Қатысқандар: 3 «А, Ә, Б» сынып оқушылары
Тақырыбы:«Өрт–тілсіз жау»
Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сі-ріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, плакаттар, тірек –сызба, макет, слайдтар
Сабақтың барысы:Оттың шығу тарихы.
Мұғалім:Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.От қалай пайда болды? Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағай-дан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз.
От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес.
- Оқушылар оттың қандай зияны бар?
- Өртену, күю, жану, жарақат алу.
«Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады, өртен-ген дала, күйген ас.
« Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айта-мыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар?
Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Шырпымен ойнаса;
3.Үтікті қосып кетіп қалса;
4.Газды ашық қалдырып кетсе;
Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |