|
Пациентке төсегінде бір бүйіріне аударылуды үйрету
|
бет | 3/9 | Дата | 18.12.2021 | өлшемі | 1,14 Mb. | | #103230 |
| Байланысты: лек (6)Пациентке төсегінде бір бүйіріне аударылуды үйрету
Мақсаты: пациент кереуетте бір бүйірімен жатады, төсекте қолайлы қалыпта болады.
Шарт: пациент өзіне көмек бере алады, медбике ақпаратын түсінеді. Пациенттте төсегінде бір бүйірімен жатуға қарсы көрсетілімдері жоқ.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
Пациент сізді түсінетініне көзіңізді жеткізіңіз, емшараны орындау мақсатын, қажеттілігін түсіндіріңіз.
Пациент манипуляцияны орындай алатынына көзіңізді жеткізіңіз, орындауға келісімін алыңыз.
Пациентке эргономиялық қалып беріңіз (жастығын алып тастаңыз)
Пациентке іс-әрекеттерін түсіндіріңіз:
«иығыңызды сыртқа қарай бұрыңыз, қолыңызды шынтақта бүгіп кереуетке қойыңыз, қол ұшы бас деңгейінде, алақан жоғары қарауы керек (іс-әрекеттер бұрылу жағынан орындалады) » (1-ші сурет) ;
«аяқтарыңызды тізеде бүгіп , табандарыңызбен кереуетке жеңіл сүйеніңіз»;
«табандарыңызбен итеріліп және бүгілген қолыңызға сүйеніп бір бүйіріңізге аударылыңыз. Екінші қолыңызбен қолдаңыз» (2-ші сурет).
5. Пациентке төсегінде жайлы, эргономиялық қалып беріңіз (3-ші сурет).
6. Пациенттің хал-жайын сұраңыз.
1 2
3
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|