ұстанымдарына көшудің бастапқы кезеңінде қазақстандық нұсқа
қорларды тиімді әрі ұқыпты пайдаланатын индустрияның дамуы
негізінде үздіксіз тұтыну моделін дамыту идеясына ықыласты.
Қорыта
айтқанда, Жасыл Экономика бұрын болғандай тек
«экономиканың» ғана мүдделерін есепке алмайды, сонымен бірге
халықтың әл-ауқатын көтеру мен қолайлы табиғи ортаны сақтап қалуда
әлеуметтік жауапкершілікті жоғарылатудағы қоғамның мүддесін де
көздейді. Бұл мүдделердің бір-біріне қарама-қарсылығы және олардың
арасындағы қайшылық пен қақтығыстардың
болатындығы бір
қарағаннан-ақ байқалады. Жасыл Экономика осындай қайшылықтарды
шешіп, қақтығыстарды жаңа технологиялық әдістерді пайдалану,
заңнаманы өзгерту, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дәстүрлер
мен тәртіпті мемлекеттік реттеу арқылы шешуге бағытталған.
Жасыл экономика – бұл бірінші кезекте табиғатты сақтауға
мүдделі экономика деп ойлауға болмайды. Жоқ, Жасыл Экономика, ең
біріншіден, - «экономика», содан кейін барып «жасыл». Сондықтан
Жасыл Экономикаға көшу кезінде шағын кәсіпкерлікке қатысты кейбір
табиғат қорғауға байланысты заңнамалық
талаптардың босаңсуын
байқасаңыз, таң қалмаңыз.
Себебі «қоршаған ортаны қорғауды құжаттауға» жұмсайтын
қоғамның ысырабы мен қисынсыз шығыны шағын кәсіпкерлік
әрекеттен гөрі экономика мен табиғатқа көбірек зиян келтіруі мүмкін,
мысалы селолық дүкен мен шаштараздың қызметтік әрекетінен гөрі
олардың облыс орталығына ірі зауытпен қатар экологиялық рұқсаттама
алу үшін
бірнеше мәрте барып, едәуір ақша құртуы көбірек зиянды.
Көптеген дамыған елдерде мұндай шағын бизнес экологиялық
реттеуден босатылған.
Бейнелей айтқанда, Жасыл Экономиканың мақсаты ескіден келе
жатқан «Құда да тыныш, құдағи да разы» мәтелінің қиын шешімін табу
болып табылады. Бұл мүмкін
емес сияқты, алайда Жасыл Экономикан-
ың кейінгі жылдардағы жетістіктері қоғамның саяси ерік-жігерін, қоры
мен күшін шоғырландырған жағдайда ол мақсатқа қол жеткізудің
шынайы мүмкіндігіне негізделген үміт пен сенім сыйлайды.
Достарыңызбен бөлісу: