Безымянный-1



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата06.02.2023
өлшемі3,84 Mb.
#167577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Жасыл экономика

МЫСАЛ. КҮН МЕН ЖЕЛ
Біз айтып өттік, кез-келген қатардағы адам үшін дәстүрлі «жасыл 
экономикалық топтама» - ол жел генераторлары, күн батареясы мен 
қоқысты жеке жинау. Мұндай көзқарас жаппай енгізілуде, оның ішінде 
қарапайым халықта осындай көзқарас қалыптасуына бұқаралық 
ақпарат құралдарының да суреттері атсалысуда. Шындығында солай 
ма?
Қоғам санасында қалыптасқан Жасыл Энергетиканың ең танымал 
бөлігі – жел генераторлары мен күн электр энергиясының қондырғы-
ларын алып қарастырайық. Олардың суретінсіз экономиканы жасыл-
дандыру туралы бір де бір мақала не хабар шығарылмайды. 
Келесі сұраққа жауап беріп көрелік, - «Егер сендердің елдеріңде 
ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
МЫСАЛДАРЫ
15


энергияның баламалы көздері бар болып, тіпті жаңалары да салынып 
жатса, онда сендердің экономикаларың «жасыл ма»?» Бір қарағанда, 
жауап анық сияқты, әрине, бұл – Жасыл Экономика, себебі олар көмір 
жақпайды, олардан ластауыш заттар шығарылмайды, олар «аппақ әрі 
мамықтай» және «экологиялық таза энергия» шығарады. Бұның 
барлығы шындық болар еді, алайда... Жалпы алғанда қандай да бір 
технологияның жағдайға әсерін кешенді түрде бағалау үшін осы 
технологияның қоғамға, экономикаға, қоршаған ортаға тигізетін 
әсерлерінің барлық түрлерін есепке алуға тура келеді. 
Яғни, басқаша айтқанда, баламалы энергия түрлерінің жағымсыз 
әсерлерін де есепке алу қажет, мысалы, атап айтқанда, жел 
генераторларының жылдам айналатын қалақтарынан немесе күн 
электр станциялары айналарындағы шоғырланған күн сәулесінен 
болатын құстар өлімін алайық. Өкінішке орай, бұқаралық ақпарат 
құралдары аталған «экологиялық таза» жел генераторларын өндіру 
үшін бір жерлерде шахта мен рудниктер қазылып, олардан руда 
алынып, алынған рудадан металлургия заводтарында жоғары 
технологиялық «таза экологиялық» энергия көздерін өндіруге қажетті 
металлдар жасалатындығы туралы үндемейді. Бұл процесстердің 
барлығы сөзсіз қоршаған ортаға төгілетін зиянды қалдықтар мен 
шығарындылар өндіруге әкеліп соқтырады. Егер бір жерде «таза» жел 
генераторын орнатса, ал басқа бір жерде қоршаған ортаға жағымсыз 
әсер болды деген сөз. Сонымен қатар, бұл генераторлар жоғары 
технологиялық өнім болғандықтан, көптеген елдерде өндірілмейді, 
оны, мысалы, Қазақстанға мыңдаған километрден әкеледі, сондықтан 
олардың құны екі есе жоғары болады (құн мәселесі өте маңызды, себебі 
біз «жасыл» болса да, экономика туралы айтып отырмыз) және 
тасымалдау кезінде жылыжайлық газдардың шығарылуы болары да 
сөзсіз.
Қарапайым ғана мысалдан өздеріңіз көріп отырғандай, толық 
«таза экологиялық» немесе бейтарап технология деген болмайды, - 
оның барлығы қоршаған ортаға бәрібір әсер етеді. Жасыл Экономика 
ұстанымдары белгілі бір технологияны, өнім мен қондырғыны 
пайдалану циклының барлық кезеңдеріндегі осындай әсерлерді 
кешенді түрде жан-жақты бағалауды талап етеді. Яғни табиғат пен 
экономикаға тиетін әсерлердің барлығын – өнімді өндіру кезеңінен 
бастап оны пайдаланып болғаннан кейінгі жою кезеңіне дейін есепке 
алу керек. Тіптен осындай толық сараптаманың өзі де, осындай 
16


технологияны енгізген күнде де еліңіздің экономикасы жасыл болып 
кетеді деген кепілдікті бере алмайды.
Мысалы, егер жел генераторларымен қатар қоршаған орта үшін 
зиянды қалдықтар мен шығарындылардың негізгі көздерінің бірі көмір 
электр станцияларының қуатын есептеуді жалғастыра берсеңіз, онда, 
сөзсіз, электр энергиясын көп шығаратын боларсыз, әйтсе де сіздің 
еліңіздің экономикасы бұдан жасыл болмайды. Себебі осы әрекет 
нәтижесінде қоршаған ортаға шығарылған улы эмиссиялар азая 
түспегені анық, ендеше ортаның тіршілік жағдайы төмендеп, оның 
ластануы әрі қарай жалғаса береді.
Жоғарыда келтірілген мысалда егер баламалы энергетиканы 
дамытумен қатар энергия генерациясының дәстүрлі көздерінен 
ластаушылардың шығарылуы төмендегенде, қазба отын көздері 
арқылы алынатын электр энергиясының үлесі азайғанда, ол энергия 
көздерін жағудың тиімділігі көтерілгенде және осыған байланысты, 
сарқылмалы энергия шығарушылар – көмір, газ, мұнай көздерін 
пайдалану төмендеген кезде, экономика жасыл болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет