Пациентке кереуеттің шетіне жайғасуды үйрету
бет 4/9 Дата 18.12.2021 өлшемі 1,14 Mb. #103230
Байланысты:
лек (6) Пациентке кереуеттің шетіне жайғасуды үйрету
Мақсаты : пациент кереуеттің шетіне қарай жылжып белгілі бір емшараны (күре тамырға дәрілерді тамшылатып жіберу , төсектерін ауыстыру , каталкаға жатқызу т.б.) орындау үшін пациент ыңғайлы қалыпта болады.
Шарт : пациент қолдарымен көмек беріп горизонталды қалыпта қозғала алады. .
Іс-әрекеттер алгоритмі:
Пациентке емшараны орындау мақсатын , қажеттілігін түсіндіріңіз.
Пациент емшараны орындай алатынына , горизонталды қалыпта қозғала алатынына көзіңізді жеткізіңіз.
Манипуляция орындауға пациенттің келісімін алыңыз.
Пациентке эргономиялық қалып беріңіз (жастығын алып тастаңыз).
Пациентке іс-әрекеттерін түсіндіріңіз:
«сіз қолдарыңызбен көмек бере отырып кеудеңіздің жоғары аймағын шамаңыз келетін қашықтыққа дейін жылжытыңыз»;
«қысқа уақыт дем алғаннан соң қолдарыңызбен көмек бере отырып бөксеңізді кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз. Дем алыңыз» (1-ші сурет);
«аяқтарыңызды кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз» (2-ші сурет).
6 Емшара орындау үшін пациентке төсегінде ыңғайлы қалып беріңіз.
1 2
Пациентті төсекте «арқасымен жату» қалпынан кереуеттің шетіне аяқтарын төмен түсіріп отыруды үйрету
Мақсаты : пациент кереуеттің шетінде аяқтарын төмен түсіріп отырады.
Шарт : пациент өзіне көмек бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: