Бекітемін: «ФаиЗаман» жшс «Күншуақ» бөбекжай- бақшасының директоры Б. Т. Касымбекова Тобы: «Айшуақ» мектепалды даярлық тобы



бет9/10
Дата08.02.2022
өлшемі162,96 Kb.
#119749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сиқырлы доптар разработка

    Бұл бет үшін навигация:
  • Күні
Еркін ауылы, 2020ж
Бекітемін:
«ФаиЗаман» ЖШС
«Күншуақ» бөбекжай- бақшасының
директоры_____ Б.Т.Касымбекова


Тобы: «Айшуақ» мектепалды даярлық тобы
Күні:22.12.2020ж
Тақырыбы: «Аңдардың қыстағы»
Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау.
Қажетті құралдар: 2 шана, 2 кәрзеңке, картоннан жасалған сәбіздер, 2 шырша, саңырауқұлақтар, көз - мұрын жасау үшін материалдар, ойыншықтар, лента, туннель, отырғыштар.

Жүру барысы: Екі топқа бөлінген балалар ортасынан топ басшыларын сайлап ап, бір - бірімен амандасады.
І топ: «Алғырлар» тобы
ІІ топ: «Аңшылар» тобы

І. Эстафеталық ойын: «Қояндар»
Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.

ІІ. «Кім жылдам?»
2 шанаға отырған екі баланы әр топтан бір - бір ойыншысы қар үстімен сырғаната отырып, межеге дейін жеткізіп, шардағы ілулі ойыншықтардан жинап алып, кейін қарай жарыса қайтады. Кім көп ойыншық жинаса, сол топ көп ұпайға ие болады.

ІІІ. «Аққала құрастыру»
Әр топтан екі - екіден ойыншы шығып, қардан домалата астыңғы бөлігін жасайды. Әуелі астыңғы бөлікті жасап алған соң, алғашқылары кейін жүгіре қайтып, өз тобына қосылады да, дайын тұрған келесі ойыншылар ортаңғы бөлікті жасауға кіріседі. Бітірген жұп кейін қайтып, келесілер үстіңгі бөлігін жасап бітіріп, мұрнын, көзін жасайды. Қай топ алғашқы болып бітірсе, сол топ көп ұпайға ие болады.

ІV. «Апандағы аю»
Балалар барлықтарыңда білесіңдер, аюлар қыста өз апандарында ұйқыда жатады. Олар өздерінің мазасын алғанды онша көп ұната бермейді. Ал бізге орманға барып, саңырауқұлақтар теріп әкелу қажет. Қайткенменде дыбысымызды білдірмей, сақ жүре отырып, алдымыздан кездескен кедергілерден жүре отырып, саңырауқұлақ тереміз. Бұталардың арасымен өткенде, сылдырлатпай, еш жерімізді тигізбей өтуміз керек. Ендеше, кеттік.
Екі ойыншымыз екі жақтан лентаны кере ұстап тұрады. Әр топтан бір - бірден ойыншы шығып, лентаны астымен кеудесіне тигізбей, шалқалап өтіп, туннельден өтіп, саңырауқұлақтарды теріп алып, кейін қарай гимнастикалық отырғыштар астымен еңбектеп өтіп барып, тез орнынан тұрып, жүгіре өз тобына қосылады. (Аюдың орнында бір бала ұйықтап жатады). Егер де сәл дыбысқа аю оянып кетсе, ол тап бергенде ойыншы денесіне дарытпай, қашып үлгеруі керек. Аюға ұсталған топтың ұпайы кемиді.

Осымен, бүгінгі мерекеміздің соңын қорытындылап, жеңімпаз топты марапаттап, ауыспалы жалауымызды тапсырамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет