Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет58/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85
Байланысты:
дш

Рефлективті тренинг 
оқыту әр түрлі оқыту түрлерінің ішінде ерекше 
орын алады, біздің ойымызша, уақыт шектеулі және педагогикалық жұмыста 
белгілі бір (аз да болса) тәжірибесі бар мұғалімдердің рефлексиясын дамыту 
үшін ең қолайлы әдіс болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған оқыту 
педагогиканың 
теріс 
немесе 
пайда 
болатын 
теріс 
стандарттарын, 
көзқарастарын, стереотиптерін 
«кетіруге», 
«жұмсартуға» көмектеседі. 
Тренингтің бұл түрі шынымен де «қарым-қатынаста өзіндік көріністерді 
көрсетуге және осыған байланысты кейбір формацияларды тексеруге 
бағытталған қадам жасауға мүмкіндік береді» [184]. 
Сурет 15- Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастырудың жаңашылдық әдістері 
рефлетренинг 
рефлепрактикум 
кейс стади 
рефлексиялық инверсия 
рефлеполилог 
Портфолио 
Болашақ дене 
шынықтыру мұғалімінің 
рефлексивті мәдениетін 
қалыптастырудың 
жаңашылдық әдістері 
 


102 
Рефлексивті тренингтер студенттердің білім алуда жетістіктерге жетуіне, 
оның ішкі мотивациясын қалыптастыруға, сонымен бірге рефлексивті 
мәденеиетінің қалыптасуына бағытталған. Бұл жерде біздің зерттеуімізге 
сәйкес рефлексивті мәдениетті қалыптастыруда студенттің болашақтағы кәсіби 
іс-әрекетіне қатысты ішкі күштерін, оның әлеуеті мен резервтерін дамыту 
маңызды болады. Сол себептен, біз құрастырған рефлексивті тренингтердің
басым жақтары мыналар: 
- тұлғалық жетістіктерге жетуге бағдарлануы; 
- орнықты ішкі мотивациясының басым болуы негізінде студентті
дамытуы мен тәрбиелеуі;
- рухани және адамгершілік тұрғысындағы құндылықтық бағдарлануының 
болуы; 
- ынтымақтастыққа қабілетті танымдық іс-әрекеттің субъектісі ретінде 
студенттің өзін-өзі дамытуы; 
- оза оқытуға сүйене отырып, оқытудағы табыстылықты арттыру 
тактикасының болуы. 
Рефлексиялық тренингтердің
негізгі ерекшелігіне студенттердің өзін-өзі 
дамыту кезеңдерін жүзеге асыру жатады: 
- өзін-өзі өзектілендіру, жетістіктерге жетуге қажеттілікті қалыптастыру; 
- өзінің кемшіліктері мен жетістіктеріне өзіндік талдау; 
- өзінің нәтижелеріне өзіндік талдау; 
- өзінің жұмысын өзі ретке келтіру; 
- студенттің өзіндік санасын білім беру субъектісі ретінде дамыту.
Әсер ету бөліктері: 
- рефлексияны дамыту; 
- жұмысқа қабілеттілікті сақтау; 
- қарым-қатынас жасау және ынтымақтастық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет