Пациентті «көтерілген шынтақтан ұстау» әдісімен сүйемелдеу
(отырғыш-каталкаға, кереуетке отырғызу)
Пациент көмектесе алады, бір медбике көмегімен орындалады
Мақсат: көмектесе алатын пациентті сүйемелдеу, кереуеттен отырғыш каталкаға, орындыққа отырғызу (және керісінше).
Іс-әрекеттер алгоритмі:
Пациенттің жағдайын, айналасындағы жағдайды (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.) бағалаңыз
Пациентке манипуляция мақсатын түсіндіріңіз, ақпаратты түсінгеніне көзіңізді жеткізіңіз, орындауға келісімін алыңыз.
Кереуетте (отырғышта) отырған пациентің бүйір жағынан оған қарама-қарсы тұрыңыз, бір аяғыңызды кереуетке қатар қойыңыз, екінші аяғыңыздың басын отырғышқа қарай сәл бұрып, пациенттің аяқтары алдына қойып, тізелерін тірей бекітіңіз.
Өз денеңіздің салмағын бір аяқтан екіншісіне еркін ауыстыра алатынына көзіңізді жеткізіңіз.
Пациенттен алға қарай еңкейіп, сізге жақын тұрған иығымен сіздің кеудеңізге қатты тіреуін сұраңыз.
Пациентке қарай сәл еңкейіп оны шынтағы астынан сүйемелдеп қатты ұстаңыз.
Келесі иығыңызды пациенттің иығы сіздің қолыңызға тірелетіндей етіп қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |