Келесі ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы.Екі топ суретін салғанша шағын көріністі тамашалық.
Көріністен соң екі топ суреттерін қорғайды.
Келесі ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер. Ата-анаға:
Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.Сіз не істейсіз?
Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?
«Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?