Дәріс 12. Көмекші концентрлық сфера тәсілі
Дәрістің мазмұны
1. Көмекші концентрлық сфера тәсілің 3 шарттары
2. Минимальды сфераның радиусы
3. Максималдық сфераның радиусы
Өстерінің ортақ нүктесі бар айналу беттердің өз ара қиылысуы. Өстері өз ара қиылысатын екі айналу беттің киылысу сызықтарын осы беттерді олардың өстерінің қиылысу нүктесінен жүргізілген біркатар көмекші сфералармең қию аркылы анықтауға болады.
Жүргізілген сфера айналу беттердің екеуін де шеңбер бойынша қиып өтеді. Бұдан алынған қос шенбер өз ара қиылысады да, екі бетке бірдей ортақ нүктелерді береді. Бұл нүктелер осы беттердін қиылысу сызығының нүктелері болып табылады.
Бүл тәсіл тек мына жағдайларда ғана қолданылады:
өз ара қиылысатын екі бет айналу беттер болуы тиіс, басқаша жағдайда беттердің сферамен киылысуынан шеңбер пайда болмайды;
2) қиылысатын беттердің өстері де өз ара қиылысуы керек, ондай болмаған жағдайда беттердің бірі сферамен шеңбер бойынша қиылыспайды;
3) қиылысатын беттердің өстері проекция жазықтыктарының біріне па-раллель болуы тиіс. Олай болмаса сфераның беттермен қиылысу сызыктары (шеңберлері) проекциялар жазықтықтарына эллипстер түрінде проекцияланады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
концентрлық сфера тәсілі қандай жағдайда қолданылады
концентрлық сфера тәсілін қолдану алгоритмі
Сфера тәсілін қолданудың негізгі 3 тәсілі
Ұсынылатын әдебиет:
1. Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия есептері.– Алматы.: 1995, 272 б.
2. Акпанбетов Ғ. Сызба геометрия.- Алматы, 150 б.
3. Начертательная геометрия. / Под ред. Крылова Н.Н.-М.:1990, 240 с.
4. Левицкий В.С. Машиностроительное черчение. – М.: 1988.- 351 с.
Достарыңызбен бөлісу: |