«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» оқу-əдістемелік кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сəйкес дайындалған.
1. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жəне мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды.
2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің 2016ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген).
3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОƏК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
Бағдарламада қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мақсаттары мен міндеттері толық айқындалған.
Мақсаты:
-қарапайым логикалық-математикалық ұғымдарды қалыптастыру жəне зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
-ақиқатты танудың математикалық тəсілдерін таныстыру: санау, өлшеу, қарапайым есептеу;
-тапсырманы стандартты емес жолмен шешуге деген тапқырлығын, зеректігін, ұғымталдығын, ұмтылысын дамыту;
-ойлау əрекетінің тəсілдерімен таныстыру.
Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу қызметінің
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |