Безымянный-1


ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ДЕГЕН НЕ



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата06.02.2023
өлшемі3,84 Mb.
#167577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жасыл экономика

9


ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ДЕГЕН НЕ, 
ОНЫҢ АДАМ МЕН ТАБИҒАТҚА 
ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
10
Бір қарағанда Жасыл Экономика деген атау қарапайым әрі түйсік 
деңгейінде түсінікті сияқты болып көрінеді. Егер ол туралы қарапайым 
адамнан сұрасаңыз, ол өзінің ойынша Жасыл Экономикаға жатады 
деген ұғымдарды санамалай бастары сөзсіз, мысалы: жел генератор-
лары, күн батареялары, электромобильдер мен ммм ..., - о, қоқысты 
бөліп жинау. Мұндай пікір телебағдарламалар арқылы қалыптасады, 
себебі олар Жасыл Экономиканы тура осындай «суреттер» арқылы 
көрсетеді. 
Алайда, өкінішке орай, өмірде жиі болатындай, шындығында бұл 
мүлдем олай емес. Кейде мүлдем олай болмайды! 
Әлемнің әр бұрышында Жасыл Экономика ұғымын түсіндіру әр 
түрлі беріледі, осыған орай әр түрлі тәсілдер арқылы құрылған «жасыл 
экономикалар» да әр түрлі болады. 
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУ
Қоршаған ортаны қорғауға арналған БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) 
келесідей анықтама береді: 
Жасыл Экономика – «бұл қоршаған ортаға


11
арналған қатерлер мен оның жұтаңдануын төмендете отырып, 
адамдардың әл-ауқатын көтеріп, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз 
ететін экономика. 
Ең қарапайым түсінік бойынша «жасыл» экономика – 
көміртекті қосындылардың төмен шығарылуы, қорларды тиімді 
пайдаланатын және бүкіл қоғам талаптарына сай экономика деуге 
болады. Жасыл экономикада көміртек шығарылымы мен ластауларды 
азайтатын, энергия мен қорларды пайдалану тиімділігін арттыратын 
және биологиялық алуан түрлілік пен экожүйелік қызметтерді жоғалту-
дың алдын алатын, мемлекеттік және жеке меншік инвестициялар 
арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл инвестицияларды мақсатты мемле-
кеттік шығындар, саяси саладағы реформалар мен өзгерістерді басқару 
арқылы катализдеу және қолдау қажет. Мұндай даму жолы табиғат 
капиталын маңызды экономикалық актив және қоғам әл-ауқатының 
көзі, әсіресе, кіріс пен қорғаныш көзі табиғатқа тәуелді тұрғындардың 
кедей бөлігі үшін сақтап, көбейтіп, қажет болған жағдайда, оны қайта 
қалпына келтіріп отыру қажет»⁹. 
Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу тұжырымдамасы бұл 
экономикаға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет