«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет3/44
Дата19.05.2017
өлшемі10,13 Mb.
#16400
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Терапия бакалавриат кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Э.К.
Морфологиялық пәндер кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сисабеков К.Е.

Қалыпты және патологиялық физиология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Жолымбекова Л.Д.

Мейірбике ісі негіздері

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Алдешев А.А.

Акушерия және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Тлеужан Р.Т.

Хирургиялық пәндер

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Жумабаев Т.Ж.

Педиатрия және хирургия

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Қарабеков А.Қ.

Неврология, психиатрия, психология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дущанова Г.А.

Жұқпалы аурулар, дерматовенерология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор м.а. Абуова Г.Н.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Терапия бакалавриат кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы

мейірбике ісі

Пән коды PVBSDT 2211

Мамандық 051101 «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының

(кредиттің) көлемі 180 (4 кредит)

Курсы 2

Оқу семестрі 4

2013-2014 оқу жылы

Силлабус 051101 «Мейірбике ісі» мамандығына арналған «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі» жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Силлабус терапия бакалавриат кафедра мәжілісінде талқыланды
Кафедра меңгерушісі, профессор Бекмурзаева Э.К.

Хаттама № _____


«_____» _______________ 2013ж.

7) Оқытушылар туралы мәлімет:




Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, атағы

Атқаратын жұмысы

Ғылыми бағыттары

Жетістіктері

1.

Бекмурзаева Э.К.

кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

Гастроэнтерология, еңбек гигиенасы

КД ,терапия, конгресс және еңбек гигиенасынан сертификаттар

2

Қауызбай Ж.Ә.

профессор м.а.

Гематология, кардиология

терапия, және конгресстер сертификаттары

3

Сейдахметова А.А.

оқу ісінің меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а.

Гастроэнтерология, ревматология, кардиология

КД, терапия, инновац.оқыту және конгресс сертиф.

4

Садыкова Г.С.

м.ғ.к., доцент м.а.

Клиникалық фармакология

Конгресс сертификаты

5

Абдукаримова Ж.М.

Ассистент

Кардиология

Терапия, инновац оқыт. сертиф.

6

Ибрагимова Р.Б.

Ассистент

Гематология, кардиология

Конгресс сертификаты

7

Байдуллаев Б.М.

Ассистент

Гастроэнтерология, психология

Конгресс сертификаты

8

Корганбаева Х.Т.

Ассистент

Терапия

Конгресс сертификаты

9

Умиралиева Г.А.

Ассистент

Терапия

Конгресс сертификаты

10

Сейдалиева Ф.М.

Ассистент

Гастроэнтерология, профессиональные болезни

Конгресс сертификаты, инновац оқыт. сертиф.

11

Каузбаева М.С.

Ассистент

Терапия

Конгресс сертификаты

12

Абдраимов Е.Б.

Ассистент

Терапия

Конгресс сертификаты

13

Азизова А.А.

Ассистент

Клиническая фармакология

Конгресс сертификаты


8) Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен-жайы: Шымкент қаласы, АО ШФ ЖГМК Теміржол ауруханасы, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы – Тверская көшесі. Оңтүстік Қазақстан облысының мүгедектерді оңалту орталығы – Иляев көшесі 75, Каз НИИ Хим Проект, эл.пошта – terapіya-baкalavriat@mail.ru



9) Пәннің саясаты:

1.Сабаққа уақытылы келу

2. Халат пен қалпағының болуы

3. Оқу үрдісіне белсенді қатысу

4. Ұялы сым тетіктерін өшіріп қою

4. Сабақты жібермеу, ауру себебімен жіберілсе деканаттан рұқсат қағаз әкелу

5. Жіберілген сабақты кафедраның өтем сабақ қабылдау кестесіне сай, 1 апта аралығында өтеуі тиіс

6. СӨЖ –сы тапсырмаларын өз ұақытында орындау

7. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда оқу аяқталғанда қорытынды баға төмендетіледі.

2. Бағдарлама

1) Кіріспе

Ішкі аурулар пропедевтикасының мақсаты науқастарды зерттеу тәсілдеріне, семиотикасына, ішкі аурулардың синдромдарын диагностикалауға үйрету болып табылады. Пропедевтикалық терапияның негізгі мақсаттарын игермей, келесі курстарда жоғарғы білімді мейірбике мамандығы бойынша сапалы мамандар дайындау мүмкін емес. Терапиядағы мейірбике ісі ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалғасы болып табылады, оның түбірі мейірбикелік үрдістің мейірбике ісі негіздері бағдарламасына негізделген. Қазіргі кезде мейірбике үрдісі мейірбикелік білім мен тәжірибенің негізі болып табылады.


2) Пәннің мақсаты: студенттерді ішкі ағза аурулары бар науқастардың тексеру тәсілдерін, мейірбикелік процессті үйымдастыруды үйрету.
3) Оқыту мақсаттары:

1. студенттерді науқастарды зерттеуге үйрету /сұрастыру, қарау, пальпация перкуссия, аускультациялау/.



  1. ішкі ағзалар ауруларының ағымындағы негізгі симптомдарын және синдромдарын анықтауға үйрету.

  2. зерттеу жоспарын құрып және негізгі лабораторлы-аспапты зерттеу тәсілдеріне тұжырым жасауды үйрету.

  3. ішкі ағзалар ауруларының негізгі емдеу принциптарымен таныстыру

  4. ішкі аурулар клиникасында жедел жағдайлар кезіндегі жедел көмекті көрсету тәсіліне үйрету

  5. ішкі ағзалар ауру науқастарына мейрбикелік үрдісті ұйымдастыруды үйрету


4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
студент білуі тиісті:

  • физикалық зерттеу нәтижелерінің қалыпты және патологиядағы белгілерін

  • ішкі ағзалар ауруларының негізгі клиникалық синдромдар мен симптомдары және олардың пайда болу механизмдерін

  • кейбір жедел жағдайлар кезіндегі симптоматологиясын және медициналық көмек көрсетудің негізгі принциптерін.

  • ішкі ағзалар ауруларының клиникалық көріністерін, себептерін, оларды емдеу және алдын-алу принциптерін.

  • ішкі ағзалар ауруларындағы мейрбикелік үрдістің негіздерін

істеуге білу тиісті:

  • ішкі ағзалар ауруларын сұрастыруды, науқасты физикалды тексеруді және негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтауды.

  • өз бетінше негізгі клиникалық патологиялық синдромдарды анықтапмейірбикелік диагнозды негіздеуді.

  • лабораторлы-аспапты зерттеу тәсілдерінің нәтижелерін тұжырымдауды.

  • жедел жағдайларды диагностикалау (ангинозды статус, гипертониялық криз, анафилактикалық шок, бронхиалды астма ұстамасы, жедел сол қарыншалық жетіспеушілік)

  • мейрбикелік үрдіс жоспарын құруды

дағдыларды меңгеруге тиісті:

        • науқасты жалпы қарау

        • пальпация, перкуссия, аускультация жасау

        • ішкі ағзалар ауруларындағы мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

        • мейірбикелік үрдіс кезеңдерін іске асыру

  • жедел жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету (гипертониялық криз, стенокардия ұстамасы, бронхиалды астма ұстамасы, анафилактикалық шок)


5) Реквизитке деінгі: анатомия, физиология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, мейірбике ісі негіздері
6) Реквизиттен кейінгі: акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі, хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі, педиатриядағы мейірбике ісі, неврологиядағы мейірбике ісі, эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі.
7) Пәннің қысқаша мазмұны науқасты жалпы қарау, науқастарды физикальды тексерулер: пальпация, перкуссия, аускультация, лабораторлы-аспапты зерттеулердің қорытындысын талдау, негізгі клиникалық синдромдар, көп кездесетін ішкі ағза аурулары.
8) Тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, лабораториялық сабақтардың): тақырыптар, өткізу түрі мен ұзақтығы.
Дәрістің тақырыптық жоспары




Тақырыптары

Өткізу түрі

Сағ.




№1 кредит







1

Жалпы медициналық білім беруде ішкі аурулар пропедевтикасының маңызы. Ішкі аурулар пропедевтикасының мақсаты. Ауру тарихының схемасы. Науқастарды сұрастыру және қарау.

Дәрістерді шолу

1

2

Тыныс мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері.

Мәселелік

1

3

Тыныс мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері.

Мәселелік

1

4

Жүрек-тамыр аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері.

Мәселелік

1

5

Жүрек-тамыр аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері.

Мәселелік

1




№2 кредит







6

Асқазан-ішек аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері.

Мәселелік

1

7

Асқазан-ішек аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері.

Мәселелік

1

8

Бүйрек аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері.

Мәселелік

1

9

Ішкі аурулар клиникасындағы жедел жағдайлар.

Мәселелік

1




№3 кредит







10

Терапиядағы мейірбике ісіне кіріспе. Терапия тарихы. Терапиялық көмек көрсетудегі ұйымдастыру жүйесі.

Мәселелік

1

11

Тыныс мүшелері аурулары кезіндегі мейірбикелік үдеріс.

Мәселелік

1

12

Жүрек-тамыр жүйелері аурулары кезіндегі мейірбикелік үдеріс.

Мәселелік

1




№4 кредит







13

Асқазан-ішек жолдары аурулары кезіндегі мейірбикелік үдеріс.

Мәселелік

1

14

Бүйрек және зәр шығару жолдары аурулары кезіндегі мейірбикелік үдеріс.

Мәселелік

1

15

Эндокринді және қан жүйелері аурулары кезіндегі мейірбикелік үдеріс.

Мәселелік

1




Барлығы:




15

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыптары

Өткізу түрі

Сағ.




№1 кредит







1.

Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мәселелері. Ауру тарихының схемасы. Науқастарды сұрастыру. Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері /сұрастыру, қарау/.

Кіші топ-тарда жұ-мыс, жағ-дайларды талдау

3

2.

Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері / кеуде клеткасын пальпациялау, өкпені перкуссиялау, өкпені аускультациялау/. Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі синдромдар: өкпе тінінің тығыздалуы, бронх өткізгіштігінің бұзылуы, плевра қуысында ауа және сұйықтық жиналу, созылмалы тыныс жетіспеушілігі. Себептері, симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

3

3.

Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері /сұрастыру, жүрек аймағын және ірі тамырларды қарау, пальпация, перкуссия, аускультация/.

Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс

3

4.

Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі синдромдар: коронарлық жетіспеушелік, артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

3




№2 кредит







5.

Асқорыту мүшелері кезіндегі зерттеу тәсілдері /сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация /.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

3

6.

Асқорыту мүшелері кезіндегі синдромдар: асқазан және ішек диспепсиясы, сарғаюлар, бауырлық-клеткалық жетіспеушілік . Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

3

7.

Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия). Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі синдромдар: зәр тұнбасы бұзылу, нефротикалық. Бүйрек жетіспеушілігі туралы ұғым. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері.

Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау

3




№3 кредит







8.

Бронхиттер, бронхиалды астма. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды

3

9.

Пневмониялар, плевриттер. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

Муляждарда машықтану, науқаспен

3

10.

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. ЖИА (миокард инфарктісі, стенокардия). Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

3

11.

Артериалды гипертензия. Жүрек жетіспеушілігі. Жүрек ырғағының бұзылуы. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

Кіші топ-тарда жұмыс

3




№4 кредит







12.

Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы. Холециститтер. Панкреатиттер. Бауыр циррозы. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

Кіші топтарда жұмыс

3

13.

Гломерулонефриттер. Пиелонефриттер. Тынжытас ауруы. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

Pbl

3

14.

Қантты диабет. Гипотиреоз. Гипертиреоз. Анемиялар. Лейкоздар. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

Кіші топ-тарда жұмыс

3

15.

Семіздік. Ревматоидты артрит. Остеоартроз. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

Кіші топтарда жұмыс

3




Барлығы:




45


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет