Бибеков қаныш тілеужанұлы қазақ тілінің семантикасы



бет7/16
Дата08.02.2023
өлшемі464 Kb.
#167947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
БИБЕКОВ ҚАНЫШ ТІЛЕУЖАНҰЛЫ(1)

Тацырып бойынша сүрацтар:

  1. Сөзге қандай мағына тэн болады?

  2. Тілдік бірліктердің барлығында бірдей мағына бола ма?

  3. Сөз болу үшін лексикалық мағынасы болу керек деген пікірге қалай қарайсың?

  4. Атауыш сөздердің мағыналық ерекшеліктері қандай?

  5. Көмекші сөздер сөз қатарына жата ма?

  6. Көмекші сөздерді грамматикалық түлға деп қараған пікірлерге қалай қарайсыз?

  7. Сөз мағынасы тек мәнмәтінде көрінеді, жеке түрғанда мағына біліре алмайды деген пікірге көзқарасыңызды білдіріңіз.

  8. Семиотка мағына мәселесін қалай қарайды?

  9. Ф. де Соссюрдің тілдік элементтің таңбалық сипаты туралы көзқарасына түсініктеме беріңіз№

  10. Лексикалық мағына барлық сөздерде бірдей бола ма?

  11. Есімдіктердің лексикалық мағыналарының ерекшеліктері қандай?

Сөздің лексикалық мағыналарының түрлері мен типтері
Тіл-тілдің сөздік қүамында бір емес, бірнеше лексикалық мағыналары бар сөздері жиі үшырасады. Сөздің лексикалық мағыналарының әрқайсысының өзіне тэн ерекшеліктері болады. Сөздің негізгі мағынасының үстіне қосымша мағынаның үстелуі оның (сөздің) кейбір сөздермен тіркесіп жүмсалуынан келіп туады. Сөздің белгілі бір сөздермен тіркесуінен туған қосымша мағынасы оның негізгі мағынасынан басқаша сипатқа ие болады. Сөз бүдан басқа да себептер мен тэсілдер бойынша қосымша мағынаға ие болуы мүмкін.
Сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие болып, эр түрлі мағыналарда қолданылуға икем келеді. Әр түрлі мағынасы бар сөз көп мағыналы сөз деп аталады. Ал жалпы көп мағыналық күбылысы полисемия күбылысы деп аталады. Полисемия күллі тілдердің бэрінде де бар. Дүние жүзіндегі эр түрлі тілдердің сөздіктерін алып қарасаңыз, солардың эр қайсысынан да полисемантизмді сөздерді жиі кездестіресіз. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі» мына бір сөздердің мағыналарына жэне олардың талданып түсіндірілуіне назар аударалық: «Бас - зат. 1. Адам мен айуан дүниесінің көз, мүрын, ауыз, құлақ, ми орналасқан мүшесі. Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде (мақал). Басы-көзі қан боп, Арқа-басы шаң боп, Жэне түрды жалпылдап (Абай). 2. Шөптің, ағаштың түрлі өсімдіктердің ең жоғары жағы, төбесі, үшы. Сыбдырлады көк жапырақ, Ағашына берген сән. Дэл басында қүстай үшып Мэз болады, шырқайды эн (Саин). 3. Таудың, қырдың, мүнараның т.б. нәрселердің төбесі, биік жері, ең үсті. Шырқайын деп шығып ем Майтөбенің басына. Жаңғырықсын даусым Алатаудың тасына(Жамбыл). Осылар тәріздес көп мағыналы сөздер басқа да тілдердің сөздіктерінде кездесе береді. Әрбір тілде мүндай көп мағыналы сөздердің жиі үшырауы неліктен, олар қалай пайда болған деген сүрақ туады.
Адам баласы қоғамының даму барысында тіл де дамиды, оның лексикасы да дамиды. Өзгеру мен даму тілдің лексикасындағы сөздердің мағыналық жағына да қатысты болады. Адамдар өзін қоршаған дүниедегі заттар мен қүбылыстарды, олардың алуан түрлі сырлары мен белгілерін, әрине, бірден танып білген емес. Заттар мен күбылыстар жэне олардың бір-біріне қатысы мен байланысы, эр түрлі белгілері мен сыр-сипаты адам балаласы қоғамының даму барысында біртіндеп танылып отырады, Жаңадан танылған заттар мен қүбылыстардың тілде сөзбен аталу қажеттілігі эр уақытта жаңа сөздерді тудыра бермейді. Олар көбінесе тілдің негізгі сөздік қорында бүрыннан бір сөздермен аталады да, ол сөздердің бүрынан қалыптасқан негізгі мағынасының үстіне қосымша мағына үстеледі.
Мысалы, қазақ тіліндегі серік сөзінің мағынасында көмекші, қолқабыс беруші, деген үғым бар. Бүл - оның бүрыннан бар, әбден қалыптасқан негізгі мағынасы. Серік деген сөздің басқа туынды, келтірінді мағыналарын былай қойғанның өзінде, бүл сөзге кейінгі кезде жаңа бір мағына үстелді. Ол мағына ғылым мен техниканың орасан зор жетістігі, үлкен табысымен байланысты. Мысалы: жер серігі, жердің жасанды серігі.
Сөздің мағыналық жақтан дамуы, мағыналық "жүк" жинауы бүтіндей тілдің дамуы сияқты, жаңа canа элементтерінің біртіндеп қор жинау жолымен іске асады, Сөздің түрлі-түрлі мағынада қолданылуға икемділігі оның жалпылаушы (обобщающий) қасиетімен тыіыі байланысты. Сөздің жалпылаушы қасиеті оның (сөздің) бүрынғы негізгі мағынасының үстіне туынды жаңа мағыналардың қосылуына мүмкіндік береді. Мүнан эр түрлі мағынада қолданылуға икемділік сөздің өз табиғатында бар қасиет екені аңғарылады.
Диалектикалық эдіс шындық өмірдегі алуан-түрлі заттар мен қүбылыстар өз ара шарттас, бір-бірімсн байланыста болады деп үйретеді. Ал заттар мен қүбылыстар сөзбен аталғанда, өздерінде бар белгілері бойынша аталады. Бір заттың немесе қүбылыстың бойындағы белгілердің бірі немесе бірнешеуі басқа бір заттың не қүбылыстың бойындағы белгілердің бірі немесе бірнешеуімен үқсас келуі мүмкін. Осыған орай, екінші заттың да (не қүбылыстың) бірінші заттың атауымен (сөзбен) аталуы - заңды қүбылыс. Сонымен сөз белгілі бір заттың не қүбылыстың арнаулы атауы бола отырып, үқсас белгілері бар басқа да затқа (не қүбылысқа) атау болады да, осыдан келіп сөздің негізгі мағынасының үстіне туынды мағыналар қосылады.
Сөздің бойындағы эр түрлі мағыналардың табиғаты бірдей емес. Тіл білімінде сөздің мағыналарын эр түрғыдан қарастыру жэне осыған сәйкес, сөз мағыналарын түрліше топтастырып саралау дағдысы бар. Тарихи түрғыдан алып қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына жэне туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді. Мысалы, ер деген сөздің 1. "еркек" деген мағынасы - бастапқы, негізгі мағына да, 2. «күйеу, бай», 3. «батыл, батыр» деген мағыналары - сөздің семантикалық жақтан дамуы барысында кейіннен пайда болған туынды мағыналар.
Тілдің қазіргі қалпы түрғысынан алып қарастырғанда, сөз ағыналарын екі түрге бөліп топтастыруға болады:Оның бірі - тура мағына, екіншісі келтірінді мағына . Мысалы, қараңғы деген сөздің «жарықсыз, ешнәрсені көруге болмайтын» деген мағынасы мысалы, Қараңғы түнді қақ жарып, батысқа қарай жүлдызша ағып барады - тура мағына да, «оқымаған, сауатсыз» деген мағынасы, мысалы, Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам, - келтірінді (ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес, бірнешеу болуы мүмкін. Келтірінді мағыналар өз ішінде метафоралық мағына жэне метонимиялық мағына болып сараланады.
Сөз мағынасы стилистикалық жақтан да ажыратылады.
Стилистикалық түрғыдан алып қарастырғанда, сөз мағыналары бейтарап мағына стилистикалық бояма мағына деп аталатын мағыналарға саралап топтастыруға болады. Стилистикалық мағына өз ішінде терминологиялық мағына, поэтикалық мағына жэне т.б. мағыналар болып бөлінеді. Мысалы, қазақ тіліндегі жүрнақ деген сөздің «қалдық» деген мағынасы, стилистикалық түрғыдан алып қарастырғанда да, - бейтарап мағына да, ал бүл сөздің "түбірге жалғанып жаңа мағыналы сөз тудыратын қосымша (немесе "көмекші морфема") деген мағынасы - терминологиялық мағына.
Бүгінде академик В. В. Виноградовтың сөздің лексикалық мағыналарына жасаған классификация кең түрде қолданылып жүр. В.В. Виноградов сөздің лексикалық мағыналарының негізгі үш түрлі типін көрсетеді: оның бірі - тура немесе номинативті мағына, екіншісі - фразеологиялық байлаулы мағына(, үшіншісі - синтаксистік шартты мағына. Сөздің лексикалық мағыналарының осы аталған түрлерін бір-бірінен ажырата білудің сөздерге мағыналық жақтан талдау жасау жүмысында, әсіресе лексикографиялық жүмыста, маңызы айрықша зор.

  1. Сөздің тура немесе номинативті мағынасы. Тілдегі көптеген сөздер заттар мен қүбылыстардың жэне олардың эр түрлі белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты болады. Сөздің заттар мен қүбылыстардың жэне олардың белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы тура мағына немесе номинативті магына деп аталады. Сөздер өзінің номинативті (тура)

мағынасында аталатын заттар мен қүбылыстарға жанама түрде емес, тікелей бағытталады. Тура немесе номинативті мағынада қолданылған сөздердің басқа сөздермен байланыстары мен қатынастары сол сөздер арқылы белгіленетін шындық болмыстағы қүбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастарға сәйкес келеді. Номинативті мағынасы бар сөздердің басқа сөздермен байланысы мен қатынасы заттық-
логикалық(предметно-логический) түрғыдан айқындалып белгіленеді. Сондықтан да сөздердің тура немесе номинативті мағынасында басқа сөздермен байланысы бірен-саран сөздермен ғана шектеліп қоймайды. Сөз номинативті мағынасында алуан түрлі сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, олармен емін-еркін тіркесе алады. Сөйтіп, оның (номинативті мағынадағы сөздің) басқа сөздермен тіркесіп жүмсалу мүмкіндігі мол болады. Мысалы, оцу деген етістік кітап деген сөзбен де (кітап оцыды), газет деген сөзбен де (газет оцу), хат деген сөзбен де (хат оцу), жацсы деген сөзбен де (жацсы оцу) жэне т.б. сөздермен тіркесіп қолданыла береді. Сөздің тура немесе номинативті мағынасында көптеген сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, олармен емін-еркін тіркесе алу қабілеті ескеріліп, номинативті мағына кейде еркін мағына (свободное значение) деп те аталады. Еркін мағына сөздің лексикалық мағыналарының бір түрі - фразеологиялық байлаулы мағына дегенге қарсы қойылады жэне одан ажырату үшін қолданылады.
Сөз тура немесе номинативті мағынасында заттар мен қүбылыстарға тікелей бағытталады дедік. Мысалы, үй, быік, бару деген сөздердің эрқайсысының белгілі-белгілі номинативті мағынасы бар. Бүлардың бірі, мысалы, үй белгілі бір затты (баспансіны) тікелей атаса, екіншісі (биік) - сапаны, үшіншісі (бару) цимылды атайды. Бүл сөздердің осы номинативті мағыналарында басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі мен шеңбері олардың заттық-логикалық қатынасымен, яғни сол сөздермен белгіленетін шындық болмыстағы қүбылыстардың өзара катынасымен белгіленеді. Мысалы, үйдің биік немесе аласа, кец немесе map болуы, жылы немесе салцын болуы, ағаштан немесе кірпіштен салынуы мүмкін. Осыған орай, үй сөзі биік, аласа, кец, map, агаш, кірпіш, жылы, салцын деген сөздердің әрқайсысымен тіркесіп, биік уй, аласа үй, кец үй, map үй, агаш үй, кірпіш үй, жылы үй, салцын үй түрінде жүмсала береді. Сондай-ақ, биік, бару деген сөздер туралы да осыны айтуға болады. Бүл сөздердің номинативті мағынасында басқа сөздермен байланысы заттық-логикалық жағынан байланыса алатын қүбылыс немесе зат атауларымен тіркесіп жүмсала береді. Мысалы, биік деген сын-сапа көптеген заттармен қүбылыстарға тэн болғандықтан, бүл сөз де (биік) олардың (заттар мен қүбылыстардың) атаулары - көптеген сөздермен тіркесе алады (мысалы: биік may, биік царагай, биік терек, биік үй, биік өкше жэне т.б.).
Бір сөзде бірнеше номинативті мағына болуы мүмкін. Алайда соның ішінде біреуі негізгі болады да, қалғандары туынды болады. Акад. В.В.Виноградов мүндай мағыналарды номинативті, туынды мағыналар (номинативно-производные значения) деп атайды. Мысалы, қазақ тілінде аяц деген сөз негізгі номинативті мағынасында дене мүшесін (Бүраң бел, бойы сүлу, кішкене аяц, Абай) білдіреді. Ал жүмыстың аяғы, жиналыстың аяғы т.б. осы тәріздес тіркестерде «соң» деген мағынаны білдіреді. Бүл соңғы мағына - аяц деген сөздің номинативті туынды мағынасы. Күту деген сөздің негізгі номинативті мағынасы - «тосу, аялдау»; сонымен бірге, бүл сөздің «сыйлау, цүрметтеу» деген номинативті туынды мағынасы да
бар. Мысалы, Итбайдың жацсы күтуіне Ажар цайран кал Д ы (С. М ү кан о в). Қыцыратцымай, оң шырайымен күтсін (М.Әуезов). Сөздің туынды мағынасы оның негізгі номинативті мағынасы арқылы, соның негізінде үғынылады. Негізгі номинативті мағына эр түрлі туынды, келтірінді мағыналардың тірегі, ең негізгі арқауы болып саналады.
Ал ну орман, цас батыр, тас төбе, су жаңа, мидай дала, асцар may, шырт үйцы, тал тусте, цыпша бел, оймац ауыз деген сөз тіркестерінің қүрамындағы ну, цас, тас, су, мидай, асцар, шырт, тал, цыпша, оймац деген сөздердің осы тіркестердегі мағыналары мен қолданылу өрісіне назар аударсақ, бүлардың жоғарыда аталған номинативті мағынасы бар сөздерден мүлдем басқаша екенін көреміз. Ну орман деген сөз тіркесіндегі ну сөзі «қалың», «ит түмсығы өтпейтін» деген мағынаны білдірсе, кас батыр деген сөз тіркесінің қүрамындағы уас сөзі "нағыз" деген мағынаны білдіреді. Мүнымен бірге, бүл сөздер бірді-екілі сөздермен ғана тіркеседі. Жоғарыда аталған тас төбе, су жаңа, мидай дала, тал түсте, асцар may, шырт үйцы, цыпша бел, оймац ауыз деген сөз тіркестерінің қүрамындағы бірінші сыңарлардың (сөздердің) осы тіркестердегі мағынасында колданылу өрісі өте-мөте тар, басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп жүмсалуға икемсіз. Бүл сөздердің аталған сөз тіркестеріндегі мағынасында басқа сөздермен тіркесіп жүмсалуға икемсіз болуының себебі неде? Мүның себебі: олардың мағынасы номинативті (еркін) мағына емес, фразеологиялық байлаулы мағына. Енді, сөздің лексикалық мағынасының осы түріне тоқталайық.

  1. Фразеологиялық байлаулы мағына. Сөздің түрақты сөз тіркестерінде көрінетін (жүзеге асатын) лексикалық мағынасы фразеологияльқ байлаулы магына деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаның табиғаты сөздің тура немесе номинативті мағынасынан басқаша болады. Сөз өзінің номинативті мағынасында заттар мен қүбылыстарға тікелей бағытталып, көптеген сөздермен тіркесіп жүмсалуға икем болса, фразеологиялық байлаулы мағынасында тек белгілі бір сөздермен ғана тіркесіп, санаулы ғана түрақты сөз тіркестерінің қүрамында қолданылады. Мысалы, су деген сөздің су цүю, су тасу, сумен жуу, су төгу деген сөз тіркестеріндегі мағынасы - номинативті (еркін) мағына. Су деген сөз номинативті мағынасында басқа да сөздермен емін-еркін тіркесе береді. Ал су жаңа немесе судай жаңа деген түрақты сөз тіркестерінің қүрамындағы су, судай деген сөздердің «өте, тіпті» деген мағынасы - фразеологиялық байлаулы мағына. Бүлай дейтініміз мынадан: біріншіден, - су, судай деген сөздердің "өте, тіпті" деген мағнасы - разеологиялық байлаулы мағына. Бүлай дейтініміз мынадан: біріншіден, - су, судай деген сөздер "өте, тіпті" деген мағнасында басқа сөздермен емес, тек жаңа сөзімен (су жаца, судай жаңа) немесе қараңғы сөзімен ғана (су цараңгы) тіркеседі; екіншіден бүл сөздер {су, судай) "өте, тіпті" деген мағынаға басқа сөздермен тіркескенде емес, жаңа жэне қараңғы деген сөздермен тіркескенде ғана ие болады. Сонымен, сөздің лексикалық мағыналарының айрықша бір түрі - фразеологиялық байлаулы мағына белгілі бір түракты сөз тіркестеріне телініп, соған маталып байланады. Лексикалық мағынаның мүндай түрі түрақты сөз тіркестерінде ғана көрініп, белгілі бола алады. Сондықтан да ол байлаулы (связанное) деп аталады. Бүлай деп атауда оны еркін (номинативті) мағынадан ажыратудың қажеттілігі де ескеріледі. Лексикалық мағынаның бүл түрінің фразеологиялық «байлаулы мағына» деген терминмен аталуында тағы да мынандай мэн бар: бүл мағына сөздердің еркін тіркесінде емес, фразеологиялық оралым деп аталатын түрақты тіркестерде ғана көріне алады. Аталған терминнің бірінші сыңарының мэні осы ерекшелікпен байланысты.

Сөздің лексикальщ мағыналарының бүл түрінің түрақты сөз тіркестеріне телініп маталуын жэне оның сол тіркестерде ғана көрініп белгілі болуын басқа мысалдардан да көруге болады. Қазақ тіліндегі мидай деген сөздің "жазық" деген фразеологиялық байлаулы мағынасы айқындалады. Осы аталған мағынасында мидай деген сөз басқа ешбір сөзбен жанаспай, тек дала деген сөзбен ғана тіркеседі.
Фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөзді онымен мәндес келетін басқа бір сөзбен ауыстыруға болады. Мысалы, тас цараңгы немесе тастай цүраңгы деген түрақты сөз тіркестерінің қүрамындағы тас немесе тастай деген сөздердің фразеологиялық байлаулы мағынасына өте, тіпті деген сөздердің бірі мэндес келіп, оны мағыналық жақтан алмастыра алады. Сондай-ақ ата мекен, немесе ата жау, мидай дала деген сөз тіркестерінің қүрамындағы ата деген сөздің орнына ежелгі деген сөзді, мидай дегеннің орнына жазыц деген сөзді қойып, ежелгі мекен немесе ежелгі жау, жазыц дала деген түрде айтуға болады. Бірақ бүлай еткенде, ежелгі мекен, ежелгі жау, жазъц дала дегендер түракгы тіркес болудан қалады жэне бейнелілігін жояды. Фразеологиялық байлаулы мағынасы онымен мағынасы жағынан мэндес келетін сөзбен алмастырып айтуға мүмкіндік болғанымен, ол мағына (фразеологиялық байлаулы мағына) синонимдік қатарлардың жасалуына негіз бола алмайды. Фразеологиялық байлаулы мағынасы бар сөзді басқа сөзбен алмастырып айту ол мағынаның қандай мағына екенін айқындау үтттін ғана қажет.
Сонымен сөз фразеологиялық байлаулы мағынасында бірен-саран сөздермен ғана тіркесіп қолданылады да, оның мағынасы туракты сөз тіркестерінің курамында айқындаладьғ Мысалы, жоғарыда аталған сипа мекен, ата жау деген сөз тіркестерінің кұрамындағы ата деген сөздің "ежелгі, ертеден бері келе жатқан" деген фразеологиялык байлаулы мағынасы осы тіркестердің курамында ғана айқындалып, белгілі бола алады. Ал ата деген сөздің "арғы әке" деген мағынасы - номинативті мағына. Бул мағынасында ата деген сөз көптеген сөздермен тіркесіп жүмсала береді. Аталы деген сөздің "жүйелі, мэнді, орынды" деген фразеологиялық байлаулы мағынасы аталы сөз деген туракты сөз тіркесінде ғана аңғарылады.
Фразеологиялық байлаулы мағына сөздің лексикалық мағыналарының бір түрі ретінде эр түрлі тілдердің лексикасындағы сөздердің мағыналық мазмүнына еніп қалыптасқан.
Сөздіктерді сөздің негізгі номинативті мағынасы мен туынды номинативті мағынасы жэне фразеологиялық байлаулы мағыналары лексикалық мағыналардың эр басқа түрлері ретінде қарастырылып, бір-бірінен ажыратылып беріледі.

  1. Синтаксистік шартты мағына. Сөз жеке дара күйінде емес, эдетте, сөйлемде қолданыладьғ Сөз сөйлемде қолданылу ыңғайына қарай дағдылы (негізгі немесе туынды номинативті) мағынасынан өзгеше, басқа бір мағынаға ие болуы мүмкін.

Сонымен сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруына байланысты туған лексикалық мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады. Мысалы, қазақ тілінде түлкі деген сөз негізгі номинативті мағынасынан («аңның бір түрі») басқа мағына - «қу, алаяқ» деген мағынаны (мысалы: Ол бір тулкі) білдірсе, орыс тілінде голова деген сөз "бас" деген негізгі номинативті мағынасымен бірге "өте ақылды адам" деген мағынаны да білдіреді. Қазақ тіліндегі түлкі, орыс тіліндегі "голова " деген сөздердің соңғы мағыналары ("ала аяқ", "қу", "өте ақылды адам") - синтаксистік шартты мағыналар. Бүл мағыналар ("ала аяц”, "қу", "өте ацылды адам”) аталған сөздердің белгілі бір синтаксистік қызметте, атап айтқанда, баяндауыштық қызметте, жүмсалуына байланысты туған үстеме мағыналар болып саналады.
Синтаксистік шартты мағынаға қазақ тіліндегі жылан деген сөздің "жауыз" деген мағынасын (мысалы: Хан емессің, ылацсыц, цара шүбар жылансыц. Махамбет.) жатқызуға болады.
Сөздің синтаксистік шартты мағынасы көбінесе белгілі бір эмоцияны білдіреді. Ондай эмоция не жағымды, не жағымсыз болуы мүмкін. Мысалы есек деген сөздің қолданылысынан туатын синтаксистік шартты мағынаның («топас») экспрессивті- эмоционалъды сипаттамасы жагымсыз болса, сүңқар деген сөздің қолданысынан туатын синтаксистік шартты мағынаның («таңдаулы үтттқыттт») экспрессивті-эмоциональды сипаттамасы жағымды.
Фразеологиялық байлаулы мағынада немесе синтаксистік шартты мағынада қолданылатын сөздердің де басым көпшілігінің нормативті (тура) мағынасы болады. Мысалы, жоғарыда келтірілген сөздердің эрқайсысының фразеологиялық байлаулы мағынасынан немесе синтаксистік шартты мағынасынан басқа тура мағынасы да бар. Түлкі деген сөз синтаксистік шартты мағынасында "қу", "ала аяқ" дегенді білдірсе, тура немесе номинативті мағынасында "аңның бір түрін" білдіреді. Ана деген сөз ана тілі деген түрақты тіркесте "туған, өз" деген мағынаны(мысалы: Сүйемін myscm тілді, ана тілін, Бесікте жатцанымда-ац берген білім. Сүлтанмахмүт.) білдіреді. Бүл мағына оның фразеологиялық байлаулы мағынасы болса, "шеше" деген мағынасы - негізгі тура мағынасы. Бүл айтылғандардан бір сөздің мағыналық мазмүнына эр түрлі лексикалық мағыналардың (тура немесе номинативті мағына мен фразеологиялық байлаулы мағына жэне синтаксистік шартты мағына) сыйысып кететіндігін көреміз. Кейбір сөздерде тек қана фразеологиялық байлаулы мағына болады. Мысалы, цыпша бел дегендегі цыпша, шалцар көл дегендегі шалцар, ну орман дегендегі пу деген сөздердің мағынасы - тек фразеологиялық байлаулы мағына (цыпша деген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы - «жіңішке», шалцар дегеннің фразеологиялық байлаулы мағынасы «кең», ну дегеннің мағынасы - «қалың, ит түмсығы батпайтын»),
Сонымен, мағыналық жақтан қүбылып, эр түрлі мағынада жүмсалу тілдегі эр алуан сөздерге тэн қүбылыс болып саналады. Белгілі бір сөздің негізгі (тура) мағынасы мен туынды (келтірінді немесе ауыспалы) мағыналары сол сөздің мағыналық мазмүнын қүрастырады.
Сөз мағыналарын қарастырғанда, мағына мен қолданылысты бір-бірінен ажырата білу қажет. Сөздің қолданылу ерекшеліктерінен туатын түрлі өзгерістердің бэрі бірдей дербес мағына ретінде таныла бермеуі мүмкін. Мүның мәнісі мынадай: сөз, әдетте, жеке күйінде жүмсалынбай, сөйлем ішінде басқа сөздермен тіркесе қолданылады. Сөйлемде(немесе мэнмэтінде) сөз дағдыдан тыс, басқаша мағыналық реңк алуы мүмкін Сөздің жалпы халықтық тілдегі үйреншікті мағынасы басқаша реңк алуы көбінесе көркем шығармалардың тілінде жиі үшырасады. Ақын не жазушы белгілі бір қүбылысты суреттеп, оны бейнелі түрде айтып жеткізу үшін, кейде сөздерді тыңнан тіркестіреді, соны сөз өрнегін жасайды. Жазушы қаламынан туған образды, соны тіркестерде сөз де тіптен тың, мағыналық жаңа реңкке ие болуы мүмкін. Бірақ мүндай мағыналық реңкті сөздің түрақты, үйреншікті мағыналарының бірі деп санауға да, олардың қатарына жатқызуға да болмайды. Мысалы, Татулыцты, тътыштъщты, Қоцыр көрер, кем көрер (Абайдан) деген сөйлемдегі цоцыр деген сөз көрер деген сөзбен тіркесіп, Абайдың сөз қолданысында "олцы(көрер), царабайыр (көрер), үнатпсіс, жацтырмас" дегенді білдірсе, Жүректің сөзін сөйле, тіл, жалганы жоц, бояма (бүл да Абайдан) деген сөйлемдегі жүрек сөзі "шындық, адалдық" деген мағынаны білдіреді. Алайда, мүндай "мағыналар" цоцыр мен жүрек деген сөздерге тэн емес жэне олардың қалыптасқан, түрақты мағыналары болып саналмайды. Бүлар аталған сөздердің қолданылу ерекшелігінен туған мағыналық реңк түрінде ғана танылады да, өз алдына дербес мағына емес, қолданылыс ретінде қаралады. Жеке ақын, жазушының сөздерді тыңнан тіркестіруіне орай туған мүндай ерекшеліктер, жалпы халықтық сипат алмайынша, тілдің сөздіктерінде қарастырылатын сөздердің мағыналық мазмүнына енбейді. «Мағына мен қолданылысты бір-бірінен ажырата білу керек» дегенде, мэселенің осы жағының жоғарыда баяндалған сыр-сипатына назар аударудың қажеттілігі ескеріледі. Полисемия қүбылысын жэне сөздің лексикалық мағыналарының жоғарыда аталған түрлерін жете білудің сөз мағыналарының типтерін ажырата білуде, әсіресе эртүрлі сөздіктерді жасауда үлкен мэні бар.
Полисемия қүбылысының лингвистикалық табиғатын дүрыс түсіне білу қажет. Тіл білімінің тарихында бүл қүбылысты теріс түсінушілер, қате пікірді уағыздаушылар болды. Мысалы, Н. Я. Марр мен оны жақтаушылар жэне кейбір шетел ғалымдары (мысалы, француз ғалымы Леви-Брюль) полисемия қүбылысын тілдің көне дэуірінің қалдығы деп есептеді. Шындығына келгенде, сөздің эртүрлі туынды мағыналарға ие болуы, мағыналық қор жиналуы жэне осының нәтижесінде көп мағыналы сөзге айналуы тілдің даму барысында іске асады. Тілдің даму процесінде тыңнан жаңа сөздер жасалып қоймайды, сонымен бірге сөздің мағыналық аясы кеңіп отырады. Тіл-тілдің сөздік қүрамындағы көп мағыналы сөздер тілдердің кедейлігін емес, байлығын, мағыналық мүмкіндігінің молдығын жэне икемділігін көрсетеді. Асылында, тілдің лексикалық байлығы ондағы сөздердің санының молдығымен ғана өлшенбейді (бүл да, әрине, маңызды), сонымен бірге ондағы сөздердің мағыналық аясыньщ кеңдігі, эр түрлі ауыспалы, бейнелі мағыналарда қолданылу мүмкіндігінің молдығымен де өлшенеді. Түрлі тілдердегі полисемантизмді сөздер осындай қасиеттерге ие сөздер ретінде қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет