«Бекітемін» Тарих және құқық факультетінің деканы Абулкасова Д. Б



бет4/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,19 Mb.
#26745
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыбы: Қақтығыс және дағдарыс.


Дәріс мазмұны:

  1. Қақтығыс және дағдарыс ұғымдары

  2. Қақтығыс және дағдарыс негізіндегі қайшылықтар.

Қақтығыстың дамуының стадиялары, фазалары және оның скалациясы мен кеңеюі. Қақтығыстық қатынастар, дағдарыс, қаруланған қақтығыс қақтығыстың стадияларын қарастырады және дамуын қамтамасыз етеді. Конфликтология ғылымы қақтығыс проблемасымен тұңғыш рет айналысқан американ ғалымы К.Райт қақтығыс дамуының мынадай кезеңдерін атап көрсеткен:

  1. мақсаттағы өзгерісті тану;

  2. қақтығыстың өршуі;

  3. қақтығысты шешу барысында күш қолданбай қысымшылық көрсету;

  4. қақтығысты қарулы күш арқылы шешу.

Соңғы екі кезеңін ғалым тар мағынада қарастырады. Өз кезегінде Д.Прайтт және Дж.Рубен «өмірлік циклды» қақтығысты үш қимылдан тұратын пьесадағы сюжеттің дамуымен сәйкетендіреді. Қақтығыстың бірінші қимылы қақтығыстың түпкі мақсаты. Екінші ол өзінің шырқау шегіне жетеді. Соңында үшінші қақтығыстың басылу қимылы.

Әдебиет:

Курбатов «Конфликтология» Феникс 2005

Кибанов А. Я., Ворожейкин И.Е., Захаров Д.К., Коновалова В.Г. «Конфликтология» М., 2006

2 кредит сағат

4 дәріс


Тақырыбы: Қақтығыс және дағдарыс.


Дәріс мазмұны:

  1. Қақтығыс, дағдарыстың дамуы.

  2. Қақтығыс түрлері және себептері.

Қақтығыс фунционалды және дисфункционалды болып бөлінеді. Негізінен қақтығыстың төрт негізгі түрі көрсетіледі. Ішкі тұлғааралық, тұлғааралық, тұлға мен топ және топ аралық қақтығыстар. Ішкі тұлғааралық қақтығыс түрлі формада болады. Кең таралған формасы – рөлді конфликт.

Тұлғааралық қақтығыс кең таралған түрі. Ол ұйымдарда түрліше көрінеді. Көбіне басшылардың ресурсты шектеудегі күресі, олардың әрбірі ресурс шектеулі болғандықтан ол жоғары басшыны бұл ресурсты өзгеге емес, тек соған ғана көндіруге тырысады. Тұлғааралық қақтығыс тұлғалардың қақтығысынан көрінуі мүмкін мұнда түрлі мінездегі көзқарастағы адамдар бір-бірімен түсінісе алмайды. Қақтығыстардың себептерін білу олардың типологиясынан бастау алады. Жалпы себептердің мынандай түрлерін көрсетуге болады. 1) Қайшы ориентациялар - әр адам мен әлеуметтік топтың өз ориентациясы және құндылығы бар. Олардың бәрі түрлі әрі қайшы келеді. 2) Идеологиялық себептер – идеологиялық келіспеушіліктен өршіген қайшылық болып есептелінеді. Мұның ерекшелігі идеологиялық себеп идея жүйесінің түрлілігінен болады. 3) Түрлі экономикалық және әлеуметтік теңсіздіктегі қақтығыстар себебі – бұл тип индивид пен топ құндылығының түрлілігінен туындайды. 4) Әлеуметтік құрылым элементі қатынасы арасындағы қақтығыс себептері – олар ұйым мен әлеуметтік топта, қоғамда құрылым элементін алатын түрлі орындарда пайда болады. Барлық аталған себептер қақтығыстың бастауы болуы мүмкін.



Әдебиеттер:

Курбатов «Конфликтология» Феникс 2005

Кибанов А. Я., Ворожейкин И.Е., Захаров Д.К., Коновалова В.Г. «Конфликтология» М., 2006

Тощенко Ж.Т. «Политическая социология» М., 2002



Апта 3.

1 кредтит сағат

5 дәріс.



Тақырыбы: Саяси қақтығыс.

Дәріс мазмұны:

  1. «Саяси қақтығыс» түсінігі.

  2. Саяси қақтығыс теориясы.

  3. Саяси қақтығыс қызметі.

Саяси қақтығыстар теориясына әсіресе көп көңіл бөлген – марксизм. Маркс пен Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде: «ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, шебер мен кіші шебер, қысқасы, езуші мен езілуші ылғи антогонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келеді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен танылып отырады» деген.

ХХ ғ. 50 жж. американдық Л.Козер «қоғамның дау-дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «Индустриялдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі.

Американың әлеуметтанушысы К.Баулдинг «шиеленістің жалпы теориясын» жасады.

Саяси қақтығыстар өзінің дамуы барысында бірнеше кезеңдерден тұрады. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Келесі кезеңінде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Адамзат қоғамында қақтығыстардың сан алуан түрлері кездеседі. Сол себепті бұл құбылысты түрліше жіктеуге болады. Мәселен, Р.Дарендорф қақтығысты жіктеуде әлеуметтік қауымдастықтың көлемі мен субъектілерін, әлеуметтік рөлдерін негіз етіп алады. Бұл критерийлер бойынша автор қақтығыстарды отбасылық ұрыс-таластан бастап әлемдік көлемдегі қақтығыстарға дейінгі он беске жуық түрлерін атап көрсетеді.



Әдебиет:

Курбатов «Конфликтология» Феникс, 2005.

Кибанов А. Я., Ворожейкин И.Е., Захаров Д.К., Коновалова В.Г. «Конфликтология» М., 2006

Тощенко Ж.Т. «Политическая социология» М., 2002


2 кредит сағат

6 дәріс



Тақырыбы: Саяси қақтығыс.

Дәріс мазмұны:

  1. Саяси қақтығыс құрылымы, субъекті.

  2. Саяси қақтығыс ерекшеліктері.

Саяси қақтығыстар қоғамның дамуына тән қасиет олардың жекелеген түрі ғана қиратып бүлдіруге әкеледі. Олай болмауы үшін өсіп келе жатқан кикілжіңдерді дер кезінде ашып реттеген жөн. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан америкалық саясаттанушы С.Липцет тұрақтылық пен демократияны медалдың екі жағы деп өте дұрыс санайды. Саяси қақтығыстарды шешудің бірнеше түрі бар. 1) Дау-жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі. 2) Кейінге қалдыру әдісі. 3) Саяси қақтығысты мәмілеге келтіру арқылы бейбіт жолмен шешу. 4) Зорлық негізінде бітістіру. 5) Аралық сот немесе арбитраждық сараптау.

Әдебиеттер:

Курбатов «Конфликтология» Феникс 2005

Кибанов А. Я., Ворожейкин И.Е., Захаров Д.К., Коновалова В.Г. «Конфликтология» М., 2006

Пугачев В.П., Соловьев А.И. Введение в политологию» М., 2004.


Апта 4.

1 кредит сағат

7 дәріс.



Тақырыбы: Этникалық қақтығыс.

Дәріс мазмұны:

  1. Этносаралық қақтығыс мәні.

  2. Этноконфликттердің себептері мен механизмі.

Этносаралық қақтығыстарға әртүрлі формада болатын және мұнда қарама-қайшылық этникалық қоғам тізбегі бойынша жүретін қақтығыстарды жатқызуға болады. Олардың ерекше белгілері: этносаралық қақтығыс қиын және кешенді сипатта болады. Яғни этностың өзіндік мемлекет болуға ұмтылыс саяси қақтығысқа әкеледі. Этносаралық қақтығыстар жоғарғы мобилизациямен ерекшеленеді. Олар этникалық ерекшеліктерді (тіл, сенім) қорғайды. Бұл еркіндік емес, бұл ерекшеліктер өмірдегі этностың әрбір мүшесін қорғау мақсатымен жүргізілетін қозғалыстар.

Әдебиеттер:

Анцупов А.Я. «Конфликтология»

Курбатов «Конфликтология» Феникс 2005

Кибанов А. Я., Ворожейкин И.Е., Захаров Д.К., Коновалова В.Г. «Конфликтология» М., 2006

Хасан Б.И. «Политология конфликта»
2 кредит сағат

8 дәріс



Тақырыбы: Этникалық қақтығыс.

Дәріс мазмұны:

  1. Этникалық қақтығыстарды реттеу принциптері.

  2. Этноконфликттердің типологиясы мен даму кезеңдері.

Этносаралық қақтығыстарды шешудің мынандай жолдары бар: 1) қақтығысты лигитимизациялау – билік құрылымдары мен қақтығысып жатқан жақтардың мәселені талқылап, шешімге келу керектігін мойындауы. 2) қақтығыстың институциализациясы – екі жақтың мойындайтын тәртіптерін, нормалар мен өркениетті түрде қақтығыстық түрдегі өзін-өзі ұстау тәртібін шығару. 3) қақтығысты заңды жаққа аудару. 4) Келіссөз жүргізу процесін ұйымдастыру кезіндегі делдалдылық институтын енгізу. 5) Қақтығысты қалпына келтірудегі ақпараттық қамсыздандыру, яғни келіссөздердің ашықтығы.

Этноұлттық қақтығыстың себебін түсіндіруде саяси әдіс маңызды орын алады. Ол элитаның саяси және интелектуалды рөлін көрсетеді.


Әдебиеттер:

Анцупов А.Я. «Конфликтология»

Курбатов «Конфликтология» Феникс 2005

Кибанов А. Я., Ворожейкин И.Е., Захаров Д.К., Коновалова В.Г. «Конфликтология» М., 2006

Хасан Б.И. «Политология конфликта»
Апта 5.

1кредит сағат

9 дәріс



Тақырыбы: Халықаралық қақтығыстар және бейбітшілік мәселелері.

Дәріс мазмұны:

  1. Қақтығыстарды реттеудегі халықаралыұ қауымдастық рөлі.

  2. Бейбітшілікке келтіру операцияларының түрлері.

Әдебиеттер:

Торкунов А.В. « Современные международные отношения и мировая политика»

Воскресенский А.Д. «Восток/Запад. Региональные подсистемы и региональные проблемы международных отношений» М.,2002

2 кредит сағат

10 дәріс



Тақырыбы: Халықаралық қақтығыстар және бейбітшілік мәселелері.

Дәріс мазмұны:

  1. Қақтығыс аймағындағы халықаралық операциялар және БҰҰ .

  2. ОБСЕ бітімгершілігінің қуатты және әлсіз тұстары.

Әдебиеттер:

Торкунов А.В. « Современные международные отношения и мировая политика»

Воскресенский А.Д. «Восток/Запад. Региональные подсистемы и региональные проблемы международных отношений» М.,2002

Апта 6.

1 кредит сағат

11 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет