Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың
өмірімен және шығармашлықытарымен таныстыру.
«Адам болам десеңіз» өлеңінің мәнін ашып меңгерту,
мәнерлеп сауатты оқуға жаттықтыру.
Дамытушлығы; Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Сөздік қорын дамыту,
тіл байлығын молайтып,ойлау, көру, сезіну, қабылдау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Жақсы жаман әдет-қылықтарды ажырата білуге,
бойларына жақсы қасеттерді жинай білуге, өздігінен
жетілуге талпынған, жауапкершілік сезімі, парызы бар
өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың өткізілу әдіс-тәсілдері:әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен
Жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І Ұымдастыру кезеңі.
Бір екі үш
Бойға жинап күш
Жаңа сабақы бастаймыз
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге: Сапарғали Бегалиннің «Шоқан» әңгімесінен түсінік сұрап,сұрақ-жауап әдісі арқылы қортындылаймын
Топтастыру әдісі: 1835-1865
ғалым саяхатшы
тарихшы, этнограф
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
ІІІ Жаңа сабақ
Мұғалімнің айтуында:
«Абайдан үйрен»
Абайдан үйрен, Абайдан оқы балам,
Надан қалар оны дұрыс оқымаған.
«Бәрекелді» десін жұрт риза боп,
Өлеңдері жатқа атсың сахнадан
-Балалар бұл өлең кім туралы?
-Абай ата туралы.
-Абай ата туралы не білесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |