«Бекітемін» Г. А. Шаймолдина Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп



бет7/8
Дата03.11.2019
өлшемі196,84 Kb.
#51061
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1), Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)

«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: №28 сабақ

Тақырыбы: Туған жер ғажаптары

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: құрметтеу,тазалық,жанашырлық




Ресурстар

Мақсаты: Туған жер ғажаптары тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-әр нәрсеге құрметпен қарауға дағдыландыру

- жанашырлық қасиеттерін арттыру

- оқушыларды құрметтеу,тазалық,жанашырлыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру:

28 сабақ,115 бет «Армысың алатау» мәтінін оқу.
* Әкесі мен баласының туған жеріне деген сүйіспеншілігін неден аңғаруға болады?

* Әкесі мен баласы тауды көргенде неге асқақ сезімде болды?

* Атасы не үшін «Алатауға сәлем бер» деген өсиет қалдырды деп ойлайсыңдар?

* Сендер де табиғатқа күнде сәлем бересіңдер ме? Неліктен?

* Өздеріңнің туып-өскен жерлеріңді көргенде, ойлағанда қандай сезімде боласыңдар?

*Туған жерге жанашырлықты қалай танытудасыңдар?

Дәйексөз

«Туған жер алтын бесік, асыл анам.»

Ғ. Қайырбеков.

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Қазақстан табиғаты

Бейне ролик

1.Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білеміз?

2. Өздеріңе қай өлкенің табиғаты ұнады?

3.Болашақта қай қалада тұрғыларың келеді?

1.Өз туған жерлеріңді қалай көркейткілерің келеді?

2.Табиғатқа қалай жаншырлық танытудасыңдар?

3.Өздерің орта тазалығын қалай сақтаудасыңдар?

Шығармашылық жұмыс.

«Ғажайып жерлер» көрмесін жасау

Топпен ән айту:

Туған ел

Сөзін жазған: Ә. Сәрсенбаев

Әнін жазған: Л. Хамиди

Сүйікті туған ел,

Шарықтап өсе бер!

Ардақты ата-ана

Азаттық күресте

Шынығып, өскен ел.

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!

Үй тапсырмасы. 29 сабақ, 30 бет «Адамның артықшылығы» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 29 сабақ

Тақырыбы: Табиғат сыйы

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық,аялау,тазалық




Ресурстар

Мақсаты: Табиғат сыйы тақырыбын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- қамқорлық жасауға үйрету

-табиғатты аялап құрметтеуге баулу

- оқушыларды қамқорлық,аялау,тазалыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

29 сабақ, 30 бет «Адамның артықшылығы» мәтінін оқу

*Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?

*Адамның артықшылығы қандай?

*Адамдар табиғатты қалай аялауда?

* «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?

* Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?

* Төмендегі суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады?

Дәйексөз

«Табиғатым аң-құсымен ажарлы»

Р. Сәтімбеков.

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Табиғат таңғажайыбы

Бейне ролик

1.Табиғаттың әдемілігін қалай сезіндіңдер?

2. Табиғат қандай жан тынштығын сыйлайды?

3.Табиғаттың осындай көркем туындысын көргенде бойыңда қандай қуаныш болады?

1.Табиғатпен адам неге тығыз байланыста?

2.Табиғатқа қалай қорған болудасыңдар?

3.Өздерің табиғат үшін не жасаудасыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға әр түрлі құстың аты жазылған жұлдызшалар таратылып беріледі. Сол құстың қасиетін айтып шығу ұсынылады.

Топпен ән айту:

Күн күледі

Сөзін жазған Қ. Толыбаев.

Әнін жазған И. Нүсіпбаев
Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

Қайырмасы

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

Жалбыр шашы-гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.

Үй тапсырмасы. 30 сабақ, 123 бет «Наурызгүл» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.



«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 30 сабақ

Тақырыбы: Табиғат сыйы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық,жанашырлық,мейірімділік




Ресурстар

Мақсаты: Табиғат сыйы тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- қамқорлық жасауға үйрету

-жанашырлық қасиеттерін дамыту

- оқушыларды қамқорлық,жанашырлық,мейірімділікке тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

30 сабақ, 123 бет «Наурызгүл» мәтінін оқу.

* Қызды наурызгүлдің қандай қасиеті емдеді деп ойлайсыңдар?

* Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма? Неліктен?

*Наурызгүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?

*«Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?

* Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?

* Төмендегі суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады?

Дәйексөз

«Табиғаттың әдемілігі-адам жанының тазалығы..»

В. А. Сухомлинский.

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Жетісу табиғаты

бейнеролик

1.Табиғат ерекшелігі туралы не айтасыңдар?

2. Табиғаттың әдемілігін қалай бейнелеуге болады?

3.Табиғаттағы судың маңызы қандай?

1.Табиғат-ана бізге не үшін жасыл желек өсімдіктерін сыйға ұсынады?

2.Өсімдіктің адам өмірінде қандай маңызы бар?

3.Өздерің жасыл желекті қалай өсіресіңдер?

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың адам мен табиғаттың бір-бірімен байланыстылығы туралы пікірлері шығармашылық жұмыс арқылы тыңдалады.

1-тапсырма: табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу:

2-тапсырма: адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу.

Топпен ән айту:

Біз бақытты балдырғандар

Сөзін жазған: М. Әлімбаев

Әнін жазған: И Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.
Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы

Отырғызып балғын шыбық,

Сән береміз өңірге.

Еңбекте де біз құлшынып,

Талпынамыз өнерге.

Үй тапсырмасы. 31 сабақ,128 бет «Қандай тілек жақсы» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 31 сабақ

Тақырыбы: Жаны саудың-тәні сау

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық,жанашырлық,тазалық




Ресурстар

Мақсаты: Жаны саудың-тәні сау тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- қамқорлық жасауға үйрету

- жанашырлық қасиеттерін дамыту

- оқушыларды қамқорлық,жанашырлық,тазалық тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

31 сабақ,128 бет «Қандай тілек жақсы» мәтінін оқу.

*Амантайдың апасы неге мазасызданды?

*Амантай апасына қандай қамқорлық танытты?

*Апасы Амантайға қандай ақыл айтты?

*«Жаны саудың-тәні сау» дегенді қалай түсінесіңдер?

* Адам өз денсаулығын қалай жақсарта алады?

* Өздерің белгілеген күн тәртібін орындай аласыңдар ма?

Дәйексөз

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»

Т. Карлейль.

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Алтын сөз

Н.Айтов

1.Неге үлкендер ұсақ болма,ірі бол дейміз?

2. Үлкендердің айтқан ақылының маңызы қандай?

3.Ата сөзін алтынға теңеудің себебі қандай?

1.Денсаулықты қалай нығайтуға болады?

2.Денсаулық пен табиғаттың байланысы қандай?

3.Өздерің денені қалай шынықтырасыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

«Жаның сұлу болсын!» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

Топпен ән айту:

Біз бақытты балдырғандар

Сөзін жазған: М. Әлімбаев

Әнін жазған: И Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.
Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы

Отырғызып балғын шыбық,

Сән береміз өңірге.

Еңбекте де біз құлшынып,

Талпынамыз өнерге.
Үй тапсырмасы. 32 сабақ,131 бет «Ең үлкен байлық» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет