«Бекітемін» Г. А. Шаймолдина Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп



бет8/8
Дата03.11.2019
өлшемі196,84 Kb.
#51061
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1), Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)

«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 32 сабақ

Тақырыбы: Денсаулық-зор байлық

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: төзімділік,еңбекқорлық,қарапайымдылық




Ресурстар

Мақсаты: тақырыбын түсіндіре отырып, құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-еңбекқор болуға үйрету

- төзімділік қасиеттерін дамыту

- оқушыларды төзімділік,еңбекқорлық,қарапайымдылыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

32 сабақ,131 бет «Ең үлкен байлық» мәтінін оқу.

*Жігіт неге шағымданды?

*Жігіт байлықты қалай түсінді?

*Үлкен адамның кеңесінен сол жігіттің «байлық» туралы көзқарасы өзгерді ме?

* Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

* Өздеріңе спортпен қандай түрлері ұнайды?

* Сендер қандай спорт түрімен шұғылданасыңдар?

Дәйексөз

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір»

Халық мақалы.

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Жақсылыққа жақсылық

аңыз

1.Бала неге жақсылық жасағысы келмеді?

2. Ол жалбыз шөбін анасы үшін қалай тапты?

3.Анасы ауруынан қалай айықты?

1.Спорттың өмірдегі маңызы қандай?

2.Сендер үшін бағалы байлықтар қандай?

3.Өздерің спорттың қандай түрімен айналысасыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

«Бағалы байлықтар» тақырыбында тапсырма беріледі,сол тапсырманы орындайды

Топпен ән айту:

Біз бақытты балдырғандар

Сөзін жазған: М. Әлімбаев

Әнін жазған: И Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.
Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.
Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы
Үй тапсырмасы. 33-34 сабақ, 134-138 бет «Әдепті сөз» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары



Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 33-34 сабақ

Тақырыбы: Өзін-өзі танудан үйренгенім

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық,жанашырлық,мейірімділік




Ресурстар

Мақсаты: Өзін-өзі танудан үйренгенім тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-шынайы болуға үйрету

- мейірімділік қасиеттерін дамыту

- оқушыларды шынайылық,жанашырлық,мейірімділікке тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

33-34 сабақ, 134-138 бет «Әдепті сөз» мәтінін оқу.

*Әдепті сөзді кімнен үйренді?

*Үлкендерден қандай әдепті сөздерді үйренуге болады?

*Әдеппен сөйлеудің өмірлік маңызы қандай?

*Жаныңдағы адамдардан қандай жағымды қасиеттерді көргің келеді?

*Ата-анаңмен қандай тақырыпта сөйлескенді қалайсың?

*Өзің достарыңа қандай кеңес берер едіңдер?

Дәйексөз

«Бақытты болғың келсе,ізгі істерге бойыңды үйрет,жаман әдеттен қаш»

Нақыл сөз

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Өзін-өзі тану елі

ертегі

1.Өзін-өзі тану елі қалай құрылды?

2. Құрылудағы маңызы қандай?

3.Өмірлік қандай құндылықтарды қалыптастырады?

1.Өмірдегі құндылықпен қасиеттің маңызы қандай?

2.Өздеріңнің ізетті екендеріңді қалай білдіресіңдер?

3.Өзін-өзі тану пәнінен нені үйрендіңдер?
Шығармашылық жұмыс.
Топпен ән айту:
Үй тапсырмасы. сабақ, бет «» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет