Бекітемін Келісемін Қаралды



бет1/3
Дата05.08.2024
өлшемі86,5 Kb.
#203671
  1   2   3
Байланысты:
Жылу кубылысы 8 сынып фак


«Қ. Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі»


коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жылу, электр және жарық


құбылыстары

8 сыныпқа арналған таңдау курсының жоспары


Пән мұғалімі: М.Тастанова


Сызған ауылы


2020жыл

Бекітемін Келісемін Қаралды
Мектеп директоры Оқу ісі орынбасары ПӘБ жетекшісі
С. Бегманұлы М. Шыныбаев Ж. Манабаева


Түсінік хат
Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушыларға қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер оқушылардың танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады. Физика- эксперимент пен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады.
Курстың өзектілігі: Жылу, жарық, электр құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;
Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері туралы, физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды экспериментте қолдану туралы қажетті білім береді. Практикалық бөлім фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады. Фронтальды зертханалық жұмыстар курстың теориялық материалын тереңдетумен қатар оқушылардың біліктерін қалыптастырады.
Курстың мақсаты және міндеттері:
Курстың негізгі мақсаты- ғылыми білімнің ілгері негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірбиелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету. Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

  • Білім берудіңжоғары сапасын қамтамасыз ету бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;

  • Мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу,

  • Пәнаралық (химия математика т.б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;

  • Белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру, жаңашылдылыққа баулу;

  • Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;

  • Дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі- табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интелектуалды дамуын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет