Ә) Анықтамамен жұмыс:
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады: адам+дар+дың.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады: сурет+ші+лер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Берілген сөздерге қосымшалар жалғап, туынды зат есім жаса.
Құрылыс, етік, тігін, мал, қойма.
Сергіту сәтінде «Пантомимо» ойынын ойнайды.
Бір оқушы шығып, қимыл қозғалыс арқылы қандайда бір маманның қимылын бейнелейді. Сынып оқушылары ол маманды атайды.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
31-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жаз.
Уақыт жылжиды.
Сағат жүреді.
Уақыт тез өтеді.
32-жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрап жаз.
-Жұбыңа баянда. Оның құраған мәтініне өз пікіріңді білдір.
|
Мәтінді тыңдап, тапсырманы орындайды. Анықтама-ларды жаттайды.
Ойын ойнайды.
Тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор:
- Мәтін тақырыбының қойылу себебін анықтайды-1 балл.
-Нақыл сөзінің мәнін ашады-2 балл.
- Түбір
сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебін анықтап, қорытынды жасайды
-2балл.
Дескриптор:
- Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап, қатесіз жазады -2балл.
- Сурет бойынша әңгіме құрап жазады -3 балл.
|