Бибеков қаныш тілеужанұлы қазақ тілінің семантикасы


Лексикалық мағына құрылымы



бет10/16
Дата08.02.2023
өлшемі464 Kb.
#167947
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
БИБЕКОВ ҚАНЫШ ТІЛЕУЖАНҰЛЫ(1)

Лексикалық мағына құрылымы
Сөздің мағына қүрылымы семантикалық негізгі мэселесінің бірі болып табылатын, өте күрделі қүбылыс екенін ғалымдар атап көрсеткен. Егер біз сөз дегенде мағына мен дыбысталудың бірлігін түсінетін болсақ, онда мағына сөздің ішінде, соның қүранды бөлшегі ретінде өмір сүреді. Сондықтан да сөз мағынасын өте кең көлемде түсіндіруге негіз бар.
Сөздің лексикалық мағынасы ішкі қүрылым жағынан да бір монолит, белінбейтін түсінік емес. Мағынаның бүл қасиетін, ең алдымен, қолданушы адам мен сол адам мүше болған әлеуметтік ортадан іздеу керек. Әрине кез келген сөйлеуші адам белгілі бір информацияны екінші біреуге жеткізгенде жалаң информацияны ғана хабарламастан оған өзінің жеке басының көзқарасын да жеткізеді. Сөйлемнің грамматикалық белгісінің бірі болып саналатын модалділік осыған негізделінген. Айтушы өз көзқарасын тектен-тек білдіріп қана қоймастан оны беру жолын да, айла- тәсілдерді де ойлайды. Соңғы мақсат айтушы не жазушының сөздің көп мағыналық қасиетімен, антонимдік, синонимдік қатарларынан пайдалануына итермелейді. Мысалы, Мен көрдім үзын цайыц цүлазанын, Бас үрып цара жерге сүлазанын. Жапырагы сарзайып, өлімсіреп, Байгүстың кім тыцдайды жылазанын (Абай). ¥лы Абай бүл өлеңінде қайыңға жан бітіріп, адамша жылатып түр. Жылаудың адамзатқа тэн екендігі, ішкі қайғы- ызаның шектен асып, көзден жас болып ағу екендігі анық. Бірақ қайың ағаштан ондай қайғы-зар сезіндіріп, адамша жылатып түрған Абай, Абайдың ойы. Жайшылықта ағаш жылады, тау жылады десек қисынсыз болар еді, ал бүл тіркесте ондай жаттық жоқ. Сөз мағынасының қүрылымдық элементтерін анықтауда мағынаның барлық қырын қамтуға әрекет ету керек.
Сөз мағынасыңың қүрылымын анықтауда, оның элементтерін белгілеуде ғалымдар арасында бір ізділіктің болмауы, қазіргі күнде бірнеше көзқарастың қалыптасуына алып келген. Сайып келгенде сөздердің мағынасының қүрылымдық элементтерін анықтау, көпшілік жағдайда, ғалымдардың сөз мағынасын қалай түсінуімен тікелей байланысты. Мысалы, бір топ ғалымдар сөздің мағынасы сөз бен объектив дуниенің адам санасындағы бейнесінің дыбысталумен қатынасы деп түсінеді(Мальцев). Тіпті В. М. Мальцев сөз мағынасы оның қүрамына енбейді, сөзден тыс жатады деп есептейді. Егер мағына тілден тыс жататын болса, олар тіл элементтерінің қатынасы негізінде жасалынатын болса, онда сөз мағынасының қүрылымы туралы сөз етудің өзі артық болған болар еді.
Екінші бір топ ғалымдар сөз мағынасын үғыммен байланыстырып анықтауды үсынады. Мысалы, Л. О. Резников: «Біздің ойымызша, сөз шындығында үғымды білдіреді, яғни объектив дүниенің бейнесін білдіреді», - дейді. Әрине сөз мағынасы мен үғым арасында байланыс бар дегенде аз да болса шындық бар. Бірақ сөз мағынасы мен үғымды тең деп, барабар қоюға болмайды. Тіл біліміндс ол екі категорияны барабар санап, тең қоюшылар кездеседі.
Сөз мағынасын талдауда оның компоненттерінің ішінде ең негізгісі, мағынаның ядросы болып саналатын объектив дүниедегі заттар мен қүбылыстардың адам санасындағы бейнесімен байланысып жататын бөлшегі. Бірақ бүл тіл элементтерінің өзара түрлі қатынастары арқылы анықталмайды, керісінше сөздің лексикалық мағынасының негізі болу керек.
Сөз мағынасының негізінде адам санасында жалпыланған, дерексізденген объектив дүниенің бейнесі жатады дегенде біз ол бірден бір мағына жасайтын, мағынамен тең түсетін элемент демек емеспіз. Сондай-ақ сөз мағынасы нақтылы неше, қандай- қандай элементтерден қүралады деген сүрауға анық жауап бере де алмаймыз. Себебі, біріншіден, мағына да, үғым да нақтылы көзбен көріп, санауға келетін, не өлшеуге болатын конкретті зат емес. Екеуі де абстракция, сөз арқылы ғана танылатын қүбылыс, екіншіден, мағынаның да, үғымның да көлемі өзгеріп түрады. Бүл үғым мен мағынаның түрақты элементтері жоқ деген түсінікке алып келмеуі керек. Белгілі бір қоғам мүшелерінің барлығына тэн алынатын мағына мен үғымның болуымен бірге жеке адамның (айтушы мен тыңдаушының, жазушы мен оқушының) өмір тәжірибесіне, біліміне, психологиялық қалпына байланысты айырмашылықтардың болатындығын естен шығаруға болмайды. Сөз белгілі бір информацияны білдіру үшін екінші бір сөзбен байланысып, сөйлем қүрамында қолданылатындығы да анық.
Осындай тіркес нәтижесінде сөздер өз мағынасының бірнеше қырынан көрінеді. Бүрын, тіркеске түспегенде, байқалынбаған мағына белгілі бір тіркестерде анықталып, жеке мағына ретінде бой көрсетеді. Қорыта айтқанымызда, сөз мағынасы бірнеше элементтерден қүралады, бірақ объектив дүниенің субъектив бейнесі басқа мағына компоненттеріне негіз болады. Сөз мағынасының көп қырлылық қасиеті ғалымдардың сөз мағынасын түрлі жақтан талдау жасауына, түрліше топтастыруына негіз болып жүр. Мысалы, А. Д. Уфимцева сөздердің атқаратын қызметіне қарай, оларды үшке бөледі. «Сөз, шындығында да, тілдің барлық функциясын қамтиды: номинативтік(атау болу), сигнификативтік(жалпылау) жэне прагматикалық (эмоциялық жэне экспрессиялық)», - деп көрсетеді. Сөздердің лексикалық мағынасының қалыптасуында бүл элементтерден басқа да элементтер қатынасады. Сондықтан да басқа ғалымдар сөз мағынасына талдау жасағанда басқа элементтерді де көрсетеді. Бір ескертетін нәрсе сол - сөз мағынасына талдау жасаған эр ғалым өзінше мақсат қойып, сол мақсатқа байланысты зерттеген.
Қазіргі тіл білімінде сөз мағынасының қүрамынан объективті дүниедегі заттармен байланысты мағына элементін(денотат), адамдардың ойлау қызметі негізінде пайда болған мағына элементтерін (сигнификат) ажырату жиі кездеседі. Ал конотативтік мағына (кейде прагматикалық мағына да делінеді) туралы пікір элі толық анықталынбағандықтан, нені қамтитындығы элі шешілмегендіктен көп сөз болмайды. Қазіргі даусыз нәрсе сол, мағынасы тек объектив дүниедегі заттар мен адам ойының абстракциясы негізінде пайда болған мағыналык элементтерден ғана түрмайды. Егер жоғарыда аты аталынған екі элемент қана мағына жасаса, онда мағына тіл білімі аясынан шығып, логиканың не психологияның категориясы ретінде бой көрсеткен болар еді.
Сонымен бірге көрнекті тілттті ғалымдардың бір тобы Л. М. Васильев сияқты, мағынаның белгілі бір элементтері жетекші, екінші бір тобы оған көмекші, қосалқы, толықтырушы болады деген қағиданы үсынады. Әрине бүл пікірде шындық бар, егер бүл тек сөздерге байланысты айтылған болса
Сөз мағынасының күрылымдық элементтеріне талдау - сөздердің сөйлемде қолдануымен де байланысты зерттелінген. Біздіңше, сөз мағынасына тіл элементі ретінде де, сөйлеу элементі ретінде де талдау жасау қарама-қайшы екі түрлі пікірге алып келмейді, керісінше бірін-бірі толықтыратын корытындыға алып келеді.
Үшінші бір ғалымдар сөз мағынасын анықтауда сөйлеу процесі кезінде қолданылуын жэне тіркестегі білдіретін мағынасын (информациясын) негіз етіп алады. Мысалы, В.Н. Комиссаров аударма теориясымен байланысты сөздердің эквивалент болу, болмау қасиеттеріне талдау жасай отырып, сөздердің білдіретін 10 түрлі информациясы бар деп көрсетеді. В.Н. Комиссаровтың көрсеікен 10 түрлі информациясының барлығы бірдей сөз бойынан табыла бермегенімен, тілдік элементтерде (барлық тілдерде де) толық кездеседі. Олардың берілу жолдары басқашарақ болуы мүмкін. Мысалы, сөздердің білдіретін бірінші информациясы заттық мағынаны білдіру, автордың тілімен айтқанда, денотатты теңестіруші информация. Бүндай информация денотаттың барлығын білдіріп, оның атауы ретінде қолданылады. Екінші информация денотаттардың жеке белгісін көрсетеді. Үшінші информация денотаттың белгілі бір жалпы категорияға кіретіндігін көрсетеді. Бүндай категориялар үшеу: лексика-
семантикалық, лексика-грамматикалық жэне грамматикалық. Төртінші информация тілдік таңбаның белгілі бір қатынас процесінде қолданылатындығын көрсетеді. Бесінші информация эмоцияны білдіреді. Алтыншы информация бір сөздің басқа бір денотатты білдіру мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, синоним, көп мағыналылық т.б. Жетіншісі - сөз мағынасында бейнелік не басқа бір шартты байланыстың барлығын білдіреді. Мысалы, метафора, метонимия т.б. Сегізінші информация басқа сөздің морфемалық элементтерінің мағынасын білдіреді. Тоғызыншы информация сөйлесу кезінде белгілі бір сөздің басқа бір сөздермен тіркесіп келу мүмкіндігін көрсетеді. Ал, оныншы ин-формация болса, бір сөздің информациясына (мағынасына) қарсы екінші бір мағыналы сөздің барлығын керсетеді. Демек Комиссаров жеке түрған сөздің өзін ғана алмастан оның сөйлем қүрамындағы байланысын, тілдік жүйедегі орнын да алған.
Сөз мағынасының қүрылымын анықтаудың тағы бір жолы бар. Ол - компонентті анализ жолымен сөз мағынасын талдау. Компонентті талдау негізінде мағынаны бірнеше кіші бөлшектерге семаларға бөлу жатады. Мысалы, әже деген сөзде кемінде 4 сема бар: 1) әйел жынысты адам, 2) жасы үлкен, 3) қандық туыстықты білдіреді, 4) әкенің не ананың анасы. Әйел жынысты білдіру тек эжеге ғана байланысты емес, cmasa да, жеңгеге де, сіңліге де, царътдасца да қатысты сема. Ал жасы үлкендік агага да, экеге де сінсізсі да, тәтеге де қатысты сема, бірақ осы төрт семаның біреуі жоғарыдағы сөздерді өзара ажырасып жатуына себебін тигізеді.
Сондықтан семалық талдау сөздердің өзара қатынасын анықтауда, жүйедегі сөздердің орнын белгілеуде қажет болады. Сонымен бірге денотаттық, сигнификаттық мағыналардың өздері де бірнеше семаларға бөлініп кете береді. Егер байыптап қарайтын болсақ, парадигмалық, синтагмалық мағыналар тілдің ішкі заңдылықтарымен байланысты туатындығы, сөйлеу процесінде анықталатындығы белгілі.
Сөз мағынасының қүрылымдық элементтері туралы сөз болғанда, негізінен, үш мағына элементтеріне тоқталған жөн. Олар: денотаттық мағына бөлшегі, сигнификаттық мағына бөлшегі, коннотаттық мағына бөлшегі. Себебі сөз объектив дүниедегі заттармен, қүбылыстармен байланысып қана қоймастан, адамдардың түрлі қызметімен, көп қырлы түрмыс жағдайларымен, ынтасымен адамзаттың барлық өмірін қамтуы керек. Сондықтан да сөз мағынасында, кей ғалымдар көрсеткеніндей, сөйлеушінің жасына, өмір тәжірибесіне, тіпті үлттық ерекшеліктеріне байланысты мағыналық элементтердің болуы мүмкін.
Жоғарыдағы айтылған пікірлерден сөздің мағына қүрамында объектив дүниедегі заттар мен қүбылыстардың белгілі дәрежедегі бейнесі болады жэне ол субъектив бейненің барлығы бірдей сөз мағынасы ретінде танылмайды. Түсініктің үғымға айналуы, ойлауда белгіленген үғымның мазмүны сөз формасына еніп, бекігенде ғана аяқталады. Сөздің формасын жамылған үғымның мазмүны сөздің мағынасы болады. Соның нәтижесінде, дыбысталу мен мағынаның бірлігі ретінде сөз пайда болады. ¥ғым қалыптасу кезінде зат не қүбылыстың белгілеріне арқа сүйейді, сосын сөз формасына бекиді. М: Терісі бағалы, суда тіршілік ететін ондатра деген аңды XX ғасырдың басында Қазақстанға Америкадан экеліп жерсіндірген болатын. Аты мүлде белгісіз аңды алдымен түсіне қарап, сары тышцан, суда жүретін болғасын су тышцаны дей келіп, (¥қсату заңы) қазірде ондатра деп өз атымен атайды. Мүғгда белгілі нәрсе "тьтттткан" жэне "суда тіршілік ететін аң". Жаңа үғымның қалыптасуы мен ескі үғымның арасындағы тығыз байланыстың мэні сөзде жатыр.
¥ғымды білдіретін арнайы сөздің болмауы, үғымды басқа сөз не тіркеспен беруге мэжбүр еткізеді. Бүл жағдай қалыптасқан үғымдарды дэл белгілеу үшін басқа тілдерден сөз алудың себебі болып отыр. Бүдан шығатын қорытынды сөз бен үғымның өзара байланысында анықтаушы, шешуші роль үғымға тэн болады. Ал сөз эртүрлі тілдердің бірлігі (единица) ретінде үғымға өзінің кері ықпалын тигізеді. Сондықтан үғымның қүрамы, яғни көлемі мен мазмүны, эртүрлі тілдердің үлттық ерекшелігімен емес, объективті шындық болмыстың күрылымымен, қоғамдық дамудың деңгейімеи анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет