Ойындар, дербес әрекет
|
16:00-17:00
|
Қимылды ойындар:
« Ақ сандық, көк сандық
Мақсаты: Күштілікке, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Ойын мазмұны: Екі бала бір-біріне арқаларын беріп, қол ұстасып отыру керек. Ойынды жүргізуші өлеңдетіп.
« Ертең ауылым көшеді,
Уық-буын шешеді.
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады.
Ақ сандық, көк сандық,
Арқан тарт, кілем арт!»
Соңғы « арт» сөзі балаларға берілген белгі, ол айтылған кезде қол ұстасып отырған балалар тез тұруы керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқадағы бала үй жануарларының дауыстарын салуы керек.
|
Дидактикалық ойын:
Суретті таңда
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Қажетті құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)
|
Дидактикалық ойын:
Қимылды ойындар:
Орамал тастау
Ойын мақсаты:балаларды байқағыштықтарын, жылдамдықтарын тәрбиелеу.
Ойын шарты: «Орамал тастау» ойынына қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған, ұруға ыңғайлы болады. Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда, бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына орамалын тастап кетеді. Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағындағы орамалды байқамаса, басқарушы оны орамалмен ұрғылайды. Ал егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса, бастаушыны қууға тиіс. Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалған орына келіп отырады.
| |