Бүгінде не іске асырылуда? Күрт өрлеу туралы айтуға болмайды, өйткені өзгерістер процесі уақытты талап етеді. Дегенмен, өз өндірістерінде Индустрия


Сонымен қатар, аса қауіпті учаскелерде, мысалы, қорыту немесе құю цехында өнеркәсіптік роботты қолдану өндірістік жарақттану оқиғаларын біршама азайтады



бет4/4
Дата27.10.2023
өлшемі6,05 Mb.
#188719
1   2   3   4
Байланысты:
Индустрия 4.0 2

Сонымен қатар, аса қауіпті учаскелерде, мысалы, қорыту немесе құю цехында өнеркәсіптік роботты қолдану өндірістік жарақттану оқиғаларын біршама азайтады.
Еңбек қауіпсіздігін арттыру өлшеміне келсек, мұнда өндірістік жарақаттану жиілігі коэффициент қолданылады – бұл еңбекті қорғауды жетілдіру мақсатында өндірістік жарақаттануды талдаудың статистикалық әдісінде қолданылатын көрсеткіш. Сонымен қатар белгілі бір формуламен есептелетін жарақаттанудың ауырлығы коэффициенті қолданылады, жұмыскердің еңбек міндеттемелері мен басшының тапсырмаларын орындау кезінде алған зақымдануларының саны мен дәрежесі ескеріледі.
Бұл көрсеткіштерге кәсіпорындардың өздері мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мониторинг жүргізеді.

Қазақстандық кәсіпорындар Индустрия 4.0 енгізуге әзір ме?


Кәсіпорындардың Индустрия 4.0 енгізуге әзірлігін бағалау жүргізілетін келесі категориялар қарастырылады:
технологиялар (ҒЗТКЖ, дизайндар әзірлеуді, өндірісті, сатып алулар жүйесін, сондай-ақ ішкі және сыртқы логистиканы қамтитын);
басқару және стратегия (АТ менеджменті, кәсіпорындар стратегиясы және өнім циклін басқару );
өндірісті ұйымдастыру (өнімнің өндірістік процестерде қадағалануы, сапасын бақылау, сондай-ақ шикізат қорларын, материалдарды, дайын өнім мен жеткізуді басқару );
персонал мен коммуникациялар (өндірістік міндеттерді бөлуді, дағдылдар мен құзыреттерді, сондай-ақ оқыту шараларын басқару ).
Бұл талдау шағын және орта бизнес субъектілерінің ағымдағы жағдайда бағалауына, өндіріс секторларын Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге әзірлігін саралауға, өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Индустрия 4.0 дегеніміз цифрлық технологиялар ғана емес, адамдар мен инновациялық мәденетті де қамтитынын түсіну маңызды. Тек кешенді трансформация ғана өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістік шығындарды оңтайландыру, табыстылығын көбейту, еңбек жағдайларын жақсарту, өнеркәсіптік қауіпсіздік түріндегі барыншы тиімділікті бере алады.
Индустрия 4.0-ге көшу кәсіпорындарға жаңа технологиялық даму деңгейіне шығып, жаңа нарықтарды табуға. қосылған құнның жаһандық тізебіген кірігуге мүмкіндіктер тудырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет