Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет25/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
39 
фортты сезінеді. Ол әр адамның психологиялық ерекшелігіне 
байланысты әртүрлі болады. Тұлға аралық ара қатынас 
дистанциясының төрт түрі болатыны белгілі: 
1.
0-45 см- «интимдік дистанция», өте жақын адамдар-
дың ара қатынасында кездеседі (ерлі-зайыпты, ата мен бала). 
Бұл интимді зонаға басқа жат адамдардың кіруі наразылық 
және қарсылық тудырады. 
Медициналық қызметкер мен науқас ара қатынасында 
пациент интимді қашықтыққа жіберілмейді, себебі олардың 
әрекеті ресми түрде өтіп, әлеуметтік нормалармен реттеледі. 
Бірақ, ауру 
хал 
үстінде болса, өміріне қауіп төніп тұрған 
жағдайда интимдік дистанция қолданылады. 
2.
45-120 см «жекелік дистанция», партнерлік қатынасты 
сипаттайды. Әлеуметтік жағдайы біркелкі адамдардың 
сұхбаттасуында қолданылады. 
3.
120-400 см - Бұл «әлеуметтік дистанцияда» формал-
ды, ресми ара қатынасу өтеді. Егер науқас адамның өзіне 
сұхбаттасу қашықтығын таңдауға мүмкіншілік берсе, ол 2 
метр қашықтықта орналасатыны анықталған. Мұнда ол өзін 
жайлы және комфортты сезінеді. 
4.
4-7,5 метр- «көпшілік дистанциясында» бірнеше адам 
формалды түрде қатынасады ( жиналыста, конференцияда) 
Әңгімелесушілердің озара орналасуы. 
Ара қатынас ке-
зінде әңгімелесушінің отырысы мен тұрысы да, оның әрекет-
тесуінің психологиялық мағынасын түсінуге мүмкіншілік 
береді. Сұхбаттасушының негізгі позицияларының келесі 
түрлері белгілі: 

Бетпе-бет, бір-біріне қарсы орналасуы, адамның кон-
фронтацияға бейімделген мінезін көрсетеді, шиеленіс үстінде 
мүмкін деген қауіпті қарсы алуға бағытталады. 
Медициналық қызметкерлер мұндай позициядан аулақ 
болуы қажет. 

Қатар орналасу позициясы адамның әрекеттесуге 
бейімділігін, сенімділігін және қайырымдылығын көрсетеді, 
партнерлік ара қатынасты белгілейді. 


 
40 

Қарама-қарсы отырып, стол арқылы қатынасу, адам-
ның басшылығын көрсетеді, сенімділік тудырмайды, психо-
логиялық жанасуға жетуге мүмкіншілік бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет