Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет68/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
«Спорт педагогының 
рефлексивтік мәдениеті»
» 
атты элективті курсы және әдістемесітәжірибеде 
жүзеге асырылды. 
3.
Бекіту экспериментінде
бастапқы және қорытынды зерттеу нәтижелері 
салыстырылып, 
динамикасы 
көрсетілді. 
Эксперимент 
нәтижелері 
математикалық-статистикалық өңдеулерден өтіп, арнайы кестелер мен суреттер 
негізінде рәсімделді.
Сондықтан да біз өз зерттеуімізде студенттердің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастыруға жағдай жасайтын 
«Спорт педагогының рефлексивтік
мәдениеті» 
атты пәннің бағдарламасына сәйкес сабақтар ұйымдастырдық. Осы 
арқылы бoлaшaқ дене шынықтыру мамандарын дайындауда рефлексивті 
мәдениетін қалыптастырудың үздіксіз, аудиториялық және аудиториядан тыс 
оқыту формасын байланыстыра отырып қолдануға мүмкіндік туды. Сонымен 
қатар студенттердің рефлексивті мәдениетін қалыптастыру мақсатында 
мамандықта оқытылатын басқа да пәндердің мүмкіндіктері пайдаланылды. 
Қазіргі кездегі еліміздің білім беру жүйесінде жүзеге асырылу үстіндегі 
жаңаша оқыту талаптары білім алушылардан шынайы мәселелерді анықтап 
зерттей білуді, сыни тұрғыда ойлауды талап етеді, білім алушы мен оқытушы 
арасында диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту 
үшін оқытушы білім алушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән 
немесе тақырып туралы ойлана алатындай ынталандыра, белсендіре алуын 
міндеттейді. Осы айтылған жағдайлар әлемдік өркениет көшінен қалмау үшін 
білім беру үдерісін жаңаша ұстанымдарға негіздеу, оқытуды инновациялау, 
білім алушының рөлін өзгертіп, өз жауапкершілігін арттыруға бағыттау, оның 
білімдік әрекетін бағалаудың жаңғыртылған формаларын тәжірибеге ендіруді 
талап етті.
Осы ретте элективті курсты жүргізу барысында әрбір тақырыпты білім 
алушыларға игертуде оқыту әдістері мен технологияларын дұрыс таңдаудың 
маңызы ерекше. Бұл курсты жүргізуде студенттердің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастыру үшін оқыту мен үйретудің жаңа технологияларын, әсіресе 
рефлексивті тәсілдерді барынша кеңінен пайдаландық.
Мысалы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет