«Бекітемін» Г. А. Шаймолдина Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп



бет2/8
Дата03.11.2019
өлшемі196,84 Kb.
#51061
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1), Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)

«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: 3 № 6 сабақ

Тақырыбы: Бабалар сөзі-даналық көзі

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: риясыз жақсылық жасау,сыйластық,мейірімділік




Ресурстар

Мақсаты: Бабалар сөзі-даналық көзі тақырыбын түсіндіру,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- риясыз жақсылық жасауға үйрету

-сыйлы қарым-қатынас орнатуға баулу

- оқушыны риясыз жақсылық жасауға,сыйластыққа,мейірімділікке тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

6 сабақ, 26 бет «Ата өсиеті» мәтінін оқу.

*Атаның айтқан өсиеті қандай?

*Сендер талап пен еңбек деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

*Асан ата неге немересінің жауабына риза болды?

* «Ақыл жастан» дегенді қалай түсінесіңдер?

*Сендер үлкендерден естіген қандай дана сөздерді білесіңдер?

*Өздеріңнің орталарыңда қандай сыйластық орнаған?

Дәйексөз

«Сүйіспеншілікті данадан үйрен»

Халық мақалы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Төле би аңыз

1.Төле биге кім ізеттілік көрсетті?

2. Данагүл үлкен адамдарға қандай құрмет көрсетті?

3.Төле бидің бата беруіне не себеп болды?

1.Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Сүйіспеншілікті даналардың қандай істерінен көреміз?

3.Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

Бабалар айтқан қандай өсиет сөздерді білесіңдер.Айтуға дайындалыңдар

Топпен ән айту:

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Үй тапсырмасы. 7 сабақ, 31 бет «Туысқан ел» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.





«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: 3 № 7 сабақ

Тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: қайырымдылық,сыйластық,достық




Ресурстар

Мақсаты: Бірлігі жарасқан халықпыз тақырыбын түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-қайырымдылық жасауға дағдыландыру

-сыйлы қарым-қатынас жасауға баулу

- оқушыларды қайырымдылыққа,сыйластыққа,достыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

7 сабақ, 31 бет «Туысқан ел» мәтінін оқу.
*Бір-бірімен туысқан елдердің достығы қандай?

* Біздің елімізде қандай ұлттар бар?

*Не үшін Қазақстан бақытты ел деп санайсыңдар?

*Бірлік,татулық дегенімізді қалай түсіндіңдер?

*Әр түрлі ұлт өкілдерін туысқан деп айтады?

*Өздеріңнің өзге ұлт өкілінен достарың бар ма?

Дәйексөз

«Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады»

Мақал

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Менің отаным-Қазақстан

1.Қазақстан қандай ұлт?

2.Қай ұлттың салт-дәстүрін білесіңдер?

3.Қазақ елінің қандай батыр ұлдарын білесіңдер?

1.Бірлігі жарасқан ұлттардың сыйластығы қандай?

2.Елдердің ынтымағы мен бірлігінің мемлекетке тигізер маңызы қандай?

3.Өздеріңнің өзге ел азаматтарына деген көзқарастарың қандай?
Шығармашылық жұмыс.

«Менің бақытты елім» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар

Топпен ән айту:

«Достық» әні

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ,жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Туыспыз біз бәріміз,

Біз Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз.

Үй тапсырмасы. 8 сабақ, 35 бет «Біздің Мәншүк» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: 3 № 8 сабақ

Тақырыбы: Отан сүйген ұланбыз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жанашырлық ,риясыз қызмет ету,адалдық




Ресурстар

Мақсаты:

Міндеттері:

-жанашырлыққа үйрету

-риясыз қызмет етуге баулу

- оқушыларды жанашырлыққа, риясыз қызмет етуге,адалдыққа тәрбиелеу.

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

8 сабақ, 35 бет «Біздің Мәншүк» мәтінін оқу.

*Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары кімдер еді?

*М.Мәметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі неде?

*Батыр қыздың ерлігі қалай бағаланды?

*Батырларды шайқасқа қандай сезім жетеледі?

*Отан үшін ерлік жасаған тағы кімдерді білесіңдер?

*Өздерің Отанға деген сүйіспеншілікті қандай іспен дәлелдер едіңдер?

Дәйексөз

«Отан үшін отқа түс-күймейсің»

Б.Момышұлы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Б.Момышұлы туралы әңгіме

1.Бауыржан атаның өмірге деген көзқарасы қандай?

2. Бауыржан Момышұлының мінезі қандай болған?

3.Б.Момышұлының қандай еңбектерін білесіңдер?

1.Отан неліктен қымбат?

2.Отанға деген сүйіспеншілікті қалай көрсетер едіңдер?

3.Өздерің Отандарыңды қалай құрметтеудесіңдер?
Шығармашылық жұмыс.

Дәптерлеріне «Отан» сөзінің жалғасын өздері жазуға ұсынылады.

Топпен ән айту:

Күн күледі

Сөзін жазған Қ. Толыбаев.

Әнін жазған И. Нүсіпбаев
Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

Қайырмасы

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

Жалбыр шашы-гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.Үй тапсырмасы. 9 сабақ, 37 бет «Алғыс» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 8 сабақ

Тақырыбы: Ризашылық пен алғыс

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: риясыз жақсылық жасау,мейірімділік,қамқорлық




Ресурстар

Мақсаты: Ризашылық пен алғыс тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-риясыз жақсылық жасауға үйрету

-мейірімді іс жасауға баулу

- оқушыларды риясыз жақсылық жасауға,мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

9 сабақ, 37 бет «Алғыс» мәтінін оқу.

*Қасым мен Қасен анасына не үшін алғыс айтты?

*Қасым мен Хасен тағы қандай алғыстар айтты?

*Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?

*Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

*Адам өзінің ризашылығын ,алғысын қандай сөздермен білдіреді?

*Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

Дәйексөз

«Өмірге риза болып, алғыс айт»

Халық даналығы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Ризамын саған- Ұстазым!

әңгіме

1.Ұстаз еңбегі неге жоғары?

2. Ұстазға тағы қандай алғыстар айтасыңдар?

3.Ұстаздан естіген алғыс сөз Нұржанға қалай әсер етті?

1.Алғысты не үшін бар сүйіспеншілігіңмен айтуың керек?

2.Алғыс айту мен алғыс алудың маңызы неде?

3.Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға бөлініп тапсырмалар бойынша сахналау ұсынылады.

* Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;

*Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;

*«Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау;.

Топпен ән айту:

Көңілді балалар әні

Сөзі мен әні: Е Өтетілеулов

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.
Жазда гүлдер тереміз,

Қыста шаңғы тебеміз.

Думандатып өңірді,

Демаламыз көңілді.

Үй тапсырмасы. 10 сабақ,43 бет «Жанашыр» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет