Дәрістің мазмұны. Электронның спині.
Атомдағы электронның магниттік қасиеті. Магниттік және механикалық моменттердің байланысы. Магниттік моменттің квантталуы. Спинді ескерген жағдайдағы электронның толқындық функциясы. Атомның механикалық және магниттік моменті. атомның толық магнит моменті. Атомның векторлық моделі. Спин прицессиясы.
Спин басқа да элементтер бөлшектерге тән, оның меншікті мәндері бүтін де болуы мүмкін. Спин термині «айналу» атты сөзінен шықсада, шын мәнінде элементар бөлшек айналып тұр деген сөз емес. Спин элементар бөлшектерінің заряды, массасы сияқты өздеріне тән ажырамас қасиеті, олардың ішкі сипаттамалары. Заряд, масса скалярлық шамалар болса, спин векторлық шама. Сондықтан элементар бөлшектер табиғатында ішкі векторлық сипаттамасы да болады екен. Спинді релятивтік негізден, ешқандай гипотезаға сүйенбей, 1928жылы Дирак дәлелденген.
Спині жартылай бүтін бөлшектер жүйесі антисимметриялы толқындық функциямен, ал спині бүтін бөлшектер симметриялы толқындық функциямен өрнектеледі. Осы қағиданы Паули тағайындаған. Бұл ереже тәжірибелер қорытындыларын жалпылау немесе бірдей бөлшектерді ажырата алмау ұстанымы түріндегі негізгі постулат болып табылады.
Антисимметриялы толқындық функциямен өрнектелетін бөлшектерді фермиондар немесе Ферми бөлшектері деп, ал симметриялы толқындық функциямен өрнектелетін бөлшектерді бозондар немесе Бозе бөлшектері деп атайды.
Әдебиет: [2] § 68-72; [3] X § 52,53
Дәріс №12
Тақырып: Сутегі тәріздес атомдар.
Достарыңызбен бөлісу: |