«бекітемін» Оқу-әдістемелік жұмыстар



бет2/6
Дата26.06.2018
өлшемі112,44 Kb.
#44896
1   2   3   4   5   6

10

AZhAZhN/AOISD 1204

б) Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері

3

5

2

Пререквизиттер:

Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие



Постреквизиттер: Өзін-өзі тану, Философия

Пәннің мақсаты: Акмеологияның жекелеген мәселелеріне тоқталу, жеке адам индивидуалдылығы, «мен»-дік қасиеті, мінез және оның бітістері, қабілет даралығын, қоршаған ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тұрғыда тануға ықпал ету. Мазмұны: Акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық, техникалық ғылыми білімдер салаларының тоғысуынан туындап, ержеткен адамдардың белгілі бір іс-әрекет сферасында жоғары дәрежеде акме дамуы жөніндегі мәліметтерді қамтиды.

Білімі мен түсінігі: Жеке адамның шыңдалуына әсер ететін қасиеттер мен кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік тәсілдерін білу. Білімі мен түсінігін қолдана білу: кәсіби шыңға жетуге қажет жеке тұлға мүмкіндіктерін, дербестігі, сапалары және әлеуметтік құндылықтарын қолдана білу.
Пайымдаулар: әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру. Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

Арнайы құзыреттер:
Теориялық білімдерін қолдана отырып пәнаралық байланыстар арқылы өз кәсібі бойынша шыңдалуына негіз болатын мотив түрлерін меңгере алады; даралыққа жету жолдарында, өз темпераментін үнемі тәрбиелей алады; өзін-өзі жетілдіру жолдарын қолдана алады; қазіргі кезеңде мемлекетіміздің қойып отырған талаптарын ескере отырып, еліміздегі және шет елдердегі жеке адамның кәсіби шыңдалуы жайлы озат тәжірибелерін, жетістіктерін қолдана алады.

11

KRKK/KPRK 1205

а) ҚР конституциялық құқығы

5

8

2

Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР мемлекет және құқық тарихы

Постреквезиттер: Саясаттану, ҚР еңбек құқығы, ҚР азаматтық құқығының негіздері, ҚР азаматтық туралы Заңы

Пәннің мақсаты: Конституциялық құқықтың аса маңызды ғылыми-теориялық ережелері туралы, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихы, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттілігі қалыптасу процесіндегі мемлекет және қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституцияның рөлі және функциялары туралы, адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы және мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық жүйесі туралы студенттердің фундаменталды түсінігін қалыптастыру.

Мазмұны:«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәнінің зерттеу объектісі – конституциялық-құқықтық реттеуге жататын қоғамдық қатынастардың аясы, конституциялық-құқықтық нормалар, институттар және қатынастар, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихы, мемлекеттің конституциялық құрылым негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі бақару органдардың құқықтық мәртебесі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының құқығы саласының және ғылымының негізгі даму тенденциялары болып табылады.

Білімі мен түсінігі: «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің негізін қалаушы саласы ретінде студенттердің әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды роль атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік – құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік – құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі түрде қарастырады.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу; кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.

Пайымдаулар: құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу; адам және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуді меңгеру;

Коммуникативтік қабілеттілік: ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.


Арнайы құзыреттер: -- Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы пәні бойынша мемлекет идеяларын іске асыра алады;

- адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын шеше алады;

- нақты құқықтық жағдайларды өз бетiнше кең ауқымда талдай бiледі;

- қоғамдық – құқықтық қатынастарға талдау жасап, өзара байланыстарды аша алады.



12

ShEKK/KPZS 1205

б) Шет елдердің конституциялық құқығы

5

8

2

Пререквизиттер: Рим құқығы, Халықаралық құқық негіздері

Постреквизиттер:

Мемлекеттік қызмет және басқару, Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы, Сыртқы экономикалық қызметтерді құқықтық реттеу



Пәннің мақсаты:

Шет елдердің конституциялық құқығы зерттеу әдістерінің негіздері талдаудың ойлау әдісі, салыстырмалы құқық, тарихи және жүйелілік әдісі болып табылады, олар шет елдердің конституциялық заңдарын салыстырып көруге, конституциялық-құқықтық институттардың жалпы белгілері мен ерекшеліктерін аша түсу. Мазмұны: Шет елдердің конституциялық құқығының оқу пәндері мен ғылымы жекелеген мемлекеттердің құқық саласы, оны дамытудың бағыттары, шет елдердің конституциясы және заңдары, конституциялық құрылыстың негізі – конституциялық-құқықтық институттар, адам мен азаматтың құқықтық жағдайлары, мемлекетті ұйымдастыру және жергілікті өзін-өзі басқару, сондай-ақ конституцциялық-құқықтық қатынастар болып табылады.



Білімі мен түсінігі: Азамат және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау түрлері, құқықтық және мемлекеттік құбылыстардың мәнін
Білімі мен түсінігін қолдана білу:

алған білімін нақты ұсыныстармен ұштастыруды; өз кәсібін өзіндік жетілдіруді; білімін толықтыруды және жаңа дағды мен іскерлікті меңгеруді; қабылдау және өңдеуді қолдана білу.


Пайымдаулар:

Кәсіби қызметіндегі мәселелерді іске асырумен байланысты сұрақтарды шешудің оңтайлы жолдарын таба білуді және шешімдер қабылдауды, заң ұғымдары мен категорияларын еркін пайдалануды меңгеру.


Коммуникативтік қабілеттілік: зерттеу жұмысы, кәсіби қызметі үшін қажетті құқықтық және басқа да ақпараттарды іздену жүйелері мсен интернеттен де іздеу, жинау және талдау, құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлей білу.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

Заңгердің құқық қорғау, жазалау, қадағалау функцияларын ғана атқармай, түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізе білу.

Арнайы құзыреттер: Құқықтық білім негіздерін меңгерген.

Жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықтай алады.



13

Ale/Soc 2107

а) Әлеуметтану

3

5

3

Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Рим құқығы, Мәдениет және дін, Экономика негіздері, Құқық негіздері

Постреквизиттер:

Мемлекеттік қызмет және басқару, Тұлғааралық қарым-қатынас теориясы, Еңбекті қорғау, Еңбек шарттары



Пәннің мақсаты: Студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді.

Мазмұны: әлеуметтік өзара әрекеттестік пен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлеуметтік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру.

Білімі мен түсінігі: Әлеуметтану пәнінен білімдер жүйесін қалыптастыру, қоғам және оның құрылымын, стратификация және ондағы қозғалысты, жеке тұлға мен оның әлеуметтену жолдарын, отбасы, жастар, мәдениет әлеуметтануының негіздерін білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы және әлемде болып жатқан әлеуметтік үдерістер мен өзгерістерге талдау жасауда алған білімдерін қолдана білу.



Пайымдаулар: қоғам, әлеуметтік топтар және қауымдастықтар ішінде әлеуметтік жүріс тұрысты реттей білу.

Коммуникативтік қабілеттілік: әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдай алу.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

Арнайы құзыреттер:

Әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, тұлға жөнінде, әлеуметтенудің формаларын, бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формаларын талдай алады.



14

Saya/Pol 2107

б) Саясаттану

3

5

3

Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Рим құқығы, Экономика негіздері, Құқық негіздері, Мәдениет және дін

Постреквизиттер: Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, Мемлекеттік қызмет және басқару, Басқару теориясы, Экономиканы мемлекеттік реттеу, ҚР азаматтық туралы Заңы

Пәннің мақсаты: Студенттердің бойында саясаттанудың пәні мен әдістері, саяси ойдың эволюциясы, саяси өмірдің заңдылықтары, саяси үрдістердің тенденциялары және оның жекелеген елдер мен жаһандық деңгейлердегі жүзеге асу ерекшеліктері туралы негізгі ғылыми білімдерді, саяси тұжырымдары мен әдістерін ескере отырып өздерінің кәсіби мәселелерінің шешімдерін табуға қажетті шығармашылық білімдермен қаруландыру.

Мазмұны: Қоғамдық құбылыс ретіндегі саясаттың мәні мен мазмұнын тереңірек түсінуге, оның құрамдас элементтерін микро және макро деңгейлерде тануға, ішкі және сыртқы байланыстарын анықтауға, саясаттың әлеуметтік өлшеуіштерінің объективті критерийлерін әзірлеуге көмектеседі.

Білімі мен түсінігі: Халықтар мен мемлекеттердің саяси өмірінің ерекшеліктерін, дүниетанымын, тарихи формаларын білу; саяси ой-кешудің тарихи типтерін, тарихи бағыттардың көптүрлілігінің мәнін анықтау.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: өркениет тарихындағы саяси білімдердің дамуының негізгі кезеңдерін сараптай білуді меңгеру.

Пайымдаулар: келелі мәселелерді шешуде логикалық және сынау қасиеттерін қолдануға бейімделу.

Коммуникативтік қабілеттілік: саясаттың өзекті мәселелері бойынша саяси сұхбат және пікірталас жүргізу тәсілдерін; көпшілік алдында сөйлеу және өзіндік көзқарасын жазбаша түрде дәлелді баяндау және қорғау.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

Арнайы құзыреттер: Саяси білімдерді әртүрлі жеке жағдайларда және қоғамдық құбылыстарды сараптауда қолдана біледі; қазіргі таңдағы саяси мәселелерді түсіне біледі; саяси ахуалды болжай және сараптайды; Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі мәселелерін, қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың маңызды мәселелерін талдай алады.

15

ОТ/Sam 2208

а) Өзін-өзі тану

3

5

3

Пререквизиттер:

Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері.



Постреквизиттер:

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі



Пәнінің мақсаты: Өзін-өзі тану пәні қоршаған ортаны тануда көптеген жаңалықтар мен қызықты дүниелерге жол ашады. Өзін-өзі тану сабағының ерекшелігі даналық, ел бірлігі жөнінде ұғым

қалыптастыруға, достаса білуге, ризашылық білдіруге, әдепті, өнерлі, еңбекқор болуға, жақсылық жасауға үйретеді. Мазмұны: «Өзін-өзі тану» пәні қоршаған ортаны тануда көптеген жаңалықтар мен қызықты дүниелерге жол ашады. «Өзін-өзі тану» курсы жеке тұлғаның рухани байлығының әртүрлі жақтарын анықтауға және зерттеуге бағытталған. Жоғарғы оқу орнында «Өзін-өзі тану» курсы студенттің жаңа әлеуметтік рольге «кіруіне».



Білімі мен түсінігі: Өзін – өзі тану пәні бойынша білім саласына іргелі білімдерді, оқу пәні бойынша ғылыми практикалық жағдайларды меңгеруі;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Психологиялық педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін түсіну құзырлығына ие болу;

Пайымдаулар: Өзінің міндеттерін орындауға кешенді түрде қарау, ойлау мәдениетін меңгеруі, өзін өзі дамыту, өзін өзі көрсете білу амалдарын меңгеруі;

Коммуникативтік қабілеттілік: Өз ойын жазбаша және ауызша дұрыс жеткізе білуге қабілетті болуы;

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Қазіргі кездегі жаңа технологияларды меңгеруі, әртүрлі ақпараттармен жұмыс істей білуі,қажетті ақпатараттарды өз бетімен іздеп, талдау.

Арнайы құзыреттер: Өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани және интелектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл күйін реттеу және өзін өзі қолдау амалдарын меңгере алады;

-Өзінің жұмыс нәтижелерін жақсартуға, тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби психологиялық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде еңбек тиімділігін арттыруға дағдысы қалыптаса алады;

Оқыту бейінділігіне байланысты білім беру мазмұнын таңдай біледі;

- Оқыту бейінділігіне байланысты білім беру процесін жобалай және ұйымдастыра біледі.




16

TP/PT 2208

б) Толеранттық педагогика

3

5

3

Пререквизиттері:

Мәдениет және дін; Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері Постреквизиттер: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі




Пәнінің мақсаты:

Толерантты мінез-құлықты тиімді қалыптастыру педагогикалық әрекет пен оқушы тұлғасын өзіндік тәрбиелеу бірлігі көрінетін үдерісте де жүзеге асуына бағытталған. Мұнда тәрбиелік әсер мен қарым-қатынас субъектілерінің өзара әсері арасында заңды байланыс педагог пен оқушының арасында болады да, қалыптастыру үдерісінің бүтіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.



Мазмұны: Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының «болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасалады.

Білімі мен түсінігі:

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде толеранттылық ұғымы туралы білімінің болуы;



Білімі мен түсінігін қолдана білу: психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру;

Коммуникативтік қабілеттілік:

толеранттылық- шыдамдылық, сабырлық таныту, қызбалыққа салынбау, кез келген қиындыққа төзімділікпен қарау, барлық мәселелерді бейбітшілік жолымен шешуге тырысу;



Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

-Мұғалімнің толеранттылығының негізінде бір жағынан шынайы жағдайды дұрыс бағалай алу қабілеті;

-екінші жағынан жиеленіс жағдайлардан педагогикалық әдепті сақтап шығудың алдын ала анықтай алу мүмкіншілігінің болуы;

-Өз бойында толеранттылықты қалыптастыру, маңызды кәсіби білімдер жүйесін қалыптастыру.


Арнайы құзыреттер: Кез келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана сезімдері, ұлжандылығы, ана тіліне деген сүйспеншілігі сияқты ұлттық құндылықтарды меңгереді;

-Тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық ортасы, ұлттық салт-дәстүрлер, әлеуметтік ортасы негіз бола алады;

-Психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алуға қабілетті бола алады;

лемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдай алады;



- Тұлғаның қалыптасу үдерісінде бағдар ретінде таңдауы мәселесін алға тартып ,қоғам назарын өзіне аударып,этникалық толеранттылық түптеп келгенде ұлт өкілдерінің өзара өмірлік этникалық компонентерін қалыптастыра алады.


17

KREK/ TPRK 2209

а) ҚР еңбек құқығы

3

5

3

Пререквизиттер:

Құқық негіздері, ҚР конституциялық құқығы



Постреквизиттер:

Еңбекті қорғау, Еңбек нарығының экономикасы, Нарықтық инфраструктура, Еңбек шарттары



Пәннің мақсаты: Еңбек құқық қатынастарының мәні мен құрылымын студенттер жан-жақты түсіне алатын дәрежеге жеткізу.Азаматтар еңбек ету бостандығын конститутциялық құқығын әр түрлі нысанда қолдана алатыны.Еңбек құқығы дербес құқық саласы болып табылады, оның пәні, әдісі қағидалары бар және басқа құқық салаларынан айрықша ерекшеленеді. Практикалық қызметке жоғары кәсіби дайындау, болашақ заңгерлерді парасатты тұлғалар қатарына қосу. Мазмұны: Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшумен байланысты еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек заңдылығын қолдану тәжірибесінде бірнеше мәселелер туындады.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес «Заңтану» мамандығы бойынша заңи жоғарғы оқу орындары мен факультетерінің студенттерін оқытуға араналған.

Білімі мен түсінігі: Ғаламдық білім негіздеріне қол жеткізу, заңгердің қызметі мен оның жалпы кәсіби міндеттерінің функциялары, нормативті жағдайларда іске асырылатын осы қызметтің кәсіптік және қоғамдық мәні бар дара қасиеттер; әдістемелік білім;
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
Алған білімін шығармашылық тұрғыда қолдануды; алған білімін нақты ұсыныстармен ұштастыруды; өз кәсібін өзіндік жетілдіруді; білімін толықтыруды және жаңа дағды мен іскерлікті меңгеруді; қажетті ақпараттарды қабылдау және өңдеуді және т.б. қолдана білуі керек;
Пайымдаулар:
Кәсіби қызметіндегі мәселелерді іске асырумен байланысты сұрақтарды шешудің оңтайлы жолдарын таба білуді және шешімдер қабылдауды, заң ұғымдары мен категорияларын еркін пайдалануды;
Коммуникативтік қабілеттілік:
Гуманитарлық және әлеуметтік- экономикалық ғылымдарынан алған білімдері мен әдістемелерін кәсіби қызметінде қолдану; зерттеу жұмысы, кәсіби қызметі үшін қажетті құқықтық және басқа да ақпараттарды іздену жүйелері мсен интернеттен де іздеу, жинау және талдау, құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеу және құрастыру, жеке және заңды тұлғаларға сұраныс бойынша негізделген ақпараттарды дайындау;
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

Арнайы құзыреттер: Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшумен байланысты еңбек ресурстарын пайдаланып еңбек заңдылығын қолданады. Кәсіби қызметіндегі мәселелерді іске асырып, байланысты сұрақтарды шешудің оңтайлы жолдарын таба біліп шешімдерді қабылдайды. Заң ұғымдары мен категорияларын еркін пайдалана алады.


18

KRAKK/PSORK 2209

ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

3

5

3

Пререквизиттер:

Құқық негіздері, ҚР конституциялық құқығы



Постреквизиттер:

Еңбекті қорғау, Еңбек шарттары, ҚР азаматтық туралы Заңы, Мемлекеттік бюджет, Салық және салық салу





Пәннің мақсаты: «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәнінің мақсаты студенттердің теориялық ережелердің негізін қалаушы саласында білім алуы, еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық және әлеуметтік қамтамассыз ету бойынша заңдарды,әлеуметтік қамсыздандыру заңдарымен жұмыс істеу бойынша тәжірбие алуы, тәжірбиеде пайда болған, қиын жағдайларда бағдарлау шеберлігі, алған білімді болашақ тәжірбиеде қолдану болып табылады.

Мазмұны: тауарларға қолданы-латын бірыңғай кедендік төлемдер жүйесін құру жолымен іске асырылатын кеден саясатын мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызметінің бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, жалпы мәселелерінің, кеден саясатының мақсаттары мен ке­ден ісінің жөнге қойьшуының және кеден саласының маңыздылығын байқауға болады.

Білімі мен түсінігі:

Мемлекеттік құбылыстардың мәнін, жалпы білім жүйесінде заң пәндерінің өзара байланысы және құқықты кәсіби қызметте іске асырудың мәнін білу;


Білімі мен түсінігін қолдана білу:Алған білімін шығармашылық тұрғыда қолдануды; алған білімін нақты ұсыныстармен ұштастыруды; өз кәсібін өзіндік жетілдіруді; білімін толықтыруды және жаңа дағды мен іскерлікті меңгеруді; қажетті ақпараттарды қабылдау және өңдеуде қолдана білу;
Пайымдаулар:

Кәсіби қызметіндегі мәселелерді іске асырумен байланысты сұрақтарды шешудің оңтайлы жолдарын таба білуді және шешімдер қабылдауды, заң ұғымдары мен категорияларын еркін пайдалануды;


Коммуникативтік қабілеттілік: құқықтық және басқа да ақпараттарды іздену жүйелері мсен интернеттен де іздеу, жинау және талдау, құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлей білу; .
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет