Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет65/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
Байланысты:
дш

ЕГЕР МЕН болсам ... 
әдісі 
Әдістің мақсаты: Ұжымда қарым-қатынас орнату, педагогикалық әрекетке 
қатысушылардың өзін-өзі сәйкестендіру.
Әдістің орындалуына қойылатын талаптар. Студенттердің оңтайлы саны - 
30 адамға дейін.
Әдісті іске асыру тәртібі. Студенттерге кез-келген табиғи құбылысты, 
жануарларды, ағаштарды, гүлдерді, тұлғаларды анықтап, «Егер сіз болсаңыз?» 
деген сөйлемді аяқтауға шақырылады. Әркім өз жауабын ұсынады. 
ФРАЗАНЫ АЯҚТАҢЫЗ
әдісі.Студенттерге сабақтың тиімділігін анықтау 
(семинар және т.б.), құбылыстың, оқиғаның нақты мағынасын ашу, мазмұнына, 
психологиялық атмосфераға, өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға байланысты 
сөйлемдер топтамасын аяқтау ұсынылады.
Мысалы, рефлексия туралы мәтінмен жұмыс жасағаннан кейін 
қатысушыларға келесі сөз тіркестерін толықтыру керек болады:
Рефлексия дегеніміз ...
Мәтінмен жұмыс жасау сатыларының ішінде маған өте ұнады ...
Жұмыс барысында мен білдім ...
Жұмыс мені ойлануға мәжбүр етті ... т.б.
Ол келесідей жүзеге асырылады: мұғалім аяқталмаған сөйлемді айтады 
және оны аяқтауға шақырылған қатысушыға нұсқайды. Сол сөйлеммен мұғалім 
2-3 қатысушыны атай алады. Әр қатысушының кем дегенде бір сөйлемді 
аяқтағаны жөн. 
«ПАНТОМИМА»
әдісі 
Пантомима арқылы студенттер дәріс не семинар барысындағы өздері 
жасаған жұмыстарының нәтижелерін көрсетулері керек. Мысалы, қолды 
жоғары көтеру - ризашылық, басын төмен қою - риза емес, бетті қолмен жабу –
немқұрайды.
«ЖЕТІСТІК АҒАШЫ»
рефлексиялық жаттығуы студенттердің дәріс 
соңындағы алған білімдеріне өзіндік баға беру үшін қолданылды. Әр топқа 
таратылып берілген ағаш суреттеріне тиісінше жапырақтар жапсыру сұралды.
Мұндағы сары жапырақ – кездескен қиындықтар; жасыл жапырақтар – дұрыс 


109 
орындалған тапсырмалар, қызыл жапырақ –жіберілген қателерді білдіреді. Топ 
жұмысын осылайша рефлексиялау білім алушылардың біріншіден берілген 
мазмұнды игеру деңгейін диагностикалауға, екіншіден топ белсенділігін 
арттырып, ұжымды қалыптастыруға ықпал етеді. 
Сурет 16 
Сабақ қорытындысында білім алушылармен кері байланыс орнату үшін 
қолданылатын рефлексиялық тәсілдер де студенттер үшін аса маңызды. Олар 
арқылы дәріс немесе практикалық сабақ барысында студенттердің жасаған 
әркеттері бағаланады, өткен сабақ нәтижесі туралы мағлұмат алынады.
Солардың бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет