Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Қ.C.Әбдиев
2014 ж. «___»_____________
«Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша
5B011100 – Информатика мамандығына арналған
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестке «Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
|
Информатиканың іргелі негіздері
|
1
|
|
Ақпарат көзі, ақпараттық қабылдаушы және жіберу каналы
|
1
|
|
Ақпаратты көрсету формалары. Кодтау. Декодтау
|
1
|
|
Ақпаратты өлшеу. Құрылымдық өлшем (Хартли өлшемі). Статистикалық өлшем (энтропия). Семантикалық өлшем
|
1
|
|
Ақпараттық үдерістің ұғымы және құрылымы
|
1
|
|
Ақпараттық үдерістерді алгоритмдеу
|
3
|
|
Сандық ақпаратты көрсету формалары. Санау жүйелері
|
1
|
|
Сандық ақпараттыбір позициялық жүйеден екіншісіне аудару
|
3
|
|
Екілік қосындылауыштарда арифметикалық амалдарды орындау
|
1
|
|
Логика алгебрасының негізгі ұғымдары
|
5
|
|
Абстрактылы автоматтар. Тьюринг машинасы. Пост машинасы
|
1
|
|
Алгоритмдердің тиімділігі мен күрделілігіне талдау жасау
|
4
|
|
Ақпараттық моделдеу
|
1
|
|
Ақпараттық жүйелер
|
1
|
|
Барлығы:
|
25
|
4.Тапсырма мазмұнының сипатамасы:
Информатиканың іргелі негіздері. Ақпарат көзі, ақпараттық қабылдаушы және жіберу каналы. Алгоритмдердің тиімділігі мен күрделілігіне талдау жасау т.б. студенттердің теориялық білімдерін практикамен байланыста жүргізу мақсатын көздейді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |