ІІІ апта
«Көңілді жаз»
|
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1.Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. 50см жоғары көтерілген доғаның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп өту. 20-25см биіктіктен секіру.
Қимылды ойын: «Балық аулаймыз»
2.Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Бөрене арқылы еңбектеп өту. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру(3,5-6,5м кем емес).
Қимылды ойын: «Кеттік, серуенге»
3.Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру.
5метрден 3 рет жүгіру. Допты кедергі арқылы лақтыру.(2м. ара қаш-а).
Қимылды ойын: «Шуақты күн»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Жайлау көркі»
Мақсаты: Ұсынылған тақырыпқа әңгіме құрауға,сөз ұйқасын таба отырып, сөйлем құрастыру дағдыларын жетілдіру . Сурет бойынша балалардың шығармашылық тілін дамыту.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дид-қ ойын: «Сөзге сөз қос»
Көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Жайлауда» өлеңі
Н.Жанаев
Мақсаты: Өлең желісі бойынша сұрақтарға жауап беру, өлеңді жатқа айту дағдыларын бекіту. Өлеңнің ұйқасын, ырғағын, қуанышты сүйсінуді бере білулерін дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дид-қ ойын: «Табиғатпен сырласу»
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Саяхатқа дайындық»
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру, математикалық ұғымдарын түсіну, берілген тапсырмаларды орындау. Өзінің айналасындағы заттардың орналасуын (оң,сол,алда,артта,жоғары
-да,төменде,алыс,жақын) анықтау дағдыларын жетілдіру.
Дид-қ ойын: «Қандай пішінді көріп тұрсың?»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қош келдің, жаз!»
Мақсаты: Жазғы уақытта болатын маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Құрдастарымен және ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын дамыту.Қарапайым жаратылыстану ғылымдық түсініктерін тәрбиелеу.
Дид-қ ойын: «Жаздағы түстер»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Көңілді жаз» (Еркін тақырып)
М
|