқушылары, басқа оқушылар, мұғалiмдермен және ата-аналарменбағаланған жұмыстың үлгiлерiнiң жиыны болады.
Портфолионы қалай бағалайды?
Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану керек. Портфолионы бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу қажет: саналылық (рефлексияның және шығармашылық) ойлаудың болуы;
оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес
өсуі және дамуы; негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы;
аталып өткен талаптарға портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың
сәйкестiгi; түрлі жазулар (мысалы, түрлi формаларды қолдану, жоспарланған
стандарттарды оқушылардың жетістіктерімен көрсету).
Бағалау барысында мұғалiм мен оқушының бiрге жұмыс iстеуі маңызды. Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар да қолданылады. Мұғалім мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы жұмыстарбағаланады. Айдарлар, ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі
кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобынқатыстыру керек.
Портфолио толтыру кезеңдерi
1-шi кезең
Ұйымдастыру және жоспарлау – бұл портфолионы толтырудың бастапқы кезеңі. Бұған оқушы мен мұғалім портфолионың қандай болуы керек екендігін және оған қандай жұмыстар кiруi керектігін бірге шешеді. Оқушылар толық іріктеп алған мәселелеріне жауап бергенде портфолионың негізгі мақсатын және оның мәнін түсіне алады (барлау құралы ретінде және өзінің дамуын бағалауда).
Мұғалiм және оқушы келесi сұрақтарға жауап беруi керек:
Осы пән бойынша нені үйренгенімді көрсету үшін мен материалдарды қанша және қалай іріктеуді жоспарлаймын?
Мен жинағандарымды қалай ұйымдастыруды және нәрселерді, материалдарды көрсетуді қалай жоспарлаймын? Портфолионың толтырылуы, мазмұны және сақталуы қалай жоспарланады?
2-шi кезең
Жиын – бұл жинақталған мағыналы жұмыстардан тұратын, оқудың мақсаттары мен оқушылардың табыстарын қамтып көрсететiн жұмыстар. Портфолионың мазмұны туралы шешім әдейі осыған бағытталған, осы кезеңде қабылдануы тиіс болып табылатын мақсаттар мен міндеттерге негізделген.
Ірiктеп алынған жұмыстар және материалдардың әр түрлi факторларға негiзделуi керек. Оларға жататындары:
- нақты тақырыптың мазмұны;
- оқыту процесі;
- арнайы жобалар, тақырыптар немесе бөлiмдер.
Портфолиоға іріктеп алынған барлық материалдар бағалаудың стандарттары мен белгілерін ашық қамтып көрсету тиiс.
3-шi кезең
Рефлексия – оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiм мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. Рефлексия күнделікті ойлаудың және басқа формалардағы тапсырмалардың орындалуын талдаудағы ойлау процесстерінде, сонымен қатар оқушылардың нақты уақыт аралығындағы мәселелерді шешу үшін қолданылып, идеяларды жазудың формасына айналады.
Оқушылардың портфолиосында көрсетiлгендей мұғалiмнiң рефлексиясымен ата- аналардың түпкi мақсатты процесі біріктірілуі тиiстi. Көрсетiлген тiзiм межелік бағалау емес. Қазіргі уақытта мұғалімдер қандай да бір қалыптасқан бағалау жүйесін қолданып жүр. Мұғалім қалыптасқан бағалау жүйесін пайдаланғанда ең жоғары әсер (эффект) беру үшін мақсаттылық пен жүйелiлікті қолдану керек. Оқытудың және бағалаудың әр түрлi жүйесі мұғалiмге кез келген сыныпта оқушының танымын дамытудың және жетiлдiрудің көптеген әдiстерін қолдануға үлкен мүмкiндiк береді. Әр түрлі бағалау жүйесін қолдану - әр түрлі оқыту стильдеріне бағытталған және оқушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, олардың даралығын есепке алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың білімін, білгірлігін және дағдысын тексеру үшін мұғалім оқушыларға бір тақырыптан әр қилы формадағы тапсырмалар беру арқылы олардың даралығын, әр түрлі парасаттылығын тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет