Бекітемі н қҒӘО директоры Ж. Ж. Мухамбетова 2011 жыл



Дата27.08.2017
өлшемі233,03 Kb.
#29803
Б Е К І Т Е М І Н

ҚҒӘО директоры

________ Ж.Ж. Мухамбетова

«____»___________ 2011 жыл
Ақтөбе қаласы мектептері физика пәні мұғалімдерінің

«Жас физик - 2011» кәсіби біліктілігі және шеберлігі байқауы

Е Р Е Ж Е С І

1. Жалпы ереже

1.1. Байқау «Қалалық ғылыми-әдістемелік Ортылығы» жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі.

1.2. Жалпы ереже «Жас физик - 2011» байқауының мақсат, міндеттерін, статусын айқындайды.

1.3. Байқау жас мұғалімдердің кәсіби құзырлығын, біліктілігі мен шеберлігін артыру мен жетілдірудің, ұштаудың әдіс-тәсілі болып табылады.



Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- жас мұғалімдердің педагогикалық іс-тәжірибесін, кәсіби машығымен икемділіктерін шыңдау, шеберлерді анықтау, тәжірибе тарату, ынталандыру.

- білікті, шебер жас мамандарға қолдау көрсету;

- жас мамандармен тың педагогикалық идеялар мен инновациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндігінің ақпараттық базасын кеңейту;

- кәсіби іс-қызметтегі нәтижелі жетістіктерді іс-тәжірибе ретінде тарату.
2. Байқауға қатысушылар

Конкурсқа қатыса алады:

- физика пәні мұғалімдері;

- кәсіби еңбек өтілі 5 жылға дейінгі мұғалімдер;

- үміткерлер сұраныстары 15.04.2011 ж. қабылданады.
3. Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілу жағдайы

Байқау екі кезеңде ұйымдастырылып, өткізіледі:



І кезең: Өткізілу уақыты 27 сәуір 2011 жыл

- І тур - ҚР заңнамалары, педагогика және психология негіздері, пәндік білім негіздері бойынша тестілеу;

- ІІ тур – пән бойыншы панорамалық ашық сабақ көрсету.

ІІ кезең:

- «Мен физика пәні мұғалімімін» - өзін таныстыру - 3 мин.;

- «Менің кәсіби жетістіктерім» - портфолио;

- «Білім берудегі менің технологиям» - шығармашылық есебі, электрондық флеш-презентация арқылы қорғау - 7 мин.

Портфолио құрылымы:

1. Алғашқы беті (титул): - қысқаша резюме (жалпы мәліметі, туған жылы, мамандығы, білімі, біліктілігі, еңбек өтілі, наградалары).

2. Кәсіби есебі: - шығармашылық қыры (өзіндік білім жетілдіру тақырыбы мен жүзеге асырылуы, пән бойынша құрастырылған бағдарламалар, әдістемелік баяндамалар, өткізілген, нәтижелі ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жоспары, семинар, конкурстарға қатысымы, жарық көрген басылымдары);

- оқушылармен жұмыс (оқушылардың шығармашылық, ғылыми-ізденіс жұмыстары, олимпиада, конкурс нәтижелері);

- оқу үрдісіндегі сапа көрсеткіші (білім сапасы, үлгерім көрсеткіші, олимпиада қорытындылары, технологияларды қолдануы).

3. Пікірлері: - іс-қызметі, білім, білігі туралы;

- ғылыми-әдістемелік мақалаларға рецензия (пікір);

- кластан тыс жұмыстары мен ашық сабақтарына пікір.

4. Байқауға қатысушылар көрсетілімдерінің бағалану өлшемдері

Байқауға қатысушылар көрсетілімдері мен ұсынылған материалдары мынадай деңгейлер бойынша бағаланады:



1. Кәсіби деңгейі: - оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану деңгейі, оның мақсатқа сәйкестілігі;

- оқытудың әдіс-тәсілдерін, технологиялардын таңдау өзектілігі, олардың ғылыми-әдістемелік жарақтандырылуы;

- педагогико-псхологиялық зерттеу әдістерінің тиімділігі және нәтижелілігі (неге қол жеткізді және оның білім сапасына ықпалы);

- қол жеткізілген нәтижелердің тұрақтылығы (өзгерістің қайталанбауы);

- мұғалім іс-қызметіне берілген бағаның сәйкестігі (оқушылар, ата-аналар, әріптестер, мектеп әкімшілігі);

- кәсіби икем, қабілет, өзіндік ерекшелігі және жаңашылдығы;

- кәсіби машықтарды шебер орындау деңгейі.

2. Ғылыми-әдістемелік деңгейі:

- білім деңгейі;

- ғылыми-әдістемелік ақраатты игеру деңгейі;

- зерттеу әдістерін, талдау, сараптау әдістерін игеру деңгейі.



3. Материалдардың жасақталу деңгейі:

- нормативтік талаптардың сақталуы;

- эстетикалық талаптардың сақталуы;

- орфографиялық заңдылықтардың сақталуы.

4. Байқау кезеңдері бойынша үміткерлер көрсетілімдері мен ұсынылған материалдары әр деңгей бойынша 10 баллдық жүйемен бағаланады.
5. Байқау жеңімпаздары

Байқаудың екі кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер 3 жүлделі орын дипломдары және «Кәсіби шебер мұғалім»; «Кәсіби білікті мұғалім»; «Кәсіби білімді мұғалім» номинациялары бойынша марапатталады.



Байқауға қатысам деуші үміткерлер ұйымдастыру комитетіне төмендегідей үлгіде 2011 жылдың 15 сәуірге дейін хабарласуы қажет:




Аты-жөні


Мектебі


Пәні

Еңбек өтілі

Санаты

Әдістемелік тақырыбы (тақырып бойынша қашаннан жұмыс жасайды )

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

Класс



Сұраныстар келесі мекен-жайға тапсырады:

Ы. Алтынсарин көшесі, 2 үй, № 36 кабинет, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық әдіскер Г.Т.Ескалиева, байланыс тел.21 – 57 – 41.
Директорам школ !!!
Направляем письмо ОО «Выбор молодых - Актобе» для участия в игре КВН.

Замдиректора ГНМЦ Тажимишев А. А.




ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ЛИГА КВН
ОО «ВЫБОР МОЛОДЫХ - АКТОБЕ»

проводят

КВН Фестиваль среди школ города

«БОЛЬШАЯ ПЕРЕМЕНА!»





Для участие необходимо: Отправить заявку на участие Вашей команды КВН до 15 апреля 2011 года, в письменной форме с составом участников по факсу либо на электронный адрес, по тел/факс: 8(7132)54-89-16, 8 701 583-41-76 или E mail: madi_patriot@mail.ru.

ПОЛОЖЕНИЕ

Дата и место проведения: время и дата за ранее будет сообщено.
Организаторы: Западно-Казахстанская лига КВН и ОО «Выбор молодых Актобе».
Цель игры: Развития КВН - кого движения города. Развитие творческого потенциала, актерского мастерства и коммуникабельности среди молодежи города.
1). Визитка - (Этот конкурс обычно играется в начале игры. В нём участники команды представляют себя и свою команду. Приветствие состоит, в основном, из текстовых шуток и миниатюр. Классическое приветствие - это «линейка» (5-8 человек на авансцене лицом к залу), и одинаковые костюмы.) - (8 минут - конкурсы оцениваются по 5-ми бальной системе).
Количество человек не более 10 (+ 1 звукооператор, +1 руководитель) человек. Фонограммы должны быть 1(минус). Использование шуток команд Международного союза КВН, шуток из Интернета, анекдотов, не нормативной лексики запрещено.
Просьба соблюдать этические и эстетические правила поведения команд на сцене, а также выступление должно быть максимально приближенно к теме.
За пять дней до игры, и непосредственно перед игрой будет производиться работа с редакторским советом, советы, которых должны быть приняты во внимание и исполнены.

Команда, не пришедшая на заблаговременную намеченную встречу с редакторским советом будет не допущена к участию в игре.


За дополнительной информацией обращаться по тел: 8-701-583-41-76, 8-702-545-40-35

 Председатель



ОО «Выбор молодых - Актобе»                                М. Раимов
Председателю
ОО « Выбор молодых - Актобе»
г-ну: М.Раимову


ЗАЯВКА

№_____ школы.

Название команды КВН_____________________________________
Ф.И.О., руководителя ______________________________________

Ф.И.О., капитана команды___________________________________

Ф.И.О., участников команды КВН.

Контактные телефоны.




Мектеп басшыларына!


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрілігі мектеп оқушыларының Интернет-сауаттылығын арттыру мақсатында оларды «Википедия» еркін энциклопедиясын таңыстыруды және пайдалануды ұсынатығындығын мәлімдейді.
Г.Т. Ескалиева
4.04.2011ж Мектеп басшыларына!

1. 8- сәуір күні , сағ 15.00-де

Қазақстан- Британ Техникалық университетінің өкілдері мектеп бітірушілермен кездесу өткізетінін хабарлаймыз.

ҚБТУ- нің ақылы бөліміне түсуге тілек білдіргендер математикадан және таңдау пәннен тест алынады. Соған сәйкес Сіздерден мектеп бітірушілерді хабардар етіп, кездесуге қатысатын оқушы болса 6 сәуір күні сағ 11.00- ге дейін

ҚББ матемматика пәні әдіскеріне хабарлап болу сұралады .

Хабарламаны ауызша телефонмен оқушының саны мен фамилиясын бірге немесе жазбаша әкеліп те тапсыруға болады. Хабарлама облыстық білім басқармасына түске дейін сол күні тапсырылады . Сондықтан жылдамдатып хабарласу сұралады.



2. Астана қаласында өтетін математика пәні мұғалімдерінің І-сьезіне дайындық жұмыстары шеңберінде 2011 жылдың 15 сәуірінде Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының базасында математика пәні мұғалімдерінің облыстық жиыны өтеді.

Жиынға қала мектептерінен әр мектептен бір адамнан міндетті түрде қатысылады.

Жиынға қатысатын мұғалім сол мектептегі оқушыларының білім сапасы жоғары, шығармашылық жетістігі ең жоғары , жоғары санатты мұғалімді іріктеп жіберу сұралады.

Жиынға қатысатын мектептер:

№1ОМ, №2 ОМ, №3 ОМ, №4 ОМ, №5ОМ, №6 ОМ, №9 ОМГ, №11ОМ, №12ОМ, №13ОМ,

№14ОМ, №15ОМ, №16 ОМ, №17ОМ, №18ОМ, №19 ОМ, №20АОМ, №21ОМГ-2, №22ОМ,

№23АОМ, №24ОМГ, №25АОМ, №26 ОМ, №27 АОМ-2, №28 ОМ, №29 ОМ, №30 ОМ, №31 ОМ, №32 ОМ-2, №33ОМ, №34ОМ, №35 ОМ , №36 ОМ, №37 ОМ, №38 ОМ, №39 ОМ, №40ОМ, №41 ОМ, №42 ОМ, №43 НМ, №47 ОМ, №48 ОМ, №50 ОМ, №51 Г, №53 ОМ,

ҚҚОМ, ( қалған ауыл мектептері жоғары санатты адам болса -1 адамнан)



Аталған мектептер 6-сәуір күні түске дейін әдіскерге мұғалімнің аты-жөні, педстажы,санаты жазылған сұраныс әкелінсін .

Тізім облыстық білім басқармасына шұғыл тапсырылу үшін керек.
Иманғалиева Г.Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет