қарай Тұжырымдама) қол қойған кезін айтуға болады. 2014 жылы оны
жүзеге асыру жоспары бекітіліп, Қазақстан
Республикасы Президенті
жанында Жасыл экономикаға көшу бойынша кеңес құрылды,
заңнаманы жасау мен оны реформалау бойынша белсенді жұмыс
басталды. 2016 жылы заң шығару белсенділігі Қазақстанның жасыл
экономикаға көшуі туралы заңнаманы күшіне енгізумен аяқталды²⁴.
Заңнаманы реформалау процессі экономиканың әр түрлі
салаларын
жасыл экономикаға көшіру бойынша стратегиялық жоспарларды
жасаумен қатар жүргізіліп жатты.
Осы кезге дейін Қазақстан жиырма жыл ішінде біраз бірізді
қадамдар жасаған болатын, бұл қадамдар 1995 жылы UNFCCC²⁵
ратификациялаудан басталды. Одан кейінгі
жылдары Қазақстан БҰҰ-
ның табиғат қорғау конвенцияларының барлығына дерлік кірді, 2004
жылы Үкімет жанында Тұрақты даму бойынша кеңес құрылып, ұлттық
экологиялық кодекс халықаралық конвенциялардың талаптарына
сәйкес толықтай реформаланды деуге болады,
тұрақты даму
ұстанымдары саяси және заңнамалық құжаттардың негізін қалаушы
идеялар ретінде енгізілді.
Тұжырымдамада Қазақстан үшін ғана емес, басқа да дамыған
елдер үшін өте масштабты және өр міндеттер қойылған.
Жасыл
Экономикаға көшу елдің ЖІӨ 3% жоғарылатып, 500 мыңнан астам жаңа
жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, бүкіл әлемде мойынсұнған
өмір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін өндіріс пен
қызметтің жаңа түрлері енгізіледі²⁶.
Әрине, тұтас мемлекеттің экономикасын біржола жаңа арнаға
бұруды қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкін емес. «Қор секторларын-
дағы активтердің циклдық жаңарулары
ұзақ уақытқы созылады, ал
экономикасы табиғи қазбаларды өндіруге негізделген елдерде таза
экономикаға көшу ондаған жылдарға созылады. Бұл жағдайда
22
²³«Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы»,
Қазақстан Республикасы Президентінің № 577 Жарлығымен 30 мамыр 2013 жылы
бекітілген, https://strategy2050.kz/static/files/Concept_Rus.pdf
²⁴«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан
Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы,
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34416564
²⁵UNFCCC, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Шекті
Конвенциясы, http://unfccc.int/resource/docs/convkp/convru.pdf
²⁶https://strategy2050.kz/ru/news/1211
Қазақстанды есептен шығаруға болмайды».
Достарыңызбен бөлісу: