НЕГІЗГІ БӨЛІМ Қан ұю организмде биохимиялық каскад түрінде жүреді. Коагуляция үрдісі қанда өте белсенді ферменттердің пайда болуымен, олардың бір-бірімен байланысты әрекеттері нәтижесінде плазмалық протромбиназаның (Хф) әсерлеуінен басталады.
Қан ұю үрдісіне плазмалық факторлар, жасушалық факторлар, тіндік факторлар қатысады.
Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.

Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок — фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген белок — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан клеткалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.
Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды.
Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін.
Қанның ұйуы дегеніміз организмді қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады.