Бекітемін Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет4/29
Дата26.12.2023
өлшемі115,77 Kb.
#199391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
anatomiyafiziologiya 1

2.6 Прореквизиттер: Латын тілі. Адам және жануарлар физиологиясы
2.7 Постреквизиттер: Химия. Биология.
2.8 Пәннің қысқаша мазмұны
1. Жасушалық теория. Ұлпалар, түрлері, қызыметі.

2. Мүше мен мүше жүйкесі туралы түсінік.


Сүйек, бұлшық ет, без, асқазан, өкпе, бүйрек, жүрек, жіңішке, жуан ішек және т.б. жатады. Әрбір мүшенің құрылысына ұлпаның бірнеше түрі қатынасады. Бірақ мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады. Сол ұлпа мүшенің негізгі қізметі атқарады: мысалы, сүйектің құрамында сүйек ұлпасы, шеміршек және басқа дәнекер ұлпалар болады. Бірақ сүйектің құрылысының негізгі сүйек ұлпасы. Сүйек ұлпасы сүйекке қаттылық қасиет береді. Сондықтан сүйек денеде тіреуіш, қорғаныс қызметін атқарады, дененің қимылына қатынасады. Кейбір мүшенің құрылысында екі үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады, мысалы: асқазан мен ішекте кілегей, дәнекер, бұлшық ет ұлпалары болады. Асқазан мен ішектің сөлін олардың бізді кілегей ұлпасы бөліп шығады, ал қимыл осы мүшелердегі бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылып, босаңсуынан пайда болады. Ал бұл мұшелердің құрвлысының құрамында жүйкелер, қан және лимфа тамырлары болады.


Денедегі барлық мүше – құрылыс, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді
Қимыл жүйесіне барлық сүйек, оларды жалғаушы шеміршек, буын мен
бұлшық ет кіреді. Сүйектер тіреуіш қызметін атқарады. Олардан қуыстар пайда болады. Қуыстар мүшелерді қорғау қізметін атқарады.
Ас қорыту жүйесі – тағамды қабылдайды, ұсатады, жұтады, қорытады,
сіңіреді, қалдықтарды сыртқы ортаға шығарады. Бүл жүйеге – ауыз қуысы, тіл, тістер, сілекей бездері, жұтқыншақ, өнеш, асқазан, жіңішке және жуан ішіктер, ұйқы безі, бауыр жатады.
Тыныс алу жүйесінің қатынасуымен ішкі және сыртқы тыныс алу, газ
алмасу құбылыстары өтеді. Бұл жүйе денені сыртқы ортамен байланыстырады. Тыныс алу жүйесіне мұрын құысы көмекей, кеңірдек, өкпе плевра қатысады.
Несеп – зәр шығару жүйесі. Денеде тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда
болған кересіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Бұл жүйеге -–бұйрек, несеп ағар, қуық, несеп шығару түтігі жатады. Адам денесі – ас қорыту, тыныс алу, несеп шығару жүйелер арқылы сыртқы ортамен байланысады.
Жыныс жүйесінің көбею мүшелері кіреді. Олар әйелде жатыр оның түтіғі,
қанабы, аналық жыныс безі, әйелдердің сыртқы, ішкі жыныс мүшелері. Жыныс мүшелері мен несеп – зат шығыру мүшелерінің дамуы тығыз байланысты. Соның үшін несеп – зат шығару және жыныс мүшелерін бір жүйеге біріктіріп зерттейды.
Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік бездер – ерекше синтезделген
химиялық заттар – гормондар бөліп шығарады. Олар қан және лимфа тамырлары арқылы бүкіл денеге тарқалып, оның қызметіне әсер етеді.
Жүрек – қан тамырлар жүйесіне жүрек, артерия, вена, капилляр және лимфа
тамырлары жатады. Жүрек қанды насосша вена қан тамырларынан тартып алып, аны артерия қан тамырларына арқылы бүкіл денеге тарқалады. Қан денеге өттегін, қоректік заттарды тасымалдайды, денеден зат алмасуы нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды (СО2 азот) сыртқы ортаға шығарады (бүйрек, тері, өкпе).
Сезім жүйесі – сыртқы ортаның тітіркеністерін қабылдайды. Оларға қөру,
есіту, тепе – тендік, иіс сезу мүшелері кіреді.
Жүйке жұйесіне бас ми мен жұлын, олардан тарқалған жүйке талшықтары –
12 жұп бас ми жүйкесі мен 31 жұп жұлын сегменті кіреді. Бас ми мен жұлын
«жоғарғы жүйке жүйесі», ал олардың тармақтары «шеткері жүйке жүйесі» деп аталады. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесіне бас ми сыңарлары жатады. Жүйке жүйесі сезім мүшелері, рецепторлар арқылы сыртқы және ішкі ортадан тітіркеністерді қабылдап, мүшелер мен жүйкелердің қызметін реттейды.
Денедегі жүйкелер мен мүшелердің қызметі бір–бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Оларды бір-біріне бөлу мүмкін емес. Сүйектер бір-бірімен буындар, шеміршектер, сіңірлер арқылы жалғасады. Ал бұлшық еттер сіңірлері арқылы сүйектерге жабысып, оларды қимылға келтіреді. Қан тамырларды, жүйкелер, бүкіл денедегі мүшелерге тармақталады. Бүкіл дене мүшелерінің қызметі бір-бірімен тығыз быйланысты; мысалы, ас қорыту жүйесі арқылы бүтін денеге қоректік заттар, ал тыныс алу жүйесі арқылы өтегі қабылданады. Тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттар, денеден несеп-зәр жүйесі арқылы сыртқы ортаға шығады.

3. Қозғыш тканьдер физиологиясы, мембраналық потенциал (МП) оның шығу тегі.


Мембрана функциясы мен оның құрылымы туралы қазіргі заман түсінігі.
Қозғыштық параметр
4. Зат алмасу және энергия алмасуы. Су және минеральды заттардың алмасуы. Зат алмасудан пайда болатын күш-қуат. Тамақтану. Витаминдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет