Бұл жұмыста кейінде Жасыл Экономика деп аталынып жүрген
қазіргі қоғамның экономикалық құрылымына деген ерекше көзқарас
қарастырылады.
Жасыл Экономика табиғат қорларын ұтымды пайдалану және
оларды сақтау мен қалпына келтіруді қамти алған жағдайда, қоғамның
тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуын қамтамасыз етуге
бағытталады.
Бұл қысқаша нұсқаулық экономика мен қоршаған ортаны қорғау
мамандарына емес, өмірдегі Жасыл Экономика ұстанымдарын түсініп,
пайдалануды жеңілдету үшін қарапайым адамдарға арналған.
Қойылған мақсаты мен шағын көлеміне қарай бұл жарияланым
академиялық бағытқа, толық әрі қателіксіз пікірге ұмтылмайды. Бұл
нұсқаулық қоғамның басым бөлігін ақпараттандыру- ағарту мақсатында
және Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшуін жеңілдету үшін
дайындалды.
Нұсқаулықта Жасыл Экономикаға көшу әдістері мен жолдарының
сәтті және сәтсіз мысалдары келтіріліп,
Жасыл Экономиканы енгізуге
бөгет болатын, қазірдің өзінде бар кедергілер көрсетілді.
Бұл басылымның құрастырылуы мен жариялануы «Азаматтардың
құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша
КІРІСПЕ
5
шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус
конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясында,
Қазақстан
Республикасындағы Европа Одағының өкілдігінің¹ қолдауымен және
«Arnika - - Center for Citizens' Support»² (Прага, Чехия), «ЭкоМаңғыстау»³
үкіметтік емес ұйымы (Ақтау, Қазақстан), «Қарағанды облыстық
экологиялық мұражайы»⁴
мен Жаңа, экологиялық қауіпсіз техноло-
гияларды енгізу орталығының (Қарағанды, Қазақстан) қатысуларымен
жүзеге асырылуда.
Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудағы көп жылдық
қолдауы мен зор жігері үшін авторлар Arnika үкіметтік
емес ұйымының
(Прага, Чехия) қызметкерлері – Martin Skalsky, Jindrizh Petrlik мырзаларға
ерекше алғыстарын білдіреді.
Сонымен қатар авторлар мен құрастырушылар Deutsche
Gesellschaft fur Zusammenarbeit (GIZ)⁵ германиялық қоғамының
халықаралық ынтымақтастық
бойынша өкілдері Ilka Starrost, Andre
Fabian, Дана Ермоленок пен Германиядағы ядролық реакторлар
қауіпсіздігі
мен Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау мен құрылыс
министрлігіне техникалық көмек көрсетіп отырған Батыс-Балкан елдері,
Орталық және Шығыс Европа мен Орта Азия елдеріндегі климат саясаты
мәселелері бойынша әлеуетті дамыту GIZ аймақтық бағдарламасына
Қазақстан Республикасындағы Жасыл
Экономиканы жылжыту мен
дамыту мәселелері бойынша көрсеткен ақпараттық қолдаулары үшін
ерекше ризашылықтарын білдіреді.
6
¹www.eeas.europa.eu
²
www.english.arnika.org
³www.ecomangystau.kz
⁴www.ecomuseum.kz
⁵www.giz.de