«Бекітемін» Г. А. Шаймолдина Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп



бет5/8
Дата03.11.2019
өлшемі196,84 Kb.
#51061
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1), Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)

«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 4 Оқушы саны: № 18-19 сабақ

Тақырыбы: Ұқыпты бала – әдепті бала

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік,тәртіптілік,жинақылық




Ресурстар

Мақсаты: Ұқыпты бала – әдепті бала тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- әдептілікке үйрету

- жинақылыққа дағдыландыру

- оқушыларды әдептілік,тәртіптілік,жинақылыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру:

Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?

* Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?

* «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?

* Сендер өз уақыттарыңды қалай үнемдейсіңдер?

*Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

* Ұқыптылық не үшін қажет?

* Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәме

М.Гумеров

*Ақылбектің ұқыптылығы неден көрінді?

*Ақылбек ұқыптылыққа өзін қалай тәрбиеледі?

*Ақылбекке қандай ақыл айтар едіңдер?

Дәйексөз

«Ұқыптының уақыты мол»

М. Әлімбаев.

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Ұқыпты және ұқыпсыз қыздар

1.Ұқыпсыздықтан қалай арылды?

2. Оған кім көмек берді?

3.Оларды байланыстырған не нәрсе?

1.Тәртіпті адамды қалай анықтаймыз?

2.Ұқыптының әрекеті уақытын неге үнемдейді?

3.Өздерің ұқыптылық туралы не айтасыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

1.Берілген тапсырмаларды сахналап көрсетеді.

Көшедегі, қоғамдық көліктегі, жол үстіндегі және табиғат аясындағы мінез-құлық ережелерін сахналап беру ұсынылады.

2.Көп нүктенің орнына ұқыпты,ұқыпсыз сөздерін қойып,мақал мен жаңылтпашты оқыңдар?

Топпен ән айту:

Бір аптада

М. Жаманбалинов

Бір аптаның күндері өтті:

Дүйсенбіде гүлдер ектім,

Сейсенбіде жуа тердім,

Сәрсенбіде су әкелдім,

Бейсенбіде бақша баптап.

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде киноға бардым,

Жексенбіде бір демалдым.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы.
Үй тапсырмасы. 20 сабақ, 87 бет «Құмға салған сурет» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 20-21 сабақ

Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: сүйіспеншілік,ішкі тыныштық

Қасиеттер: қабілеттілік,талап,еңбексүйгіштік




Ресурстар

Мақсаты: Өнерлі бала сүйкімді тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- қабілетіне қарай бағыттау

-талапты орындауға баулу

- оқушыларды қабілеттілік,талап,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

20 сабақ, 87 бет «Құмға салған сурет» мәтінін оқу.

* Әбілханның өнергі құштарлығы қалай көрінді?

* Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?

* Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

*«Өнерлі өрге жүзер» дегенді қалай түсінесіңдер?

* Адам өнерді не үшін үйренеді?

«Ақын деген кім?» әңгімесі

* Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

* Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?

*Өнер неге жан тыныштығын береді?

Дәйексөз

«Адамның сәні-өнер, білім, ақылы»

Жетес шешен

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Өмір таны,өнер қу

Д.Әлімжанов

1.Өнердің өмірдегі маңызы қандай?

2. Өнер қандай жетістіктерге жеткізеді?

3.Өнерлі адамды неліктен ел сыйлайды?

1.Өнерді бар жаныңмен жақсы көру сені биікке көтереді?

2.Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады?

3.Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Шығармашылық жұмыс.

Оқулықта берілген суреттерге қарап, өз өнерлері туралы айтып беру ұсынылады

Топпен ән айту:

Әнші балапан

Сөзін жазған Қ. Қазыбекұлы.

Әнін жазған М. Омаров.

Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің .

Қайырмасы

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан

Үй тапсырмасы. 22 сабақ,94 бет «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 22 сабақ

Тақырыбы: Ақыл-жастан, асыл-тастан.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ақылдылық,сыйластық,саналылық




Ресурстар

Мақсаты: Ақыл-жастан, асыл-тастан тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- істі ақылмен шешуге үйрету

-сыйлы қарым-қатынас құруға баулу

- оқушыларды ақылдылық,сыйластық,саналылыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

22 сабақ,94 бет «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» мәтінін оқу.

*Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

*Қыздың бойында қандай қасиеттер бар?

*Шешен жігіт қыздың ақылдылығына неге қайранқалды?

*Достарыңның іс әрекеттері туралы не айтасың?

*Үлкендер сендерге қандай ақыл айтады?

*Өздерің ақылдылық көрсеткен кездерің болды ма?

Дәйексөз

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл»

Жетес шешен

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Ақылды Арұлан

ертегі

1.Арұланның ақылдылығы қандай ісінен көрінді?

2. Арұлан қандай бала?

3.Оны неге барлығы мақтайды?

1.Кімнен ақыл сұрайсыңдар ?Неге?

2.Ақылды болу үшін қандай болу керек?

3.Өздеріңнің ақылды достарыңның бойларында қандай қасиеттер қалыптасқан?

Шығармашылық жұмыс.

Қағаз құрамақтарынан ойланып отырып кеме,үй,жануарлар құрау

Сахналау

Байлық,бақыт,ақыл

ертегі

Топпен ән айту:

Аташымның батасы

Ә. Табылдиев.

Бойыма, күшіме,

Ойыма, ісіме

Сеніп тұр аташым,

Беріп тұр батасын:

-Шырағым зейінді

Бол, кішіпейілді.

Оқуда, еңбекте

Үлгі бол сен көпке.

Қиыннан тартынба,

Сый көрсет қартыңа,

Сыйлы бол халқыңа,

Осындай бата алдым,

Досымдай атамның

Орындап талабын,

Алғысын аламын.

Үй тапсырмасы. 23 сабақ, 98 бет «Маңдай тер» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 23 сабақ

Тақырыбы: Еңбектің наны тәтті

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбексүйгіштік,мақсаткерлік,шыдамдылық




Ресурстар

Мақсаты: Еңбектің наны тәтті тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- еңбексүйгіштікке үйрету

- шыдамдылық қасиеттерін дамыту

- оқушыларды еңбексүйгіштік,мақсаткерлік,шыдамдылық тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

23 сабақ, 98 бет «Маңдай тер» мәтінін оқу.

*Хамиттің атасы қандай адам?

*Хамит атасынан не туралы сұрады?

*Атасы Хамитке «Маңдай тер» дегенді қалай түсіндірді?

*Адамдар не үшін еңбек етеді?

*Еңбекқор болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

*Өздерің еңбектің қай түрімен айналысудасыңдар?

Дәйексөз

«Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар»

Халық мақалы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Еңбекқор мен еріншек

(айгөлек журналынан)

1.Хан балаларын қалай тәрбиеледі?

2. Халық балаларды қалай бағалады?

3.Ханның балалары қандай болып өсті?

1.Еңбекті бар ниетіңмен жасасаң зейнетін көресің дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Адамға еңбекқорлық не үшін қажет?

3.Өздеріңнің еңбекке шыдамды,төзімді достарың туралы не айтасыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

Өздеріңе ұнайтын еңбек тақырыбына сурет салыңдар.

«Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?»-деген сұраққа жауап беріңдер.

Топпен ән айту:

Біз бақытты балдырғандар

Сөзін жазған: Ө Байділдаев

Әнін жазған: М. Әлімбаев

Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз, билейміз,

Үлкендерді сыйлаймыз да,

Тентектерді сүймейміз.

Қайырмасы:

Біз-бақытты,

Біз-бақытты,

Біз-бақытты балдырған.

Тату-тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.

Қайырмасы

Отырғызып балғын шыбық,

Сән береміз өңірге.

Еңбекте де біз құлшынып,

Талпынамыз өнерге.
Үй тапсырмасы. 24 сабақ, 101 бет «Алтынмүйіз» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет