Бекітілген қазақстан Республикасының мәдени саясатының


) ұлттық символдарды құру және жылжыту жат идеологиялық ықпалынан үздіксіз қорғау ретінде өзіндік ұлттық брендтерді қалыптастыру



бет2/7
Дата08.02.2022
өлшемі97,3 Kb.
#122039
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7. 8.09.2017 =F5 F8O kaz

2) ұлттық символдарды құру және жылжыту жат идеологиялық ықпалынан үздіксіз қорғау ретінде өзіндік ұлттық брендтерді қалыптастыру;
3) тарихи-мәдени мұраны одан әрі сақтау, зерттеу және танымал ету, Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени - географиялық белдеуін қалыптастыру;
4) Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді қатысуымен этностық сан алуандылықты сақтау және Қазақстан халқы мәдениетін үйлесімді дамыту негізінде қазақстандық мәдени кеңістікті дамыту;
5) жаһандық әлемде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті ілгерілету, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын елімізде және шетелде кеңінен танымал ету;
6) бәсекеге қабілетті мәдени ортаны және қазіргі заманғы мәдени кластерлерді қарқынды дамыту үшін жағдайлар жасау;
7) өнердің барлық түрлері, жанрлары мен бағыттары - кино, анимация, әдебиет, көркем сурет және басқалар арқылы таратылатын қазіргі заманның үздік үлгілерін, атаулы тарихи оқиғалар мен артефактілерді, мәдени мұра мен дәстүрлерді қамтитын жарқын көркем бейнелер жасау;
7-1) «Мәңгілік Ел» патриоттық акті және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын танымал ету, рухани жаңарту, азаматтық қағидаттары негізінде Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігі мен бірлігін сақтау және нығайту;
8) «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» еліміздің киелі жерлерінің мәдени - географиялық белдеуі және халықтың символдық мұрасына сүйене отырып, ішкі және сырттан келетін мәдени туризмді дамыту үшін елдің тарихи-мәдени ландшафтын кеңінен пайдалану

3.2. Жалпы тәсілдер


Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру "Қазақстан - 2050" Стратегиясы мен Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес ұзақ мерзімді дамудың жаһандық векторларына негізделген тәсілдер мен қағидаттар жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады.
Мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізінде мынадай тәсілдер:
1) мәдениеттің барлық бағыттарын дамытудың өзара байланыстағы жүйелілігі мен кешенділігі;
2) мәдениеттің үдемелі дамуының тарихи сабақтастығы мен үздіксіздігі;
3) негізділік пен басымдық;
4) инклюзивтілік пен әлеуметтік бағыттылық;
5) инновациялық пен креативтілік.
Адами капитал, шығармашылық ресурс, жүйелі мемлекеттік қолдау мен бизнес - бастамалар бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамытудың берік іргетасына айналуға тиіс, ол өз кезегінде экономикада, әлеуметтік және мәдени өмірде мемлекет пен қоғам табысының басты көрсеткіші болып табылады.

3.3. Негізгі қағидаттар


Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) жаһандық әлемде отандық мәдениеттің өзіндік болмысын айқындайтын жалпыұлттық мәдени мұраның басымдығы;
2) мәдениетті өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде тану;
3) елдің мәдени саналуандығын құрметтеу, көпэтностық Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін қолдау және дамыту;
4) шығармашыл тұлға мен мәдени өзін-өзі көрсету нысандарының еркіндігі;
5) жаңа институционалдық бірлестіктер, қазіргі заманғы мәдени кластерлер мен озық технологиялар базасында мәдени орта бірлігі.
Бұл қағидаттар бәсекеге қабілетті жаңа мәдени ділді қалыптастырудың өзегі болып табылады, оның негізінде қалыптасқан құндылықтар жүйесі, шығармашылық белсенділік, сұранысқа ие мәдени өнімді жасауға қабілеттілік жатыр. Отандық мәдениет сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шығуы және әлемде кеңінен танымал болуы тиіс.

4. Қазақстан Республикасы мәдени саясатының басым бағыттары


4.1. Ұлттың мәдени жадын сақтау
Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет ұлттың генетикалық кодының қалыптасқан тарихи-мәдени негізімен жаһандық мәдени диалогқа белсене қатысуы үшін барлық алғышарттарға ие. Ұлттың мәдени кодының негізгі құрамдас бөліктері мұра, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тіл, отбасы, шаруашылық жүйелер (өмір салты), мерекелер болып табылады.
Өміршең мәдениет өзінің табиғи даму жолы мен өзгерістерінен өзінің арқау - өзегін сақтай отырып өтеді. Өз мәдениетінің құндылығының тартымдылығы кеміген және оны төл мәдениеттің рухани және адамгершілік құндылықтарының бастауынан алшақтатуға ықпал ететін басқасы алмастыра алатын жағдайда сәйкестік бұзылуы мүмкін.
Қазіргі заманғы Қазақстанды мәдени дамытудың маңызды векторларының бірі мәдени мұраны сақтау, зерттеу және тарату болып табылады. Мәдени мұра - қоғамымыз бен мемлекетіміздің шоғырлануы мен ойдағыдай дамуының сарқылмас әлеуеті, бұл өзіндік ұлттық символдарды қалыптастырудың базалық негізі, ұлттық бірегейліктің қаңқасы және жат идеологиялық ықпалынан үздіксіз қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет