Пациентті «қолтық астынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу
Пациент көмектесе алады, бір медбике көмегімен орындалады
Мақсат: көмектесе алатын пациентті сүйемелдеу және орнынан ауыстыру.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
Пациенттің жағдайын, айналасындағы жағдайды (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.) бағалаңыз
Пациентке манипуляция мақсатын түсіндіріңіз, ақпаратты түсінгеніне көзіңізді жеткізіңіз, орындауға келісімін алыңыз.
Кереуетте (отырғышта) отырған пациентің бүйір жағынан оған қарама-қарсы тұрыңыз, бір аяғыңызды кереуетке қатар қойыңыз, екінші аяғыңыздың басын отырғышқа қарай сәл бұрып, пациенттің аяқтары алдына қойып, тізелерін тірей бекітіңіз.
Бір қолыңыздың алақанын төмен қаратып пациенттің қолтығына енгізіңіз, бас бармақ қолтықтан тыс орналастырылады; екінші қолыңыздың алқанын жоғары қаратып пациент қолтығына артқы жағынан алға қарай енгізіңіз, бас бармақ қолтықтан тыс орналастырылады.
Өз денеңіздің салмағын бір аяқтан екіншісіне еркін ауыстыра алатынына көзіңізді жеткізіңіз.
Пациенттен алға қарай еңкейіп, сізге жақын тұрған иығымен сіздің кеудеңізге қатты тіреуін сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |